47) тармақша алып тасталсын;
49), 51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«49) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiшi - техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат;»;
«51) ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;
52) ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;»;
мынадай мазмұндағы 53-1) және 55) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;»;
«55) шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.»;
3) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы»;
1-тармақтағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.»;
5) 6-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;»;
6) 7-бапта:
бірінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;»;
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;»;
«11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
екінші бөлікте:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;»;
«3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;»;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.»;
үшінші бөліктің 7) тармақшасындағы «(салыстырмалар)» деген сөз «(салғастыру)» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 8-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;»;
8) тармақшадағы «дайындауды жүзеге асырады.» деген сөздер «дайындауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын;
«9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Ақпарат орталығы
1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:
1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;
3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 11-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу;
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.»;
10) 12-баптың 3-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;»;
«5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;»;
11) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды;»;
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры
1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.»;
13) 16-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
14) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың құзыретi тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.
Бiлiктiлiк аттестаттарын алған тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгiзiледi.
4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия кемiнде бес адамнан құралуға тиiс. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.
6. Аттестаттаудан өту үшiн тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияға мынадай құжаттар:
1) өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;
4) оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;
5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;
6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс.
7. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
8. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.»;
15) 20-бапта:
1-тармақта:
3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;»;
«6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;»;
мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) үкіметтік емес стандарт;
8) консорциум стандарты;
9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Ұлттық стандарттар
1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
2. Ұлттық стандарттар:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
5. Ұлттық стандарттарда:
1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.»;
17) мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-баптармен толықтырылсын:
«21-1-бап. Алдын ала ұлттық стандарттар
1. Алдын ала ұлттық стандарттар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
2. Алдын ала ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.
3. Алдын ала ұлттық стандарттарда белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық және өңірлік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
4. Алдын ала ұлттық стандарттар ұлттық және өңірлік стандарттарды қайталамауға тиіс.
5. Алдын ала ұлттық стандарттар сәйкестікті растау мақсаттары үшін қабылданады.
21-2-бап. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары
1. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар үшін әзірленеді.
2. Үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарында белгіленген сапа көрсеткіштері ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарда белгіленген көрсеткіштерден төмен болмауға тиіс.
3. Үкіметтік емес стандарттар ұлттық, өңірлік және халықаралық стандарттарды қайталамауға тиіс және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді болуға тиіс.
4. Консорциум стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін консорциум айқындайды.
5. Үкіметтік емес стандарттарды республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.»;
18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерi
1. Экономика салаларында пайдаланылатын және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық ақпарат жiктелуге және код қойылуға жатады.
2. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеу ұлттық стандарттау жөнiндегi жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi.
3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және өзектi етуді жүзеге асырады.
Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оған код қою жүйесiн құру мен оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
19) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымдардың стандарттарын ұйымдардың ішінде қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне, оның ішінде өнімнің құрамдас бөліктеріне, терминологияға, қабылдау және бақылау жүйесіне, технологиялық жарақтауға, құралға, сондай-ақ менеджмент жүйесі, өндіріске әзірлеу және қою шеңберінде ұйымдардағы қызметті басқаруға ұйымдар дербес әзірлейді және бекітеді және олар уәкілетті органда есепке алуға және тіркеуге жатпайды.
Ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын белгілейтін стандарттары техникалық регламенттердің және олармен үйлестірілген стандарттардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
21-тармақтың 19) тармақшасының бесінші абзацы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Ұйымдардың стандарттары өнімді нарыққа айналымға шығару үшін қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ұйым нарыққа айналымға шығаратын өнімге қолданыста техникалық регламент болмаған кезде алдын ала ұлттық стандарт әзірленеді және бекітіледі.»;
20) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.
2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
2) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.
5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.»;
21) 3-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Өнімді каталогтау жүйесі
1. Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтау жүйесінде тіркелуге жатады.
3. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге:
1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары;
2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.
4. Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
5. Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді;
бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
6. Өндіруші каталог парағындағы мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.
7. Уәкілетті орган өнімді:
1) өндіруші таратылған;
2) өндіруші өтініш жасаған;
3) өнімді каталогтау жүйесіне өнімнің енгізілуі (қосылуы) үшін негіз болған анық емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайларда өнімді каталогтау жүйесінен алып тастайды.
8. Осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда уәкілетті орган өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына өнімнің каталогтау жүйесінен алып тасталғаны туралы хабарлама жібереді.»;
22) 30-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері қоса берілмеуі мүмкін.»;
23) 33-баптың 1-тармағы «шарттарға» деген сөзден кейін «немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 40-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мынадай жағдайларда:
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмегенде;