3) 9-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы және 70-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» және «мемлекеттiк стандарттардың» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарды» және «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 73-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
6-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 3), 11) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi;»;
«11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;»;
«17) өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;»;
2) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 2-тармағында:
3-1) тармақша алып тасталсын;
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
12) тармақшадағы «біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады» деген сөздер «біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалар мiндеттi түрде қолдануға тиiс.»;
5) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.»;
6) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан;»;
7) 14-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.»;
8) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.»;
9) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
10) 16-2-бап «қамтамасыз ету жөнiндегi» деген сөздерден кейін «нормативтік құқықтық актілер мен» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 17-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі «аттестаттаудан өтпеген» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу кезінде аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
13) 19-баптың 4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.»;
14) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдарына осы Заңның 19-бабына сәйкес калибрлеу немесе салыстырып тексеру ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарының дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын тәртіппен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына да бағындырылған эталондар пайдаланыла отырып орындалады.
Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар сәйкестікті бағалау саласында ерікті түрде аккредиттеледі.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгімен немесе метрологиялық сипаттамалардың шын мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.»;
15) 22-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн метрологиялық қағидалар мен нормаларды сақтау тұрғысынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;
5) өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың саны;»;
16) 23-бапта:
2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;»;
«6) қару-жарақ, әскери техника өндіру;»;
8) тармақша алып тасталсын;
17) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың» деген сөздер «өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.»;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «салыстырып тексеру» деген сөздер «өлшем құралдарын салыстырып тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «тыйым салуға құқығы бар.» деген сөздер «тыйым салуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.
Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
19) 5-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
20) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу»;
21) 31-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, мемлекеттік метрологиялық қызметке тиесілі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.»;
2-тармақта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
27-баптың 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларындағы «мемлекеттiк стандарттардың» және «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттардың» және «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 20-баптың 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 31-1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк нормалар мен стандарттардың» деген сөздер «ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
4-баптың 2) тармақшасындағы және 7-баптың 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын.
15. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 20), 22) және 30) тармақшаларындағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 12) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 1-тармағында:
12) тармақшадағы «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «мемлекеттiк стандарттарда» деген сөздер «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-1-баптың 13) тармақшасындағы және 9-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарды» және «мемлекеттiк стандарттар» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарды» және «ұлттық стандарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 2-2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 20-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттарға» және «мемлекеттік стандарттарда» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандарттарға» және «ұлттық стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 4, 95-құжат; 2011ж., № 11, 102-құжат):
7-баптың 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарды» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):
7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
21-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттiк стандарттарға» деген сөздер «ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат, № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
51-баптың 6-тармағындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттарын» деген сөздер «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттiк стандарттармен» деген сөздер «ұлттық стандарттармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.»;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;»;
«9-1) консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;»;
12) тармақша алып тасталсын;
13), 14) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;
14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - ұйымдар стандарттарын және консорциум стандарттарын қоспағанда, техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;»;
«16) мiндеттi сертификаттау - сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;»;
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 18-1) және 31-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
17-2) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры - мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы;»;
«18-1) өнімді каталогтау жүйесі - өнімнің сипаттамасы мен дайындаушылары туралы ұйымдастырушылық-техникалық ақпараттық жүйе;»;
«31-1) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) сәйкестікті растау саласындағы құжат - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;»;
36) тармақша алып тасталсын;
38) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«38) стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;»;
«43) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;»;