Қарсылықты қарау нәтижелерi бойынша мынадай:
1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;
3) қарсылықты қарау мерзімін кейінге қалдыру туралы;
4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.
5. Апелляциялық кеңес алқасы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде апелляциялық кеңестiң шешiмiн әзiрлейдi және тараптарға жiбередi. Апелляциялық кеңестiң шешiмi жазбаша нысанда баяндалады және ол кiрiспелiк, сипаттамалық, дәлелдемелiк және қарарлық бөлiктерден тұруға тиiс.
Апелляциялық кеңестiң шешiмiне апелляциялық кеңес алқасының барлық мүшелерi қол қояды.
42-бап. Дауларды қарау
1. Сот тәртібімен қарауға:
1) куәлiк берудiң заңдылығы туралы;
2) тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу туралы;
3) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасу және оларды орындау туралы;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп танудың заңдылығы туралы;
4) куәлiктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама жасау ұйымы сот шешiмi негiзiнде тiркеуге қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердi жариялайды.
43-бап. Заңды және жеке тұлғалардың тауар таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгізу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде (Интернетте және басқаларда) рұқсатсыз пайдалану да тауар таңбасы иесiнiң айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзу болып табылады.
2. Қорғалатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi осы Заңның талаптарын бұза отырып бiртектес тауарларға пайдаланғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
44-бап. Тауар таңбасы иелерiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзған тұлғалардың мiндеттерi
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын не араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi заңсыз пайдаланған тұлға:
1) жолсыздықты тоқтатуға және тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiне ол шеккен залалдың орнын толтыруға;
2) дайындалған тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының кескiнiн жоюға, тауардан, оның бумасынан, бланкілерден немесе басқа құжаттамадан заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiнi алып тастауға мiндеттi. Осы талапты орындау мүмкiн болмаған кезде тиiстi тауар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жойып жiберiлуге тиiс.
13-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-бап. Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының іс-әрекеттеріне ақы төлеу
Уәкілетті органның куәліктерді, сертификаттарды беру, шарттарды тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, тауар таңбасын тіркеуге өтінімдер, тауар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінімдер қабылдауды тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына сараптама жүргiзудi, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына құқықтарды беру туралы шарттарға немесе лицензиялық шарттарға (қосалқы лицензиялық шарттарға), сараптама жүргізуді және оларға қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер туындататын өзге де іс-әрекеттерді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.
2005.22.11. № 90-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және зияткерлiк меншiк саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу үшін уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының қызметкерлері арасынан аттестаттау комиссиясын құрады. Бұл ретте, аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ең аз саны кемінде бес қызметкерден тұрады.
Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардан өтініштердің келіп түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.
Аттестаттау комиссиясы аттестаттау нәтижелері бойынша кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Аттестаттау комиссиясы шешім шығарған кезден бастап үш ай ішінде мұндай шешімге сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларға куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мемлекеттік баж алынады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға ты-йым салынған адамдар;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;
3) қылмыс жасағаны үшін заң тәртібінде белгіленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 46-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта жалғастырылады.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) тауар таңбасының иесі дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.
5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына және тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына қатысу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкіл тауар таңбаларына (қызмет көрсету таңбаларына) және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдер беруге және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге арналған сенімхаттың көшірмесін ұсынған жағдайда, көрсетілген өтінім немесе қарсылық берілген кезден бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл тиісінше сараптама жасау ұйымына және уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Түпнұсқалылығы расталғаннан кейін сенімхаттың түпнұсқасы қайтарылуға жатады.
Егер сенімхат шет ел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.
4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды
46-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы баптың 4), 5), және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тізілімнен шығарылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенiм білдірілген өкілдің өзінің немесе соған негізі бар үшінші тұлғалардың өтініші негізінде аттестаттау комиссиясының шешімімен қайтарып алынады.
Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы негіздер бойынша тізілімнен шығарылған патенттік сенiм білдірілген өкіл өзін тізілімнен шығаруға себеп болған негіздер тоқтатылып, тізілімнен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде аттестаттау комиссиясына өтініш берген жағдайда, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
5. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы Заңда белгіленген өз міндеттерін адал орындамаған жағдайда, уәкілетті орган құрамы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың пікірінше, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкілдердің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған іс-әрекеттеріне олардың шағымдарын қарайды.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің іс-әрекеттеріне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысуға құқылы.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия уәкілетті органға патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдауға ұсыным жасайды не мынадай:
1) дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымның қаралуын кейінге қалдыру туралы;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган белгілейді.
47-бап. Шет елдерде тіркеу
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары тауар таңбасын шет елдерде тіркеуге немесе оны халықаралық тіркеуден өткізуге құқылы.
Тауар таңбасын халықаралық тіркеуден өткізуге өтінім сараптама жасау ұйымы арқылы беріледі.
2. Тауар шығарылған жер атауын шет елдерде тіркеу ол Қазақстан Республикасында тіркеліп, осы тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы алынғаннан кейін жүргізіледі.
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бірдей пайдаланады және атқарады.
Қазақстан Республикасының