Көрсетiлген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын лицензиар адвокаттар алқасы төралқасының ұсынымы немесе аумақтық әділет органының ұсынысы негізінде не адвокаттың өтініші негізінде тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi.
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру адвокаттық қызметпен оның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде айналысуға тыйым салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта жалғастыру адвокаттың өтiнiшi бойынша күнтізбелік он күн iшiнде лицензиардың бұйрығы және оның қолданысын тоқтата тұру үшiн негiздердiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының қайта жалғастырылғаны туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
5. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта жалғастырудан бас тарту туралы шешiмге адвокат сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 1-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (осы толықтыру 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен енгізілген өзгеріске дейін қолданылған 12-баптың бұрынғы редакциясында ескерілген)
1-1) 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату лицензиардың талап-арызы бойынша:
1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды лицензиар:
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар-ошарсыз кетті деп танылған;
2) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;
4) қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Адвокаттың өкiлеттiктерiн куәландыру
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.
2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсырманы орындау үшiн қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Адвокаттың құқықтары
1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:
1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы білімдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актілерінде көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына белгіленген тәртіппен өзінің адвокаттық куәлігін көрсетуі бойынша еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқықты.
Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат:
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Адвокаттардың кәсiптiк әдебі кодексiнiң нормаларын сақтауға;
2) өзiнiң кәсiптік қызметiнде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алуға;
3) өзiнiң кәсiптік бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруға;
4) заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге;
5) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты нотариатта куәландыруға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлікпен басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктен табыс алуға құқығы бар;
6) сенім білдірушінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген іс-әрекетті орындауға міндетті.
2. Адвокат, егер:
1) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiне қайшы келетiн iстiң нәтижесінде жеке мүддесi болса;
2) Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасында көзделген негіздер болса, заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн адамға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.
4. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
5. Адвокаттың коммерциялық ұйымның байқау кеңесiнiң құрамына кіру, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақылы лауазымда болуына тыйым салынады.
Адвокат адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында және адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы немесе тағайындалатын лауазымға сайлануға құқылы.
16-бап. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;
2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;
3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;
4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi
1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға не осы қызметке қандай да болмасын тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады.
2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.
3. Адвокаттан өз кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.
4. Адвокаттардан, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерінен,адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.
5. Адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.
6. Адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
7. 2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Анықтау және алдын ала тергеу органдары, iс жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келісілген мерзiмде тергеу және өзге iс жүргiзу әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.
9. Мемлекеттік қызметшiлер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi.
10. Адвокаттардың қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Адвокат құпиясы
1. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
2. Адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келісімiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.
4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысандары
Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңес құруға құқылы.
Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс.
Заңды тұлғаны тіркемей-ақ кәсіптік қызметін дара жүзеге асыратын адвокаттың азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға, адвокаттық іс жүргізуді сақтауды және адвокаттық құпияны сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға қажетті қызметтік үй-жайы болуға міндетті.
ҚР 03.06.03 ж. № 425-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Адвокаттар алқасы
1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға біліктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс.
4. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:
1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;
2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
4) алдынала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бірігеді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
21-бап. Адвокаттар алқасының жарғысы
1. Адвокаттар алқасының жарғысы:
1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;
2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;
3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртібін;
4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыретiн;
5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртібін;
6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртібін;
7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртібін;
8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртібін және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртібін;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы қағиданың негізінде адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін;
10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртібін;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш жасау тәртібін;
12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібін;
13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.
2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.
22-бап. Адвокаттар алқасының органдары
1. Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы - төралқа, бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.
2. Жоғарыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.
23-бап. Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерістер енгізу туралы шешiмдер қабылдау;
2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;
3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекіту;
4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау мен бекіту;
5) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;
8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде төлейтін және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілеу;
2011.28.12. № 523-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін ай сайынғы мүшелік жарна ставкаларын белгілеу жатады, бұл ретте кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аспайтын адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар белгіленген ставканың елу пайызы мөлшерінде ай сайынғы мүшелік жарналарды төлейді.
3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсінше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқылы.
4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқасы төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.