ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160-1) тармақшамен толықтырылды
160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;
161) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ кедендік шекара арқылы тауар айналымын жеделдету бойынша міндеттерді іске асыру;
162) төмен тұрған кедендік органның және кеден органы лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
163) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құқық бұзған немесе қылмыс жасауға күдікті адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының кедендік немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жөнелту;
164) кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомасын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 165) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
165) бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға бақылау материалдарын беру;
166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды бақылауды қамтамасыз ету;
167) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
168) Қазақстан Республикасының кедендік органдарына өндіріп алу жүктелген кедендік төлемдер мен салықтарды республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізуді бақылау;
169) тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауға бақылау;
170) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бекеттерінде радиациялық бақылауды жүргізу;
171) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
172) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
173) өз құзыреті шегінде кедендік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде жұмыстар жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 174) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
174) Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және болдырмауда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету;
175) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қылмыстық белгілерді қамтитын іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен бірге құқық қорғау органдарына ақпарат беру;
176) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларына тиісті жоспарлар мен бақылау актілерін хабардар ету үшін жіберу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 177) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
177-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет, бюджет заңнамасы саласында әкімшілік жаза қолдану;
178) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
179) этил спиртін, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және мұнай өнімдерін өндіруге және айналымына бақылауды жүзеге асыру жөнінде орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 180) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
180) салық төлеушілердің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
180-1) мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
181) бақылау нәтижелері бойынша жолсыздықтар анықталған соманы бюджетке өтеуді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 182) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
182) бақылау объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндетті түрде орындалуға тиіс ұсыныстарды жіберу;
182-1) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуды және өздеріне белгіленген мерзімде алуды жүзеге асыру;
182-2) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен танысу;
182-3) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту;
182-4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер беру;
183) тапсырыс берушіге және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі туралы осы фактілердің анықталған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей хабарлау;
184) ҚР Үкіметінің 2011.21.11. № 1360 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
185) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
186) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру;
187) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеден органдарының лауазымды тұлғаларын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
188) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
189) кедендік істер саласындағы жасалған құқық бұзушылықтар, оның ішінде солар бойынша тексеру жүргізу сатысында, сондай-ақ олар бойынша іс жүргізу шешімі қабылданған барлық фактілер туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинау, қорыту және талдау жасау;
190) өз құзыреті шегінде прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының сот актілерін, жазбаша тапсырмаларын орындау, оларға жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасауға жәрдем көрсету;
191) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 192) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
192) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланған кезде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және жол бермеу;
193) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру жөнінде шешім қабылдау;
194) ішкі бақылау қызметтерінің Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауын бақылау;
194-1) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
195) мемлекеттік органдардың және барлық меншік нысандары ұйымдарының салыққа жатпайтын түсімдерді тиісті бюджеттерге енгізу толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелері жөніндегі қызметін бақылау;
196) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшасы өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 197) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
197) мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне жіберілетін ұсыныстардың және бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша олар қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 198) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
198) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау, қажет болған кезде мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есеп деректерінің, материалдарының және ақпараттарының дұрыстығын тексеру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 198-1) тармақшамен толықтырылды
198-1) мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 199) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
199) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылау;
199-1) Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерін орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;
199-2) мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару, сондай-ақ берілген мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мәселелері бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша сенім білдірілген адамдармен (агенттермен) өзара іс-қимыл;
199-3) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өтеу және қызмет көрсету көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 200) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
200) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылау;
201) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау;
201-1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау;
202) төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауға қатысу;
203) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 204) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
204) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
204-1) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асыру, олардың қызметін үйлестіру, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
204-2) ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
205) мынадай салықтық бақылауды жүзеге асыру:
салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
салық нысандарын қабылдау;
камералды бақылау;
салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
салықтық тексеру;
ірі салық төлеушілердің мониторингі;
салықтық тексерістер;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-1) тармақшамен толықтырылды
205-1 тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-2) тармақшамен толықтырылды
205-2) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
206) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 208) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
208) Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
209) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
210) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салыққа жатпайтын төлемдердің түсімін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 210-1) тармақшамен толықтырылды
210-1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес соттарда талап қою арызын ұсыну;
211) трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау, мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасынан ауытқу мәселесі бойынша тексеру, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған кезде салық салу объектілерін түзету;
212) темекі бұйымдарының өндірісі және айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылау;
213) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімдерін есепке алуды және талдауды жүргізу;
214) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдері базасында және автомобильдерге құйып беру станцияларында есепті бақылау құралдарымен жабдықтау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 214-1) тармақшамен толықтырылды
214-1) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
215) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
216) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 217) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
217) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
218) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;
219) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
220) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасын бақылау шоттары және шетел валютасындағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру;
221) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
222) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
223) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
224) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
225) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
226) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту.
ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен тармақ 227 - 239 тармақшалармен толықтырылды (2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
227) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
228) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы алынған ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
229) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
230) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
231) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде құқық қорғау органдарына өздерінің құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін ақпарат жіберу;
232) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
233) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
234) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;
235) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
236) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
237) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
238) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
239) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаты үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 253 Қаулысымен тармақ 240-270 тармақшалармен толықтырылды
240) бюджеттік қаржыландыру көлемін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
241) бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
242) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
243) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оны жасау тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлейді және бекітеді;
244) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
245) фискалдық саясаттың басымдықтарын негізге ала отырып, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің болжамды параметрлерін айқындау бөлігінде Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыруға қатысу;
246) салық, кеден және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
247) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
248) бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
249) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының болжамдарын жасайды;
249-1) ерекшеліктер бөлігінде Республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді жоспарлау мен ерекшеліктер бойынша және аумақтар бөлігінде ағымдағы болжамдауды жүзеге асыру;
250) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды;
251) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы бойынша уәкілетті органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын келіседі;
251-1) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттарға, стратегиялық бағыттардың міндеттеріне өзара байланысы тұрғысынан қарау;
252) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлейді;
253) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлейді;
254) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
255) бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шоты арасында бөлу кестесін әзірлейді және бекітеді;
256) ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)