210. Бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжатнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде анықталған аукциондық құжаттаманы енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып веб-порталда, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып жариялайды.
211. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс берушіден аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімді алған күні, анықталған аукциондық құжаттаманы енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып веб-порталда, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып жариялайды.
Осы Қағидалардың 210 және 211-тармақтарында көзделген жағдайларда, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде жеті күнтізбелік күндік мерзімге ұзартылады.
Аукциона қатысуға өтінімдері мазмұны және оларды ұсыну
212. Аукционға қатысуға өтінім электронды құжат түрінде беріледі және аукционға қатысуға талаптанушы әлеуетті өнім берушінің, тауарды аукциондық құжатнамада көзделген талаптарға және шарттарға сәйкес жеткізуін (жұмысты орындауын, қызметтерді көрсетуін) жүзеге асыруға келісімін білдіру үлгісі болып табылады.
213. Ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға аукционға қатысуға талап білдіруші әлеуетті өнім берушінің өтінімі электрондық құжат түрінде мемлекеттік сатып алулар веб-порталында жасалынады және аукциондық құжатнамада санамаланған электронды құжаттар және (немесе) электронды құжаттар көшірмесінен тұратын екі бөліктен тұрады.
214. Әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін веб-порталда қарау хаттамасын жариялаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, берілген аукционға қатысуға өтінімдерін аукциондық құжатнамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендіруге құқылы.
215. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік деректер базасына жүгіну арқылы, немесе веб-порталды пайдалана отырып электронда үлгіні толтыру арқылы алынатын аукциондық құжатнаманың электрондық үлгісіне сәйкес талап етілетін жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.
216. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімін ұйымдастырушыға, оларды электронды құжат үлгісінде ұсынудың соңғы мерзімі шыққанша ұсына алады.
217. Аукциона қатысуға өтінімі веб-порталдың аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген сәтінен қабылданды деп саналады.
218. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысу үшін тек бір ғана өтінім береді.
219. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімін веб-портал мынадай жағдайларда:
1) егер әлеуетті өнім беруші аталмыш аукционға қатысуға бұған дейін өтінім берген жағдайда;
2) аукционға қатысуға арналған өтінім веб-порталға аукционға қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жағдайда;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда автоматты түрде кері қайтарады.
Әлеуетті өнім берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша аукционға қатысуы үшін ұсынатын аукциондық өтінімінің қолданылу мерзімі, аукциондық өтінімдерді ашу күнінен отыз бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.
220. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға берген өтінімдері автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
221. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда, қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін кез келген уақытта, өзінің аукционға қатысу үшін берген өтінімін, өзінің аукциона қатысуға өтінімі кепілдігін қайтару құқығын жоғалтпай өзгерте немесе кері қайтара алады.
222. Аукциона қатысуға өтініміне оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
223. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Заңның 35-5-бабына сәйкес әлеуетті өнімді беруші енгізіледі.
224. Егер әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілі ретінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 7-қосымшаға сәйкес аукционға қатысуға өтінімді берудің соңғы мерзіміне дейін беріледі.
225. Егер әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
226 Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуды қамтамасыз етуді енгізген жағдайда осы Қағидалардың 224-тармағына сәйкес ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімі;
2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты-жөні;
3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді аукцион тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу
Аукционға қатысуға өтінімдердің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
227. Аукциондық құжаттамада ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыты келген сәттен бастап, құпиялықты сақтамастан, аукциондық комиссияның хатшысына аукциондық құжаттаманың сәйкестігіне өтінімді қамтамасыз етуді қарастыру және анықтау бойынша аукционда қатысуға өтінімдерінің бірінші бөлігін ашуға мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде рұқсат береді.
228. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукционға қатысуға өтінімді банктік кепілдік түрінде ұсынылған қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
229. Аукциондық комиссия конкурсқа қатысу туралы өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылық сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға рұқсатты автоматты түрде береді.
230. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға немесе сараптау комиссиясына осы Қағидалардың 229-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
231. Сарапшы не сараптау комиссиясы аукцион комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ аукциона қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді оған қол қояды және аукциондық комиссия хатшысына береді.
232. Сарапшының қорытындысына сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
233. Сарапшының қорытындысын алғаннан кейін аукциондық комиссия хатшысы хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелеріне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының қорытындысын жариялайды.
Аукциондық комиссия сарапшының қорытындысын ескере отырып, өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарайды.
234. Аукциондық комиссия аукциона қатысуға өтінімдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
235. Аукциондық комиссия осы Қағидалардың 228-бабында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ:
1) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшеліктердің ұсынылмауы;
2) әлеуетті өнім берушінің неғұрлым үздік техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті беру жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі жағдайларында, өтінімнің бірінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
236. Аукциондық комиссия бірінші кезекте аукционға қатысу туралы өтінімдерді қарайды және аукционға қатысу туралы өтінім берілген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілерді жіберу туралы (аукцион қатысушылары ретінде таниды) шешім қабылдайды.
237. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде сарапшаның қорытындысы, аукциондық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының немесе сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.
238. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.
Аукционды өткізу
239. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі мынадай жұмыс күні болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кеш болуы мүмкін емес.
240. Аукционда аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
241. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгі құрайды.
242. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныстар береді, ол баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейді.
243. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
244. Егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
245. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
246. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
247. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы Қағидалардың 242-тармағына сәйкес аукцион өтпеді деп танылады.
248. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні автоматты түрде қалыптастырылады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарау және аукцион жеңімпазын айқындау
249. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты, осы Қағидалардың 247-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
250. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
251. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша:
1) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау;
2) аукцион нәтижелері туралы хаттамаларды ресімдейді.
252. Аукциондық комиссия аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік өнім берушілерді айқындаған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасын ресімдейді.
253. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасы мынадай ақпаратты:
1) аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуеттік өнім берушілердің тізімін;
2) аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін веб-порталдың көмегімен әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесін қамтуы тиіс.
254. Аукциондық комиссия веб-порталда автоматты түрде тіркелген аукционға қатысушылар болып танылған барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттаманы жарияған күннен бастап күнтізбелік жеті күн мерзімде аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
255. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасына веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес аукциондық комссиясының хатшысы веб-порталда жариялайды.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау туралы хаттамаға қоса тіркеледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қара тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комссиясының хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
256. Әлеуеттік өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасы ресімделмейді.
257. Осы Қағидалардың 214-тармағында белгіленген мерзімнен кейін аукциондық комиссиясының хатшысы веб-портал арқылы аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қайта қарау рәсімін бастамалайды.
258. Аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасының тізбесінде белгіленген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін оларды аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасында белгіленген құжаттар тізбесі бойынша аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру толықтығын қарайды;
2) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін, аукциондық құжаттамамен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген, олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
4) аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін келтіруге байланысты қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерінде берілген құжаттарды ауыстыруға, ресімделген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері аукционға қатысуға өтінімнің екінші бөліктерін осы Қағидалардың 214-тармағында белгіленген аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі;
5) аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және аукционның нәтижелерін келтіреді.
Әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатысы болмауы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық немесе жою рәсімдердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
259. Аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қайта қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия:
аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды;
аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды;
аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бір де бір әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылады;
аукцион қорытындылары туралы хаттаманы рәсімдейді.
260. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
аукцион хабары күнінен кейін берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесін бермеу;
аукцион хабары күнінен кешіктірілмей берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;