140. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.
141. Баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
142. Әлеуеттi өнiм берушiлер баға ұсыныстарын беру мерзімі біткенге дейін қажет болса берілген баға ұсынысын кері қайтарып алады және оларға өзгерiстер енгiзеді.
143. Мынадай жағдайларда:
1) егер осы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болса;
2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысынан автоматты түрде бас тартуына жатады.
144. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз берілген болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өтпеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алу қорытындыларын шығару
145. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін веб-порталда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашу және шығару жүргізіледі.
146. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші танылады.
147. Бірнеше әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысын берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-порталда автоматты түрде жүргізіледі.
148. Егер осы Қағидалардың 143-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қайтарғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
149. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шыққаннан кейін веб-портал оларды автоматты түрде жариялайды.
150. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың жарияланған қорытындыларында баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең төменгi баға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Бiр көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу
151. Бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:
1) мемлекеттік сатып алудың осы әдісін қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;
2) бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру үшін ұйымдастырушыны тапсырыс берушінің анықтауы;
3) тауарларды жеткізу, жұмыстарлы орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері, орындары мен шарттарын, төлеу мерзімі мен шарттарын анықтаумен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін ұйымдастырушысы әзірлемесі Заңның 32-бабының 1) және 3) тармақтарында көзделген жағдайда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде;
4) Ұйымдастырушының Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәліметті қамтитын бір көзден электрондық мемлекеттік сатып алу әдісімен қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге жіберуі;
5) электрондық мемлекеттік сатып алулар бір көзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылған жағдайларды есепке алмағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарын қарастыру;
6) веб порталда бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алу туралы хаттаманың жариялануы.
152. Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің әзірленуі және тапсырыс берушінің олардың техникалық ерекшеліктерін бекітуі талап етілмейді. Бұл жағдайда өтілмеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанында көзделген оларды төлеудің шарттары мен қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау, тауарды жеткізудің мерзімі мен орны, және де шарттары, сатып алынатын тауарлар, жұмыстардың техникалық ерекшелігі қолданылады.
153. Ұйымдастырушы, тапсырыс берушінің бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруы туралы шешім қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде веб-порталда тіркелген әлеуеттi өнiм берушiге веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді, сондай-ақ шақыруды осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық құжат түрінде орналастырады.
Бiр көзден алу (лоттар) тәсiлiмен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес веб-порталда ресімделеді.
Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде, Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген шақыруда қамтылған мәліметтер, өтпеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанының шарттарына сәйкес болуға тиіс. Сонымен бірге, өтпеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанында көзделген мерзімдердің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ он бес күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
154. Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер мен конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайларда, ұйымдастырушы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер мен конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіні айқындайды және оған бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
155. Заңның 35-9-бабының 1-тармақшасында және Заңның 16-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымдастырушы аукцион немесе конкурсқа қатысқан әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін және ұйымдастыратын кезде тапсырыс беруші Заңның 16-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда аукционға немесе конкурсқа қатысқан әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
156. Заңның 16-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны есептемегенде, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға сәйкес анағұрлым көп шартты жеңілдігі бар әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 16-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізген және ұйымдастырған жағдайда тапсырыс беруші Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны есептемегенде, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға сәйкес анағұрлым көп шартты жеңілдігі бар бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
157. Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде тапсырыс беруші, конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
158. Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда, ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз болған конкурс қатысушысына бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші, конкурстық баға ұсынысы жалғыз болған конкурс қатысушысына бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
159. Заңның 16-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымдастырушы, конкурстық баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған конкурс қатысушысына бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 16-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші, конкурстық баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған конкурс қатысушысына бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
160. Заңның 35-6-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда, ұйымдастырушы аукционның қатысушысы деп танылған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 35-6-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру кезінде аукционның қатысушысы деп танылған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
161. Заңның 35-7-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда ұйымдастырушы аукционның қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 35-7-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру кезінде, аукционның қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан әлеуетті өнім берушіні анықтайды және оған бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
162. Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда ұйымдастырушы баға туралы ұсынысы ең аз болып келетін әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы шақыру жібереді.
Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру кезінде, баға туралы ұсынысы ең аз болып табылатын әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
163. Заңның 32-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымдастырушы егер бірде бір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алуға қатыспаған жағдайда, тапсырыс берушінің анықтаған әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
Екі әлеуетті өнім берушіден кем емес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуды қабылдау кезінде ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
164. Шақыру жіберілген әлеуетті жабдықтаушы, ұйымдастырушымен белгіленген мерзімде, ал бірыңғай ұйымдастырушымен аукцион немесе конкурстық әдіспен мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру жағдайларында, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу турады ұсынысты қабылдауға құқылы, немесе веб-портал арқылы бас тарта алады.
165. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсыныстарды қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электронды құжатты веб-порталға жіберу арқылы сұратылған ақпаратты ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді алады.
Сонымен бірге бір көзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес ресімдейді.
166. Үздік материалдар ішінен жұмыстарды орындау және (немесе) анағұрлым жақсы технологиялық шешімдер ұсынылған кезде, ждәне де анағұрлым функционалды және басқа ерекшеліктері бар тауарлар, жұмыстар мен қызметтер ұсынылса, ұйымдастырушымен ұсынылған техникалық ерекшелікке әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің сәйкессіздігіне жол беріледі.
167. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің сұратылған ақпаратты ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда бір көзден сатып алу әдісімен осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастарады және жариялайды.
Бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды, егер болса сарапшының (сараптау комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қосылады.
168. Бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алулар мына жағдайларда:
1) егер әлеуетті өнім беруші, электрондық мемлекеттік сатып алулар Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылған жағдайларды есепке алмағанда, біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартса өтпеді деп танылады.
Егер бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағының негізінде өткізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.
5. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын ұйымдастырушы мен тапсырыс берушімен бір тұлға атынан шығатын, тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
169. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал арқылы веб-портал қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
3) ұйымдастырушының аукциондық құжаттаманы қалыптастыруы, сондай-ақ қажет болғанда ұйымдастырушы сараптау комиссия тобының құрамын құруы не сарапшыны айқындауы және тапсырыс берушінің бекітуі;
4) тапсырыс берушінің веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманы бекітуі;
5) ұйымдастырушының аукциондық комиссияның құрамын қалыптастыруы және веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық аукциондық хатшысын айқындауы;
6) ұйымдастырушының веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің оны алу фактісін веб-порталда автоматты түрде тіркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 205 және 206-тармақтарында көзделген жағдайларда, оны алған әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіруі;
9) электрондық құжат нысанында берілетін аукционға қатысу өтiнiмдердің бірінші және екінші бөліктерін веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
10) өтінімнің бірінші бөлігіндегі өтінімді қамтамасыз етудің құпиялылығын сақтамастан веб-портал арқылы ашу;
11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;
12) тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, өтiнiмiнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
13) аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін тауарлардың техникалық ерекшелігін сараптау комиссиясының немесе сарапшының (егер болса) пікірін ескере отырып, аукциондық комиссияның веб-портал арқылы қарауы, және оларды аукцион қатысушысы деп тануы;
14) вукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы қалыптастыру және веб-порталда жариялау;
15) веб-портал арқылы аукцион өткізу;
16) аукционға қатысу өтiнiмдерінің екінші бөлігінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы аукциондық комиссияның қарауы;
17) аукциондық құжаттамамен бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілермен өтінімді келтіру үшін жетіспейтін мәліметтер немесе құжаттар туралы ақпарат пен сәйкессіздік себебін көрсете отырып аукциондық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізімін аукциондық комиссияның веб-портал арқылы анықтауы. Бұл анықтаманың нәтижелерін жариялау аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қараудың тиісті хаттамасында веб-порталда жүзеге асырылады;
18) әлеуетті өнім берушілер электрондық құжат нысанда беретін, аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
19) аукциондық комиссияның мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты жасауға аукционның жеңімпазын анықтауы;
20) веб-порталда қорытынды хаттамаларының қалыптастырылуы және жариялануы;
21) тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады.
Егер тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, көрсету) бірнеше орындары болса, лотта тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, көрсету) бірнеше орындарын көрсетуге болады.
Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын бірыңғай ұйымдастырушымен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру
170. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын бірыңғай ұйымдастырушымен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру мынадай құжаттарды:
1) тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен аукцион тәсілімен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізуге тапсырыс берушінің өтінімін;
2) тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiткен техникалық ерекшелікті. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда техникалық ерекшелік тиісті өкілетті органмен келісілген болуы тиіс;
3) Тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндеттерін орындайтын тұлға немесе тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасы Президенті айқындайтын жауапты хатшының міндеттерін атқаратын лауазымды тұлға немесе бірінші басшы немесе жауапты хатшы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауардың сәйкестігін анықтау үшін сараптау комиссиясы немесе сарапшы бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік, сараптау комиссиясының құрамы немесе Сарапшыны айқындау туралы шешімді;
4) Тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндеттерін орындайтын тұлға немесе тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасы Президенті айқындайтын жауапты хатшының міндеттерін атқаратын лауазымды тұлға немесе бірінші басшы немесе жауапты хатшы бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын қамтитын тапсырманы ұсыну негізінде жүзеге асырылады.
171. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің веб-портал қатысушысы болып табылатын бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыру жіберуі;
2) бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекшелікті қамтыған аукцион құжаттамасын, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын, сараптау комиссия құрамын немесе сарапшыны бекіту және веб-портал арқылы қалыптастыру;
3) бірыңғай ұйымдастырушының аукцион комиссиясының құрамын веб-портал арқылы қалыптастыру және бекіту және веб-портал пайдаланушылары ішінен аукциондық комиссия хатшысын айқындау;
4) бірыңғай ұйымдастырушының веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауы;
5) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің оны алу фактісін веб-порталда автоматты түрде тіркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
6) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 207, 208, 209, 210 және 211-тармақтарында көзделген жағдайларда, оны алған әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіруі;
7) электрондық құжат нысанында берілетін аукционға қатысу өтiнiмдердің бірінші және екінші бөліктерін веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
8) өтінімнің бірінші бөлімінде қамтылған өтінімді қамтамасыө етудің құпиялылығын сақтамасытан веб портал арқылы ашу;
9) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;
10) тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, өтiнiмiнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
11) сараптау тобының не сарапшының аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тануы үшін тауарлардың техникалық ерекшелігін қарауы;
12) аукционға қатысу рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
13) веб-портал арқылы аукцион өткізу;
14) веб-портал арқылы аукционға қатысу өтiнiмдерінің екінші бөлігінің құпиялылығын сақтай отырып, аукциондық комиссияның қарауы;
15) аукциондық құжаттамамен бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілермен өтінімді келтіру үшін жетіспейтін мәліметтер немесе құжаттар туралы ақпарат пен сәйкессіздік себебін көрсете отырып аукциондық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізімін аукциондық комиссияның анықтауы. Бұл анықтаманың нәтижелерін жариялау аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қараудың тиісті хаттамасында веб-порталда жүзеге асырылады;