24. Егер Өнім беруші, хабарламаны алып, ақаулықтарды жою бойынша шараларды уақытылы қолданбаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті ықпалшаралар мен ақаулықтарды жою бойынша шараларды Өнім беруші есебінен қолдануға құқылы.
7. Тараптардың жауапкершілігі
25. Өнім беруші тарапынан Тауарлар жеткізілімінің Шартпен орнатылған мерзімдерінің бұзылуы жағдайында Тапсырыс беруші Шарт бойынша өз міндеттерінің орындалуын тоқтатуға құқылы.
26. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу немесе кемшіліктерін жою бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісті түрде орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді.
27. Айып төлемді төлеу Өнім берушіні Шарт бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.
28. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Тауарларды жеткізу үшін Өнім берушіге қажетті мерзімдер мен құндардың азаюына әкелетін болса, Шарт бағасы немесе жеткізу кестесі, немесе екеуі де сәйкесінше түзетіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету өткізу үшін барлық сұранымдары оның Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
29. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз берілген Шарт бойынша өз міндеттерін біреуге толығымен де емес, бөлшектеп те емес тапсыруға тиісті емес.
30. Өнім беруші берілген Шарт шегінде жасасқан барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы қажет. Қосалқы мердігерлердің бар болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
31. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу шарттары
32. Шарт <оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының территориалды бөлімшесінде тіркеуден кейін/қол қойылған күнінен бастап> өз күшіне енеді және <жыл> жылының
31 желтоқсанына/берілген Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттерін толық орындауына> дейін қолданылады.
33. Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге сәйкес жазбаша хабарлама жіберіп, кез келген уақытта біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарт талаптарын орындаудан бас тарту жедел іске асырылады, және егер бұл нұқсан келтірмесе немесе әрекет етуге не Тапсырыс берушіге тағылған немесе кейін тағылатын ықпалшараларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржы міндеттерін атқармайды.
34. Тапсырыс беруші Өнім берушіге сәйкес жазбаша хабарлама жіберіп, Шарт орындаудың жөнсіздігіне себепті кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебі, сонымен қатар Шарттың бұзылу күшіне ену күні көрсетілуі тиіс.
35. Шарт жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылу күніне шынайы шығындар үшін ғана төлемді талап ете алады.
36. Шарт талаптарын бұзу үшін қандай да бір ықпалшарттарына нұқсан келтірмей, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп, берілген Шартты толық немесе бөлшектеп бұза алады:
1) егер Өнім беруші Тауарларды Шартпен белгіленген мерзімде немесе Тапсырыс берушімен ұсынылған, берілген Шарттың ұзару кезеңі ішінде жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін атқара алмаса.
37. Мемлекеттік сатып алу туралы Шарт Заңның 6 бабымен қарастырылған шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысымен Өнім берушіге Заңмен қарастырылмаған көмек көрсетуі жағдайында кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін.
38. Шарт тараптардың келісімімен бұзылуы мүмкін.
9. Форс-мажор
39. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауына жауапкершілік көтермейді, егер ол форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
40. Өнім беруші Шарт орындалуының өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және айып төлем өтеу үшін немесе Шарт талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды, егер Шарт орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
41. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптар бақылауымен биленбейтін және күтпеген мінезге ие оқиғаны білдіреді. Ондай оқиғалар келесілерді қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе стихиялық апаттар және басқалар.
42. Форс-мажорлық жағдайлардың пайда болуы кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге ондай жағдайлар мен себептері туралы жазбаша хабарламаны жедел жіберуі тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес, Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.
10. Даулы мәселелерді шешу
43. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөз жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салулары тиіс.
44. Егер осындай келіссөз басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша мәселені шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
11. Хабарлама
45. Шартқа сәйкес бір жақ екінші жаққа жіберген кез келген хабарлама келесіде түпнұсқасын ұсынумен, хат, телеграмма, телекс немесе факс арқылы жіберіледі.
46. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күнінен (хабарламада көрсетілсе) бастап, осы екі мерзімнің қайсысы кеш келетініне байланысты өз күшіне енеді.
12. Өзге шарттар
47. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
48. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек олар жазбаша нұсқада және Тараптардың осыған өкілетті өкілдері қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана шынайы деп танылады.
49. Мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан Шартқа өзгерістерді сапаның өзгеруісіз және өнім беруші таңдауының негізгі басқа жағдайларында енгізуге рұқсат етіледі:
1) жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің ұлғаюы немесе азаюымен байланысқан Шарт сомасының ұлғаюы немесе азаюы бөлігінде, Шартта белгіленген Тауарлар бірлігі үшін бағаның өзгермеу шарты орындалса;
2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау барысында Тауарлар бірлігі үшін бағаның өзгермеу шартында, одан гөрі сапалы және (немесе) техникалық мінездемелер не Тауарларды жеткізу мерзімдері және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайында;
3) Тараптардың өзара келісушілігі бойынша Тауарлар үшін бағаның төмендеуі және сәйкесінше Шарт сомасының төмендеу бөлігінде.
50. Тараптардың біреуімен Шарт бойынша міндеттерін тапсыру тек басқа Жақтың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
51. Шарт бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде екі нұсқада құрастырылған, әр Жақ үшін бір нұсқадан.
52. Шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенеді.
Тапсырыс беруші: < Тапсырыс берушінің толық атауы> < Тапсырыс берушінің нақты толық мекенжайы> Тапсырыс берушінің БСН <БСН> Тапсырыс берушінің БСН<БСН > Тапсырыс берушінің ЖСК<ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны > <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> | Өнім беруші: <Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің нақты толық мекенжайы> Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН Өнім берушінің БСН> Өнім берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ > |
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргiзу қағидаларына 20-қосымша
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі > <шарт карточкасының нөмірі>
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
«Тапсырыс берушінің лауазымы» тұлғасынан әрекет ететін тапсырыс беруші деп аталатын тапсырыс берушінің толық атауы> «Тапсырыс берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және «Өнім берушінің лауазымы» атынан әрекет ететін бұдан әрі «Мердігер» деп аталатын «Өнім берушінің толық атауы» > екінші тараптан «Өнім берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және «қорытындылардың күні» № «қорытындылардың нөмірі» «сатып алу тәсілі» мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімнің негізінде «шарттың атауы» туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
1. Ұғымдар мен айқындамалар
1. 1) тапсырыс беруші - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
2) бас мердігер (бұдан әрі - Мердігер) - Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларда);
3) қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) - Шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;
4) техникалық қадағалаушы - мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған адамды білдіреді;
5) объект - конкурсты ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
6) учаске - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;
7) Шарттың бағасы - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;
8) шарт - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен өзгерістер өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;
9) уақытша құрылымдар - Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдарды білдіреді;
10) материалдар - Объект құрылысын салу үшін Мердігер мен Қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;
11) жабдық - Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектінің құрылысын салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;
12) құрылыстың ұзақтық мерзімі - Мердігер Объектінің құрылысын салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;
13) күндер - күнтізбелік күндер, айлар - күнтізбелік айлар;
14) өзгерістер - Тапсырыс беруші Шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер;
15) ақау - жұмыстардың Шарт ережелерін бұзып орындалған бөлігі;
16) шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерісінде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі.
<n) жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «ұйымдастырушының толық атауы» Шарттың 1-қосымшасына сәйкес жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды (бұдан әрі - Жұмыстар) жариялады және осы жұмыстарды орындауға Мердігердің конкурстық сұранымын қабылдады.
3. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады - <сатып алудың атауы> - объектінің тұрған жері - <орналасқан жері>.
Бас жобалаушы - <бас жобалаушы>.
4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
<n) жаңа тармақша>
3. Шарттың құны және ақы төлеу шарттары
5. Шарттың жалпы сомасы «шарттың сомасы» (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен алымдар, соның ішінде ҚҚС/ҚҚС есебінсіз (бұдан әрі - Шарттың сомасы) енеді.
6. Қазынашылықтың аумақтық органында Шартты «бағдарлама», «қосымша бағдарлама, ерекшелік, ҚҚС есебінсіз шарттың сомасы (сома ҚҚС қоспағанда жазу үлгісімен), ҚҚС ерекшелігі, шарттың сомасындағы ҚҚС сомасы (шарттың сомасындағы ҚҚС сомасы жазу үлгісімен)» бюджеттік бағдарламасы бойынша тіркеуден өткізу керек.
7. Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлуіне қарай және Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес көлемде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай Мердігер орындаған Жүмыстардың «ақы төлеу шарты» үшін аудару жолымен және бұрын төленген авансты тепе-тең шегере отырып, орындалған Жұмыстарды қабылдап алу-беру актісіне тараптар қол қойғаннан кейін төлейді.
Соманы Тапсырыс беруші бюджеттік қаражаттың бөлінуіне қарай Мердігер орындаған Жұмыстар «ақы төлеу шарты» үшін және орындалған Жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан кейін төлейді.
Жұмыстарды қабылдап алу-беру актісінің нысанын Мердігер алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.
8. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
9. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) орындалған Жұмыстардың актісі;
3) Мердігер тапсырыс берушіге ұсынған төлем шоты.
<N. Жаңа тармақ>
4. Тараптардың міндеттемелері
10. Мердігер:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Заңның 8 бабы 8 тармағына сәйкес Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, Шартқа қол қойған күннен он жұмыс күні ішінде «қамтамасыз ету сомасын» құрайтын (қамтамасыз ету сомасы жазба үлгісінде) Шарттың 2.1-тармағында көрсетілген Шарттың сомасынан <3 пайыз көлемінде/ пайызбен аванс> көлемінде төмендегідей түрде Шарттың орындалуын қамтамасыз етілуін енгізуге міндеттенеді:
банк шотына кепілдікті ақшалай жарнасы: № <қала> қаласы бойынша <банктің атауы> банктегі Тапсырыс берушінің кепілді жарнасы үшін шот_депозиттік <БСК> БСК не:
электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiнің 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік;[5]
3) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Мердігер тарапынан жұмысқа тартылған персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға міндеттемелерді орындауға қажетті шамада құпия түрде ұсынылуы тиіс;
5) көрсетілген ақпаратты бұл персоналға Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада құпия түрде ұсынуға;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Мердігердің Шарттың талаптарын тиісті деңгейде орындамауымен және/немесе басқа да құқықтық іс-әрекеттерімен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
<n) жаңа тармақша>
11. Тапсырыс беруші міндетіне алады:
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) Шарттың талаптарына сәйкес Мердігердің Шарт бойынша орындаған жұмыстарын қабылдап алуға және төлеу;
<n) жаңа тармақша>
_______________________________
[5] 4.1-тармақтың осы тармақшасы баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен басқа, барлық сатып алу тәсілдері үшін көрініс табады
5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
12. <N. Жаңа тармақ>
6. Кепілдік
13. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.
14. Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті «кепілдік мерзімі» жыл мерзімге береді.
15. Мердігер орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
7. Тараптардың жауапкершілігі
16. Мердігер тарапынан Жұмыстарды орындаудың Шартпен белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды тоқтатуға құқылы.
17. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, Өнім беруші Шартпен қаралған мерзімдерде Жұмыстарды орындай алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың соммасынан 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісті түрде орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді.
18. Тұрақсыздықты төлеу Мердігерді Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындаудан босатпайды.
19. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кесетіс, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
20. Мердігер Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай немесе ішінара табыстамауы тиіс.
21. Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт аясында жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
22. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
23. <N. Жаңа тармақ>
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
24. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап күшіне енеді және «жыл» жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.
25. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуiр бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Мердiгер Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын едәуiр бұзу мынаны қамтиды, бiрақ санамаланғанмен шектелiп қалмайды:
1) егер Мердiгер жұмыстар кестесiн орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс берушi Шартты бұза алады;
2) Мердiгер Тапсырыс берушiнiң тоқтатуға рұқсатын алмай «күн саны» күнге дейiн жұмысты тоқтата тұрса;
3) Мердiгер Тапсырыс берушi белгiлеген негiздi уақыт кезеңi iшiнде Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс берушi Мердiгерге жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқама берсе, және осындай нұсқама «күн саны» күн iшiнде күшiн жоймаса;
5) не Тапсырыс берушi, не Мердiгер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
6) Тапсырыс берушi Мердiгерге Тапсырыс берушiнiң Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейiнгi «күн саны»күн iшiнде төлемесе;
7) Мердiгер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу ережелерiн, нұсқаулықтарын және ережелерiн ескермейтiн болса.
26. Тапсырыс берушi Мердiгерге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiледi, Шарттың күшi жойылған жұмыстарының көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi айтылады.
27. Мұндай жағдайларда Тапсырыс берушi барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшiн, Объектiден машиналар мен тетiктердiң шығарылуына шығыстарды және Объектiнi консервациялау құнын төлейдi.
28. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Мердiгер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
29. Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердiң бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
30. Егер Шарт бұзылса Мердiгер дереу жұмысты тоқтатып, Объектiнi консервациялауды және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушi тапсыруды қамтамасыз етедi.
31. Егер Мердiгердiң Шарт талаптарын едәуiр бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
32. Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
9. Форс-мажор
33. Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға бөгет болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық оқиғалар туындаған жағдайда, өзінің міндетіне алғандарды орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Тапсырыс берушi Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Оған қоса тарап форс-мажорлық оқиғалардың туындауы туралы жазбаша түрде ескертуі тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл оқиғаға сілтеме жасауға құқығы жоқ.
34. Форс-мажорлық оқиғалар кезінде басқа тараптың өзінің міндеттемелерін орындамауынан шығын тартқан тарап одан осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді алуға құқығы бар.
35. Форс-мажор оқиғасы кезінде Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмысты тоқтатады.