осы Ереженің 46-қосымшасына сәйкес 8-17 «Бас кітаптың шоттары бойынша көшірме (шетел валютасында)»нысаны бойынша;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес 5-34А «ҚБШ-дағы ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қалдықтары туралы есеп» нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ереженің 47-қосымшасына сәйкес 5-30 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес 5-34А «ҚБШ-дағы ақылы қызметтердің, демеушілік және қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қалдықтары туралы есеп» нысаны бойынша беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады, бұл ретте 8-09 «Жеке шот бойынша мәліметтер» және 8-17 «Бас кітаптың шоттары бойынша көшірме (шетел валютасында)»нысандары бойынша есептер «Қазынашылық-клиент» АЖ-дан аталған есептерді қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарламаны алғаннан кейін қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
107. 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның арасында аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз кезегінде 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырады және бір данасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде 2 данада осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан кейінгі 2 жұмыс күні ішінде есептердің деректерін өзінің бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерімен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтінім жасайды.
Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады. Есептің бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 11-1-тараумен толықтырылады
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау
шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жабу
108. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды тексеруді тоқсан сайын жүргізеді және 6 айдың ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ бойынша қозғалыс және ақшалай қаражат қалдықтары болмаған кезде ҚБШ және шоттарды жабу жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде өздігінен жабады. Кейіннен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жабуы туралы хабарлама береді.
109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекеменің өтінімі бойынша мына:
мемлекеттік мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалануға мемлекеттік мекеменің құқығы айқындалатын заңнамалық акт жойылған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен тиісті ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын қаржыландыру көзін алып тастаған;
тиісті ҚБШ мен шот алуға құқық беретін заңнамалық негіздемені жойған;
ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттар бойынша операциялар 6 ай ішінде болмаған жағдайларда жабылады.
111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
112. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жабқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім жасасқан жағдайда - «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесі бойынша (бұдан әрі - «Қазынашылық - клиент» АЖ-сі) электрондық түрде жабылатын:
1) ақылы қызметтер ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтер ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе;
тиісті бюджет кірісіне:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға билік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталған;
Құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) кодтары болмаған жағдайда;
2) демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ:
құқықтық мирасқордың демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне;
3) уақытша ақша орналастыру ҚБШ:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ.
4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа жүргізілген кассалық шығыстарды кейін қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық көмек және/немесе ұлттық валютадағы ақшаны уақытша орналастыру шоттарына есептеу арқылы пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлеу шотын береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
114. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына мемлекеттік мекемелердің кодтарын және ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 12-1-тараумен толықтырылады
13-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде осы Ереженің 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға үш данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру үшін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар ашуға рұқсат Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім) немесе байланысты гранттар жөніндегі келісімнің қолданылу мерзіміне беріледі.
118. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға рұқсат бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне беріледі.
119. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты қарыз/грант туралы келісімде айтылған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот қарыз/грант туралы келісімде аталған шетел валютасында беріледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты қарыз/грант туралы келісімде және кредиттік шарттар аталған шетел валютасында беріледі.
120. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотына қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу есебінен төлем сомалары есептеледі.
121. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан төлемдерді жүзеге асыру қарыз/грант беру туралы келісімде айтылған шарттар мен мақсаттарға сәйкес жүргізіледі.
122. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотынан қаражат алу кредит шартының ережелерінде көзделген кредиттік қаражатты беруге жүргізіледі.
123. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтату туралы Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.
124. Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шоттарын жабу шотты ашуға және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қайтарып алу осы Ереженің 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Шоттарды жабу Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және мемлекеттік мекеме арасындағы банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
125. Бюджетті атқару орталық (жергілікті) уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шот ашуына рұқсатын қайтарып алуы:
1) мемлекеттік мекемені таратқан немесе қайта ұйымдастырған;
2) қарыз/грант туралы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған. Мемлекеттік мекеме келісімде көзделген рәсімдерге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарызды/грантты аванстау қаражатын жұмсау туралы шетелдік кредит берушіге/донорға есеп жібереді, ал бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотында, бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына шотта пайдаланылмаған қалдықты үкіметтік сыртқы қарызды/грант шотына аударады;
3) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі бұзылған;
4) есеп айырысу кезінде корпоративтік төлем карточкаларын пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына өзгерістер енгізілген;
5) ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында корпоративтік төлем карточкаларын пайдалану рұқсат етілетін шығыстардың экономикалық сыныптамаларының ерекшеліктері болмаған;
6) карт-шоттарды ашуға арналған рұқсатта көзделмеген мақсаттарға карт-шотқа есептелген ақшаны пайдалану фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.
126. Рұқсатты қайтарып алу екі данада екінші деңгейдегі банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жіберіледі. Екінші деңгейдегі банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мемлекеттік мекеменің шотын жабу жөніндегі рәсімдерді аяқтағаннан кейін шотты жабу туралы белгісі соғылған рұқсатты қайтарып алудың екінші данасын бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті органға қайтарады.
127. Бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашуға рұқсатты қайтарып алған жағдайда екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелерде) ашылған мемлекеттік мекеме шоттарының жабылуы туралы екінші деңгейдегі банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған мемлекеттік мекемелердің) белгісі соғылған қайтарып алуды алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бұл туралы жазбаша құлақдар етеді.
5-бөлім. Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша
бюджеттің атқарылуы
14-тарау. Түсімдерді есептеу және бөлу
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Бюджет кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының кодтары бойынша БҚШ-ға есептеледi.
Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» ашық жолағына деректемелер бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген ҚР ББС-қа сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаперіне жеткізеді.
Түсімдердің жинақ шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 129-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
129. Түсімдерді тиісті ҚБШ-да жинақтап, оларды кейіннен бөлу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын банкішілік транзиттік шот түсімдердің жинақ шоты болып табылады. Түсімдердің жинақ шотынан республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - ҚР Ұлттық қоры) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетін түсімдер сомасын қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметі органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
130. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган күн сайын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы екiншi деңгейдегi банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресiмделу дұрыстығын және толықтығын тексерудi жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердің түсуiн есепке алуды жүргiзедi;
4) республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасындағы түсімдер сомасын бөлуді жүзеге асырады;
5) Ұлттық қорға жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын осы Ереженің 514-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударуды жүзеге асырады.
131. Төлем құжаттарын БСК, ЖСК бар-жоғына және сәйкестігіне, ҚР ББС бюджеттік сыныптама кодының бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін электрондық төлем құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 132-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің І сатысы).
Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің ІІ сатысы).
133. Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
15-тарау. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. ҚР ББС бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу салық органдарының:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзырет шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі бойынша салық органдарының қорытындылары негізінде;
2) салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, салықтық емес түсімдерді өндіріп алғаны үшін жауапты уәкілетті органның қорытындысы негізінде ұсынылған салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық қызметі органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушілерге бюджеттен қайтару (бұдан әрі - қайтару және (немесе) есептеу) үшін салық органы аумақтық қазынашылық органына 2 данада:
1) осы Ереженің 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тізілімін;
2) бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысын;
3) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде салық органдары салық органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және салық органының уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ қол қойылған салық органының немесе бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысының сканерленген түрін тіркей отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.