6) бюджеттік ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдаланумен байланысты операцияларды есептеуге арналған.
66. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
республикалық бюджеттің ҚБШ;
облыстық бюджеттердің ҚБШ;
республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.
67. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
68. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші үш белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.
69. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің (бұдан әрі - СТН) көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.
71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелесіне хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жерлікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
72. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
73. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті салық органына салық қызметінің тиісті органдарына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау
шоттары мен шетел валютасындағы шоттар ашуы
74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ақылы қызмет ҚБШ);
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - нысаналы қаржыландыру ҚБШ);
5) шетел валютасындағы шоттар.
75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді;
76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
қаржыландыру көздері;
баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы және күні.
77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайлардағы олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 78-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.
Шетел валютасындағы шотты ашуға рұқсат валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша рұқсаттың әрекет ету мерзімі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін көрсетілген, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
СТН;
шоттың атауы;
валюта түрі;
қаржыландыру көздері;
шығыстарды бағыттау мақсаттары;
шетел валютасында шотты ашу үшін негіз.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес резидент емес жеткізушілермен жасалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шоттар ашуға қолдаухатты ұсынуына негіз болып табылады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шетел валютасында шоттар ашуға қолдаухатты ұсынудың негізділігін қамтамасыз етеді.
80. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды ашуға жазбаша рұқсат үш данада ресімделеді, олардың екеуі кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілу үшін бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.
81.Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет ҚБШ-сын ашу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 35-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ереженің 35-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтің қолма-қол ақшасын ашуға өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
82. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінім береді, ол мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсімдер мен шығыстар жоспарының және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттардың негізінде жасалады.
83. Бюджетті атқару жөніндегі аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уәкілетті органнан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
84. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсатының және рұқсат берілген күні аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ақылы қызметтер ҚБШ ашуға арналған өтінімдердің және аумақтық қазынышалық бөлімшесінен ақылы қызметтің ҚБШ ашуға өтінімдер түсуі негізінде республикалық бюджеттен;
аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ҚБШ ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің ҚБШ ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
85. Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім береді.
86. Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген жағдайда жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өз кезегінде жергілікті уәкілетті органнан мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінімдер алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
87. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткеннен кейін оған осы тарауда белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шот өзгеріссіз қалдырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 793 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-тармақ өзгертілді
88. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
89. Ашылған тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ тіркеу осы Ереженің 38-қосымшасына сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
Ашылған шетел валютасындағы шоттарды тіркеу осы Ереженің 39-қосымшасына сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.
90. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет, қайырымдылық көмек ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 793 Қаулысымен Ереже «Құпия» 9-1-тараумен толықтырылады
10-тарау. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91. Мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
2) мемлекеттік мекеме ережесінің (жарғысының) көшірмесі;
3) СТН көшірмесі;
4) қолдардың және мөр бедерінің үлгісі;
5) мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және қаржылық құжаттардағы бірінші және екінші қолдардың құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсаттар.
Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:
1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім түпнұсқасы (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім),
2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда Қазынашылық пен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімге қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткен кезде ол бойынша мемлекеттік мекеменің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің көшірмелерін бір уақытта бере отырып, жоғарыда санамаланғанға ұқсас жаңа құжаттар беріледі.
92. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері әр мемлекеттік мекемеге бір құжаттар жинағын қалыптастырады.
93. Мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктегі, ережедегі (жарғыдағы), СТН және елтаңбалы мөр бедеріндегі мемлекеттік мекеменің атауының сәйкестігін тексереді. Айырмашылықтар болған жағдайда, сәйкестендіру үшін мемлекеттік мекемге қайтарады.
94. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада беріледі. Бір данасы мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағында сақталады, екіншісі қаржылық құжаттардағы қолдар мен елтаңбалы мөр бедерінің шынайылығын тексеру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінде пайдаланылады.
95. Бірінші қол құқығы мемлекеттік мекеменің басшысында және/немесе оларға уәкілетті тұлға ие болады. Екінші қол қою құқығы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысына және/немесе мемлекеттік мекеменің басқа уәкілетті басшысы бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғаға береді.
96. Мемлекеттік мекеменің қолдарының және мөр бедерінің үлгілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе олар өкілет берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөр бедерімен нықталады не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қолдарының және мөр бедерінің үлгілері нотариалды куәландырылады.
97. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері өшпейтін төзімді сиялармен орындалуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
98. Қайта құрылған мемлекеттік мекемеде мөр уақытша болмаған, мөрдің атауы өзгерген, ескірген немесе жоғалған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік мекемеге оның өтінішінің негізінде жаңа мөр дайындауға мерзім (10 күнтізбелік күннен аспайтын) береді және сол жағдайға қарай құжаттарды сол елді мекенде орналасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен нықтауға немесе құжаттарды бедерсіз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресімдеу тәртібін анықтайды. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері елтаңбалы мөрдің дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзімі көрсетіліп, елтаңбалы мөрдің бедерінсіз ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
99. Қойылатын қолдың біреуі айырбасталған немесе толықтырылған немесе мөр айырбасталған жағдайдың өзінде, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тараудың 96-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылған қолдар қою және мөр бедерінің үлгілерімен жаңа құжат беріледі.
Бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың бірінің қолтаңбасын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тұлғаны тағайындау туралы және міндетті уақытша атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін бере отырып, оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, тиісті қолтаңбалар үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді. Қайта ұсынылған құжаттар мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағына тігіледі.
Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар уақытша құжат толтыру талап етілмейді.
100. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілетін құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарда көрсетілген деректердің шынайылығы үшін жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерілген құжаттарды құжат жиынына тігіндейді және сақтайды.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
101. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу тиісті бюджеттердің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен беруді қамтиды.
Бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші мемлекеттік мекеменің кодына ақша аударуға жол берілмейді.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін жеті жұмыс күні ішінде демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде түскен шетел валютасының бар болуына, сонымен қатар 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етіледі.
102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын жүргізуге сол аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша келісімімен жол беріледі.
103. Тиісті бюджеттердің ҚБШ ақшасына билік етуші бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады, ақылы қызметтің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттік мекемелердің басшылары болып табылады.
104. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында болған мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына билік етуді шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөніндегі есептерді беруді мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженің 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп»;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
106. Ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттардағы ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және олар мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргізілуіне қарай;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» нысаны бойынша;
осы Ереженің 44-қосымшасына сәйкес 5-33 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
осы Ереженің 45-қосымшасына сәйкес 8-09 «Дербес шот бойынша мәліметтер» нысаны бойынша;