Мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде 413 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 50 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырылады.
Бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 433 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша:
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының;
мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді жүргізу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 156-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2011.07.06. № 637 Қаулысымен 156-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мақсатында 154 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелде кадрлар даярлау мен қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі қызметтерді беруші етіп анықтаған заңды тұлғаның (бұдан әрі - Халықаралық бағдарламалар орталығы) өтінімін қоса бере отырып, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің банктік шотына ақшалай қаражат түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде шетелдің жоғары оқу орындарына (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханаларына), стипендиаттарға, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында көзделген қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан ұйымдарға шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне Халықаралық бағдарламалар орталығымен шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламалары шеңберінде стипендиаттардың оқуын және ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру үшін ақы төлеуге бөлінген ақшалай қаражатты өздерінің пайдалануы жөнінде салыстыру актісін жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шаралар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшін 100 пайыздан;
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 «Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс шеңберіндегі қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана емес мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.09. № 1382 Қаулысымен 157-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157-1. Мердігер ұйым екінші деңгейдегі банктің төлемақы сомасына арналған шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға кепілдігін ұсынуы шартымен шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 «Ғимараттар және құрылыстар салу» ерекшелігі бойынша:
инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындалуының технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдық құнының;
«Астана қаласындағы коньки тебу стадионы» объектісінің құрылысы бойынша шарт құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 157-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
157-2. Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарттарда мемлекеттік мекеменің бұрын төленген авансты жұмыстардың қабылданған көлемінің әрбір сомасынан барабар ұстап қалу туралы шарттардың болуы қажет.
Ғимараттарды, құрылыстарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне оны пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін бергеннен кейін жүргізіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
160. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелiгі бойынша аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға, ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға аванстық (алдын ала) төлемақы жасауды қоспағанда, рұқсат етiлмейдi.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1281 Қаулысымен 160-2-тармақпен толықтырылды
160-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.
161. Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162-тармақ өзгертілді
162. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгiзген;
тараптардың деректемелері өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң 57 және 526-тармақтарында көрсетiлген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартқан жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулының жобасын енгiзедi;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
163. Мемлекеттік мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 164-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
164. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі қалыптастырылады және жіберіледі).
Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне соттың мөр бедерімен куәландырылған тиісті хатты қағаз тасығышта береді.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда мемлекеттік мекеме шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз тасығышта береді (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы не егер басқасы заңнамада не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін немесе бір айдан кем емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама хаттың көшірмесі көрсетілуі міндетті). Бұл ретте хабарлама хатта белгі (мөртабан не тиісті қол) не шарт бойынша басқа тараптың хабарламаны алғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растама болуы тиіс.
Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген жағдайда мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз тасығышта екі өтінім ұсынады (бір өтінім тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісі - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.
Ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару көзделген жағдайда, қағаз тасығышта мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қағаз тасығышта қосымша өтінім ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 165-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
165. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз тасығышта екі данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығыштағы көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз тасығышта ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз тасығышта ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған осы тармақта санамаланған құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 166-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 166-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 165-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда);
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекемемен осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырылады.
Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығына дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 167-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167. Мемлекеттік мекеме қағаз тасығыштағы өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.
168. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеледi.
Келесi жылдары аталған шартты қайта тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң негiзiнде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiммен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.
20-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi ресiмдеу және ұсыну
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 169-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
169. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі - ағымдағы қаржы жылына арналған өтінім) осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 66-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі - жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 67-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 170-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 170-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
170. Өтінім мынадай түрде толтырылады:
1) «Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
«Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы «Мемлекеттік мекеменің коды», «Мемлекеттік мекеменің атауы», «Бюджеттің түрі» ашық жолақтары «Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім» нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;
2) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;