Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады. Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, республикалық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді. Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 386-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
386. Сайлауларды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды:
шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссиясын қаржыландырудың жеке жоспарын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиісті қазынашылық департаментіне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 387-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
387. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау компаниясын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына билік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссиясының төрағаларының қаперіне азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруге арналған шарттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 388-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
388. Сайлау, республикалық референдум өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте, бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі. Екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.
Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін - оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделеді. Жергілікті атқарушы органның арнайы шотынан 002 «Сайлау өткізу» бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлау, республикалық референдум өткізу не қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлiмшелерi белгiлеген мерзiмде ҚБЕО төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 391-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлiк шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтерiне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдерi негiзiнде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшiн материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерiне;
6) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшiлiкке сайлау алдында iс-шаралар өткізуге және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне кандидаттар туралы, партия тізімін берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
392. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 393-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
393. Жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:
аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;
аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасыңың бекітуіне береді.
Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 394-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
394. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға, республикалық референдумға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 395-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің шотына жатқызу туралы шешімі болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтіру бір қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды, республикалық референдумды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесі қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат «Республикалық бюджетке түсетін өзге салықтық емес түсімдер» коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімді: Президентті сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 396-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
396. Президенттi, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын, республикалық референдумды өткізуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
48-тарау. «Өкiлдiк шығындар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2124 Қаулысымен 397-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
397. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге iссапарлары уақытында өкiлдiк мақсаттарға бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына iс-шараларға қатысу үшiн шақырылатын тұлғалардың өмiр сүруiне және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскi ас, кешкi ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкiлдiк шығындарына:
1) автокөлiктiк қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеу;
3) автокөлiк жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байкау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу.
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.
398. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiнен шыға отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Бiр жыл iшiнде мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган болжамдалмаған iс-шаралар өткізудiң саяси маңыздылығын және бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып Жоспарды түзете алады.
399. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) iс-шаралар өткізу қажеттiлiгiнiң негiздiлiгi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiгiн негiздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 398-тармағына сәйкес жоспарда тиiстi iс-шаралардың болуы кезiнде.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өкiлдiк шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбiртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
400. Осы Ереженiң 397-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымның деректемелерiн көpceтe отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 401-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
401. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн және тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиiмдi пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкiлдiк шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 100-қосымшасына сәйкес өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.
402. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретiнде жiберiлетiн, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөлiктiк қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiмдерi жоспарланған iс-шаралар басталғанға дейiн қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiн жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмағанда, белгiленген тәртiппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы шешiмi қабылдана алады.
403. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
404. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жiберу кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiнде шетел валютасында шот ашады;
ҚР ҰБ орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментiнiң өтiнiшi бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргiзедi және оны шетел валютасындағы шотқа есептейдi;
Астана қаласының Қазынашылық департаментi ҚР ҰБ-ның орталық филиалының үзiндiсi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеудi жүргiзедi;
ай сайын 10-күнiне дейiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiне келесi күнтiзбелiк айда тиiстi айдағы жоспарлы тағайындалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтiнiм жiбередi;
өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешiмнiң негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат беру үшiн ресми делегацияның құрамына енетiн тұлғаны көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық департаментiне хат жiбередi. Астана қаласының Қазынашылық департаментi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның хатында көрсетiлген тұлғаға Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат бередi.
405. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
406. Өкiлдiк шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға тоқсан сайын көрсетiлген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп, ал өкiлдiк шығындарға қаражат алған тұлғалар iс-шараны өткiзгеннен кейiн
15 күнтiзбелiк күн iшiнде - тиiстi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатқан ұйымның мөрiмен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) беруi тиiс.
Осы Ереженiң 404-тармағында анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға iс-шаралар жүргiзiлгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде сыртқы экономикалық қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған гербтiк мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жауапты хатшысының өкілеттігі белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы немесе ол өкілеттік берген тұлға республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберу кезiнде бекiткен өкiлдiк мақсаттарға арналған шығындар бойынша актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және ҚР ҰБ орталық филиалының кiрiс ордерiн қайтарады.
407. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына жауапкершiлiк республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жүктеледi.
49-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібі
408. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелерi жөніндегі консультативтiк-кеңесу органы;
көзделмеген шығындар - көзделмегендiгiне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттiрмей қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететiн көмек.
409. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар әрi осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешiмiнде көзделмеген қажеттiлiктерге пайдаланылмайды.