286. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтiнiштi тексергеннен кейiн деректерді ҚБАЖ-ға енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 287-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
287. Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр басқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерінің үлгілеріне, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да бас тартылады.
288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттарын алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 289-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
289. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзіндіні қалыптастырғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы оларды мемлекеттік мекемеге береді және жауапты орындаушының белгісі соғылып шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күні көрсетілген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің бір данасын қайтарады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.
290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсатқа сай пайдалануы тиiс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзiм аяқталғаннан соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм беру қажеттiлiгi туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 291-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
291. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм негiзiнде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменiң шығыстардың БСК-ға түсімдердің БСК-ға, мемлекеттік мекеменің демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға, кейiннен оның сомасын теңгеде қалпына келтiре отырып, шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 292-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженің 95-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынған (жіберген) қайта айырбастауға арналған өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 293-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
293. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейін ұсынады. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.
294. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Ұлттық Банктен үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
295. Шетел валютасындағы төлем мақсатын анықтауға мүмкіндік бермейтін Ұлттық Банктен электрондық түрде түскен төлем құжаттарында деректемелерді толық немесе дұрыс көрсетпеген жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесінің шетел валютасындағы төлемдер сомасын «Шетел валютасындағы анықталғанға дейінгі сома» 0900НП ерекшелік кодына есепке алады.
Шетел валютасында түсімдердің аумақтық тиесілігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы шетел валютасындағы түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына есепке алады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 296-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
296. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық қызметі органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында - мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 297-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
297. Салық органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің мақсаты және деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Салық қызметі органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.
298. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерiн анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзедi және хабар берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәлiметтерді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi берiлген деректер негiзiнде шетел валютасындағы түсiмдер сомасын аумақтық бөлiмшесiнiң 0900НП «Шетел валютасында анықтағанға дейiнгi сома» ерекшелiгi кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға электрондық түрде хат жiбередi.
299. Мемлекеттік мекеме деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.
300. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасындағы түсiмдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменiң қайта айырбастауға арналған өтiнiмi негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
301. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi тексеруден кейiн шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм деректерін ҚБАЖ-ға енгізудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 302-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
302. Қағаз тасығышта шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімде қате болған немесе түзету болған, қандай да бір талап етілетін деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлері бойынша), қайта айырбастау күніне бағам жеткіліксіз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындаусыз қайтарылады.
303. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы корреспондентік шоттары бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттары алынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 304-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күні шетел валютасындағы шоттары жөніндегі үзіндіні мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесі қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді, сондай-ақ жауапты орындаушының белгісі соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнін көрсете отырып, қағаз тасығышта ұсынылған мемлекеттік мекеменің шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің бір данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.
7-бөлiм. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
305. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
306. Төлемдi уақтылы және толық жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджет ақшасын тиiмдi басқару үшін қолма-қол ақша көлемiн болжамдау мақсатында бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтiліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерiсi болып табылатын қолма-қол ақша тасқының болжамын (бұдан әрi - болжам) жасайды.
307. Болжам Бюджет кодексiне сәйкес мынадай деректер:
тиiстi қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
түсімдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсiмдерге салыстырмалы талдау жүргiзудi есепке ала отырып, тиiстi бюджеттерге түсетiн ақша түсімдерінің күтiлетiн көлемi;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджетік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негiзiнде жасалады.
308. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп:
бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн нақтылайды.
309. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi;
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
310. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
311. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi.
313. Жүргiзiлген төлемдердiң болжамдық көлемi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер болжамдау көлемi мен тиiстi бюджеттiң шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерiсiн ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженiң 2-бөлiмiнiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне өзгерiс енгiзедi.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын
орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 315-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
316. Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негiзiнде жүзеге асырылады.
317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректердi: орналастыру сомасының мерзiмiн, орналастыруды бастау және аяқтау күнiн, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиiс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 319-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 320-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес.
321. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган Келісім талаптарына сәйкес және мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмде бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi органың шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргiзедi. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органнан шотқа ақша түскеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi күннен кешiктiрмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
322. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Келісімінде талапта көзделген мерзiмде Келісімде көрсетiлген деректерге салым сомасын аударуды жүргiзедi, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғаны үшiн есептелген сыйақыны (мүдденi) толық көлемде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 323-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
39-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау мен тiркеу және төлемдер жүргiзу рәсiмдерi, құпиялық белгiсi соғылған бюджеттiң атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
324. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн қабылдау мен тiркеу және төлемдердi жүзеге асыру тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженiң 156-161-тармақтарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жол берiледi.
325. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджеттi атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруi тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
8-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер өздерiнiң билiгiнде қалатын
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақшаны, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен түсетiн түсiмдердi, жеке немесе заңды тұлға оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік
мекемеге беретiн ақшаны пайдалану
40-тарау. Жалпы ережелер
326. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.
327. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ларына есептелуi тиiс.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиiстi шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етедi.
41-тарау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша
328. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі негізінде, Мемлекеттік мекемелердiң өздерінің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiнiң сыныптаушы негізінде мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
329. Мемлекеттік мекеменiң есебiнен ұсталатын, өздері сатудан түсетін ақша өздерінің билігінде қалатын мемлекеттік мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысы (бұдан әрi - Сыныптаушы) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледi және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодтарын, пайда болу көздерi мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес рұқсат етiлген түсiмдердi пайдалану бағыттарын қамтиды.
330. Ақылы қызметтер бойынша есепке алу ББС -шы және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
331. Ақылы қызметтер шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын, қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты үсынады.
42-тарау. Мемлекеттік мекеменің өз билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және бекіту
332. Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның есебiнен операция жүргiзу үшiн жыл сайын мемлекеттік мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
333. Жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша жасалады.
334. Мемлекеттік мекеме жоспарды осы Ереженің 96-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай тәртiппен жасайды:
Кiрiс бөлiгi:
010 «Барлық кiрiстер» жолында кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі, ол есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын және жаңа қаржы жылында түсетiн ақшаның жоспарланған сомасын қамтиды (011-жол+012-жол),
011 «Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы» жолында есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығы көрсетiледi,
012 «Ағымдағы жыл түсiмдерi» жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша түсiмдерiнiң жоспарланған сомасы көрсетiледi;
Шығыс бөлiгi:
020 «Барлық шығыстар, оның iшiнде ерекшелiктер бойынша» жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшелiктерi бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiгіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып, шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетiледi,
021 «олардың iшiнде, бюджет кiрiсiне аударуға жататын» деген жол бойынша тиiстi бюджет кiрiсiне аударуға жататын сома анықтамалық түрде көрсетiледi.
Жоспардың кiрiс және шығыс бөлiктерi әрбiр тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңдестірілуі тиiс. Бұл ретте, 010 жолының көрсеткiшi 020 жолының көрсеткiшiне теңестiрiлуi тиiс.
335. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған түсiндiрме жазбаны және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстар жөнiнде негiзделген есептердi қоса бере отырып, жоспарды 3 (үш) данада бекітуге бередi.
336. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлар негiзiнде мемлекеттік мекеме өздерiнiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстарның жиынтық жоспарын (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар) жасайды.
Мемлекеттік мекеме бойынша Жиынтық жоспарды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және келесi қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға әрбiр мемлекеттік мекеме жөніндегі жоспарлармен бiрге келісуге береді.
Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар осы Ереженің 97-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және 2 (екi) данада бекiтіледi.
Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға жоспарға түсiндiрме жазба мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша түсiмдер мен шығыстардың әрбiр түрi жөнiнде негiзделген есептер қоса бекітіледі.
337. Жоспар және Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жиынтық жоспар бөлшек қалдығымен, үтiрден кейiн бiр белгiмен мың теңгеде қалыптастырылады.
338. Жоспарлардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша және жоспардың әрбiр көрсеткiшi бойынша жиынтық жоспардың сомасына теңестiрiлуi тиiс.
339. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың, оған есептердiң жасалу дұрыстығын қамтамасыз етедi.
340. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган келiсуге ұсынған мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларға мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу жөнінде ақылы қызмет көрсету тәртібі Сыныптаушыға, шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстарды дұрыс есептеу тұрғысынан сәйкес келуге тексерiледi, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган басшысымен келісіледi және елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады.