лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 319-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 319-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен 319-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
319-1-бап. Есірткіні, психотроптык заттарды және прекурсорларды өткізудің және медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
лауазымды адамдарға және (немесе) қызметі тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге дара кәсіпкерлік қызметіне тыйым салына отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 320-бап өзгертілді; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 320-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
320-бап. Өткізу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялык емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Өткізудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 321- бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімім қара) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 321-бап жаңа редакцияда
321-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау
1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, сол сияқты оларды заңсыз жарнамалау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енген есірткі құралдарын және психотроптық заттарды медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арнап мамандандырылмаған баспа басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрілік препараттар үлгілерін жарнамалау мақсатында тарату, -
тиісті қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, дайындау тәсілдері, әдістері туралы және оларды пайдалану, сатып алу орындары туралы мәліметтерді таратуға, сондай-ақ кітап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің өндірісіне және оны таратуға, аталған мәліметтерді компьютер желілерінде таратуға немесе осы мақсатта да өзге де іс-әрекеттер жасауға бағытталған қызметін түсінген жөн.
2. Осы бапта есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсігіне ол сезіне алмайтындай әсер ететін, оның есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегімен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөніндегі қызметін түсінген жөн.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 322-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 322-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
322-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтің осы түріне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде көрсету, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алпыстан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Заңда белгіленген тәртіппен берілген тиісті құжаттарсыз халық медицинасымен (емшілікпен) айналысу, жаппай емдеу сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -
тиісті емші дипломынан немесе арнайы рұқсаттан айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерінің сыйақы алу мақсатымен дәрілік заттар жарнамасына қатысуы, медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды жұмыс орнында сатуы, сондай-ақ белгілі бір дәріхана ұйымдарына немесе өзге де ұйымдарға жіберу және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 323-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 323-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 323-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
323-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу
1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өліміне әкеп соқтырмаған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін іс-әрекет, (әрекетсіздік) егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 324-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 324-бап өзгертілді
324-бап. Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу
1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, және сапасын бақылау сынау (зерттеу), сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -
фармацевтикалық қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға жетпіс, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тіркелмеген, жалған, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер бұлар адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаса, -
қызметін тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдар мен дара кәсіпкерлерге - үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 324-1-баппен толықтырылды
324-1-бап. Заңсыз медициналық қызмет және есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
Медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның қызметтiң осы түрiмен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 325-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 325-бап өзгертілді
325-бап. Денсаулық сақтау саласындағы дәйексіз жарнама
Медициналық қызметтер көрсетудің, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің таратуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрігердің тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 327-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы
Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 328-1-баппен толықтырылды
328-1-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар ұсынуы
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар, оның ішінде құжаттарды бұрмалау жолымен табыс етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
329-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 330-бап өзгертілді
330-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегіндегілердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 330-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)
330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, —
айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),-
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 332-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 333-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 333-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 333-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
333-бап. Тыныштықты бұзу
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.