Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық білімдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттік есепке алу
Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттік есепке алуды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулердi үйлестiру уәкiлеттi органына жүктеледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерi
Өнім және оның өмірлік циклінің процестері өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілерді өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтірілуі;
5) өрт автоматикасы жүйесімен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;
6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі;
7) өрттің таралуын болғызбау;
8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектілердің үй-жайларын күтіп-ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтар мен міндеттер
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 24- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 25-бап толықтырылды ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
Ұымдардың:
- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға;
- мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгізуге;
- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.
Ұйымдар:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;
- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;
- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
- өрт сөндiру жөніндегі iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;
- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;
- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына беруге;
- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау
25-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау объектінің меншік иесі мен сарапшы ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.
Сарапшы ұйым өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де қызметті жүзеге асыруға, басқа жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтер көрсетуге құқылы емес, сондай-ақ өзіне меншік құқығымен тиесілі объектіде өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалауды жүргізе алмайды.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мынадай іс-шараларды:
1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдауды;
2) объектінің өрт қауіпсіздігі жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің шығу және өршу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету мүмкіндігін анықтау үшін, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындау үшін объектіні тексеруді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізуді;
4) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындауды қамтиды.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.
Сарапшы ұйым қорытынды жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қорытындының көшірмесін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
Қорытындының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау мемлекеттік меншік объектілерінде, адамдар жаппай жиналатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жүргізілмейді.
Қатерлерді тәуелсіз бағалау нәтижелері объектілерді қатер дәрежесі бойынша бөлу үшін негіз болып табылады.
25-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өзінің штатында мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) өрт қауіпсіздігі саласында жоғары білімі бар;
2) өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемінде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.
Сарапшы ұйымдар үшін мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткізіледі, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Аккредиттеу үшін ұйым мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) ұйым жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;
3) ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
4) ұйым мамандарының білімі туралы, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердегі жұмыс стажы, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
5) ұйымдарға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай, жабдық туралы мәліметтерді ұсынады.
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкілетті органға түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге аккредиттеу аттестатын береді.
5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде мұндай бас тартудың себептері көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
6. Аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде өтініш берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
7. Уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешім қабылданған кезден бастап есептеледі.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшін осы бапта көзделген құжаттарды табыс етеді.
8. Аккредиттеу аттестатында:
1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жері;
2) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген күні;
4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары сарапшы ұйым уәкілетті органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беруді жүргізеді.
9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:
1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің өтуі;
3) заңды тұлғаның таратылуы;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру негіздері бойынша тоқтатылады.
11. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сарапшы ұйым аккредиттеу аттестатын уәкілетті органға он күн мерзімде қайтаруға міндетті.
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру
Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу
Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 28-1- баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі және олардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жана редакцияда (бұр. ред. қара)
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртібі
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.
30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау
Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 32-баппен толықтырылды
32-бап. Өтпелі ережелер
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шекті жасқа:
1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі - елу жасқа;
2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының