3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:
1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;
2) әкімшілік жаза қолданады;
3) іс бойынша жаңадан анықталған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы прокурордың қаулысына шағымдарды қарайды;
4) үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарайды.
4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында немесе істі төменгі тұрған сотта қарау кезінде жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне аударады. Егер сот қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.
5. Қылмыстар құрамын құрайтын әрекеттердің жасалу фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.
60-бап. Судья
1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау не оның үкімінiң немесе басқа шешiмiнiң атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде өкiм жасау қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 59-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiштер мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiгi тиесiлi болады.
2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады.
61-бап. Iс бойынша төрағалық етушi
1. Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады.
2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады.
3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi.
8-тарау. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттІк органдар мен лауазымды адамдар
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді
62-бап. Прокурор
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнiң, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестiрiлген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлiк прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi, прокуратуралардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.
2. Прокурор айыпталушыға немесе оның iс-әрекетi үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзiнiң дәрменсiз күйiне, айыпталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетi жоқ жәбiрленушiнiң;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы.
3. Прокурордың сотқа дейiнгi iс жүргiзу және iстi соттың қарауы кезіндегі өкiлеттiгi осы Кодекстiң 190, 190-4, 192 /алтыншы және жетiншi бөлiктерiне/, 197, 289, 317, 396 /үшiншi бөлiгiне/, 458, 460-баптарына сәйкес анықталады.
4. Прокурор өзiнiң iс жүргiзушiлiк өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.
5. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде осы Кодекс нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша анықтау және тергеу органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актілері олардың құзыретi шегiнде, Бас Прокурормен келісіле отырып, қабылданады.
2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63-бап өзгертілді
63-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы
1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы - алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы мен өз құзыретi шегiнде iс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.
2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы тергеу iсiн жүргiзудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді тергеушiге тапсырады, тергеушiлердiң жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша олардың дер кезiнде iс-әрекет жасауына, тергеушiлердiң алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, осы Кодексте белгiленген жағдайларда басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; iстер бойынша нұсқаулар бередi; алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсырады; заңда көзделген жағдайларда тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетедi; өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алады және алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне бередi; аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдайды. Тергеу бөлiмiнiң бастығы қылмыстық iс қозғауға, қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне алуға және бұл орайда тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқылы.
3. Тергеу бөлiмi бастығының қылмыстық iс бойынша нұсқауы тергеушiнiң дербестiгiн, осы Кодекстiң 64-бабында белгiленген оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуы мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағымдануға болады. Тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының iс-әрекетi жөнiнде прокурорға шағымдануы, қылмыстың сипаттамасы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кiдiртпейдi.
16.03.01 ж. № 163-II ҚР Заңымен; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 64-бап өзгертілді
64-бап. Тергеушi
1. Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: арнайы прокурор, iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi.
2. Тергеушi қылмыстық iс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргiзуге және осы Кодексте көзделген барлық тергеу қызметiн орындауға құқылы.
3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың іс-әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шаралар қолдануға міндетті.
4. Тергеушi алдын ала тергелуi мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының осы Кодекстiң 200-бабында көзделген кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ iстi кез келген сәтте iс жүргiзуге қабылдауға және оны тергеуге кiрiсуге құқылы.
5. Тергеушi, заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудiң бағыты мен тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
6. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда ол жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.
7. Тергеушi өз тергеуіндегі iстер бойынша анықтау органдарының тергелiп жатқан iске қатысты жедел iздестiру материалдарымен танысуға, осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға, анықтау органдарына жазбаша, атқару үшiн мiндеттi iздестiру және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 2004.29.12 № 25-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.03.12. № 213-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Анықтау органы
1. Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңмен белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстың белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi iстер бойынша осы Кодекстiң 200-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-iс жүргiзу және жедел iздестiру әрекеттерiн орындау;
3) осы Кодекстiң 37-тарауында көзделген тәртiппен алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау;
4) осы Кодекстiң 288-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу;
5) осы Кодекстің 23-1-тарауында белгіленген сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру жүктеледі.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) iшкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;
4) қаржы полициясы органдары;
5) контрабанда және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша - кеден органдары;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындарды өткеру кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органдары;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфiнде жасалған қылмыстар туралы iстер бойынша шекара бөлiмдерiнiң командирлерi;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезiнде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған қылмыстары туралы iстер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
9) өздерiнiң қызметкерлерi болған елдерiнде жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;
10) өртке байланысты барлық қылмыстар туралы iстер бойынша өртпен күресу қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмшелерi.
3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін, оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекске сәйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шара қолдануға міндетті.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 66-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Анықтау органының бастығы
1. Осы Кодекстiң 190-1 және 285-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, анықтау органы бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
2. Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен осы Кодекстің 130-бабында белгіленген тәртіппен жібереді.
3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтiн қылмыстар туралы iстер бойынша:
1) кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) прокурордың, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу және өзге де әрекеттер жүргiзу туралы және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.
4. Сотқа дейiнгi iс жүргiзудi анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:
1) олардың iс жүргiзуіндегі iстердi тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, айыпталушы ретiнде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемi туралы, iстердi (материалдарды) бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;
3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;
4) қылмыстық iс қозғауға және iстi өзiнiң жүргiзуiне қабылдап не жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргiзуге құқылы.
5. Анықтау органының бастығы қылмыстық iс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тiнту жүргiзу және мүлiкке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметiнен шеттету, айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға алынбаған айыпталушыны (сезiктiнi) стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, айыпталушыны (сезiктiнi) қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту, оған iздеу жариялау туралы қаулыларды бекiтедi; қылмыс жасады деп күмән келтiрiлген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын, айыптау хаттамасын бекiтедi; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдаяттарды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi; прокурорға сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен, айыптау хаттамасымен бiрге қылмыстық iстi жолдайды.
6. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөніндегі нұсқауы анықтаушының дербестiгiн, оның осы Кодекстiң 67-бабында белгiленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуға мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының iс-әрекетiне шағымдануы олардың атқарылуын тоқтатпайды.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 67-бап өзгертілді; 2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 67-бап өзгертілді
67-бап. Анықтаушы
1. Анықтаушы - өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік лауазымды адам.
2. Анықтаушы осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешiм қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуi, прокурордың, соттың санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешiмдер қабылдауға және тергеу мен басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге құқылы.
3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес қылмыстық iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде анықтаушы осы Кодекстiң 23-1 және 37-тарауларында көзделген алынып тасталатындарды қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген ережелердi басшылыққа алады.
4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлуi мiндеттi қылмыстық iстер бойынша кiдiртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық iс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттерi мен жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті.
Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөніндегі нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.
9-тарау. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе
өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар
21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді
68-бап. Сезiктi
1. Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады.
2. Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.
2-1. Күдiктi деп тану туралы қаулыда мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) оның жасалған уақыты мен жерi; қаулыны кiм жасады; күдіктi деп танылған адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған жылы, күнi, айы және оның туған жерi;
2) оны жасаған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес дәлелденуге тиiс өзге де мән-жайлар көрсетiлген, күдіктi болатын адам жасаған қылмыстың сипаттамасы;
3) осы қылмыс үшiн жауаптылық көзделетiн қылмыстық заң (бабы, бөлiгi, тармағы).
Қаулы тергелiп жатқан iс бойынша адамды күдікті деп тану туралы шешiмдi қамтуға тиiс. Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға ұсынылады. Тергеушi күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдiктiнiң құқықтарын түсiндiруге және осы қаулының көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.
3. Қылмыстық iзге түсу органының:
1) ұсталған адамды - жетпiс екi сағаттан артық;
2) жолын кесу шарасы қолданылған адамды - сезiктiге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәулiктен артық сезiктi адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталған сәтте қылмыстық iзге түсу органы сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға не оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығаруға мiндеттi.
5. Күдiк жеткiлiктi негiзделмеген деп тапқан қылмыстық iзге түсу органы осы баптың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмдер аяқталғанға дейiн сезiктiнi қамаудан босатуға, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасының күшiн жоюға мiндеттi.
6. Адам оған қатысты қудалау тоқтатылған сәттен бастап, не қылмыстық қудалау органы оны айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап сезiктi жағдайында болуын тоқтатады.
7. Күдікті:
1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туысқандары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы, егер күдікті, оның туысқандары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;
5) күдікті одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге;
6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының, оны күдікті деп тану туралы қаулының ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға;
7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;