8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.».
17. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.»;
2) 22-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ішкі істер органдарына - «полиция», «әділет»;»;
4 тармақша алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
«45-1-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимiнің енгiзiлуі, күдіктінің, айыпталушының және сотталған адамның қашуы, адамдардың кепiлге алынуы, жаппай тәртiпсiздiктер, топтасып бағынбаушылықтар кезіндегі не оларды жою үшiн қажеттi мерзiм ішінде осылардың туындау қаупi төнген кездегі мекеме персоналының жұмысы түсініледі.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет атқарудың ерекше жағдайлары режиміндегі жұмысы үш айдан аспауға тиіс және демалыс күндерiн берумен өтеледi. Қызметкерлердi қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысқа тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.»;
4) 69-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің туберкулезге қарсы мекемелер мен басқа да мамандандырылған учаскелерде және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.».
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасы екінші абзацының электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзуға (бүлдіруге) қатысты бөлігін, 8) тармақшасының екінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 18-і.
№ 547-IV