22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
24) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
25) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
26) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығымен терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.»;
2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi
1. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - қылмыстық жазалардың атқарылуын және тергеу изоляторларында күдіктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстауды қамтамасыз ету бойынша атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
3) жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
қылмыстық-атқару инспекциялары;
түзеу мекемелерi;
4) тергеу изоляторлары;
5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталған адамдарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi құрайды.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің персоналын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерінің қызметкерлерi;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнде лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынасында тұратын қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленеді.»;
4) мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:
«5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық- атқару жүйесі органдарының функциялары
1. Қылмыстық-атқару қызметi саласында Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мынадай:
1) соттардың сотталған адамдарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталған адамдарға түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталған адамдардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын, сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын күзету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі шұғыл жағдайды бақылау, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдап апару;
8) сотталған адамдарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталған адамдардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
9) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
10) сотталған адамдардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) персоналдың кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру функцияларын жүзеге асырады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталған адамдардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлік өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауға ұсынылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады.»;
5) 6-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесші орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгі ережемен регламенттеледi.»;
6) 10-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағындағы, сондай-ақ оған iргелес аумақтағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
4-2) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкiмiмен оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
4-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
4-4) сотталған адамдарды жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына мiндеттi түрде қатысуға тартуға;
4-5) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға алкогольдiк ішімдiктердi, уытты, есірткі және психотроптық заттар пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
4-6) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасады деп күдік келтірілген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеруді жүзеге асыруға;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңнамада белгіленген режимдi сақтап тұруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелері мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрi белгiлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) қылмыстық-атқару жүйесiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiстер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қолдануға;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қылмыстық жазалар мен әкiмшiлiк жазалауларды атқаруға, сотталғандардың, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;»;
7) 11-бапта:
1-тармақта:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) iшкi iстер органдарының қызметiн жазып-көрсету, қылмыстың мән-жайларын, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау, тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзетпен ұстаудан қашқан адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн және қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезінде туындаған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерiн өтеусіз пайдалануға;»;
мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6) және 39-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«39-1) сотталған адамның жеке-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстерді қолданып ықпал етуге;
39-2) сотталған адамдарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
39-3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
39-4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
39-5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдарды қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, оқу немесе жұмыс орны бойынша кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кедергісіз кiруге;
39-6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
39-7) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға жүгінуге құқылы;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға құқылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен дене күшін қолдану тәртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
8) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттарын, тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері үлгілері мен тиесілік нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нысанды және арнайы киіммен тегін қамтамасыз етіледі.».
11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
64-баптың 4-тармағындағы «Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң» деген сөздер «Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңда көзделген жағдайларда, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері (бұдан әрі - жазаларды атқаратын мекеме) мен гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау орындары болып табылуы мүмкін.»;
2) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі - тергеу изоляторлары) оларға қатысты бұлтартпау шаралары ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған.»;
3) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қамауда және қадағалауда ұстау орындарындағы күдіктілер мен айыпталушылар осы орындардың аумақтарында айдауылдың не болмаса қамауда ұстау орындары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүріп-тұрады. Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында дыбыс және бейне техникалар пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы айқындайды.»;
4) 46-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі ірі апаттар, күдіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не болмаса қамауда ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі болған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қорғаныс министрінің шешімі бойынша тиісті қамауда ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.».
13. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат):
1) 3-баптың 6), 6-1) және 6-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiн;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;
аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерiн;
атқарушы іс жүргізу органдарын қамтитын әділет органдарынан;»;
4) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
5) 10, 11-баптар алып тасталсын;
6) 12-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
7) 12-1-бап алып тасталсын;
8) 17-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы функциялары»;
5) тармақша алып тасталсын;
9) 20-бап алып тасталсын;
10) 23-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
11) 24-1-бап алып тасталсын;
12) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.»;
13) 26, 27, 28, 29, 31-баптар алып тасталсын;
14) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.».
14. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
15-баптың 1-тармағындағы «әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң,» деген сөздер «Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерінiң, iшкi iстер органдарының,» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж. № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат, № 24, 149-құжат, № 24, 152-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 6-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiне iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдары, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар кiредi.
2. Iшкi iстер, білім беру, денсаулық сақтау органдарында және жергiлiктi атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі жекелеген функцияларды жүзеге асыратын мекемелер құрылуы мүмкiн.»;
2) 10-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етеді;
7) балаларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту бойынша өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына керi әсер ететiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының тәртiбiмен жазасын өтеу кейiнге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдарды дайындайды;»;
3) 17-бап алып тасталсын;
4) 19-5-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
16. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) сотталған адамдардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталған адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді; »;
2) 9-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
3) 28-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ішкі істер органдары адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.».