19) 104-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталған адамдарға кәсiптiк бiлiм беруді және оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;
20) 105-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесiнiң түрi, жазалау мерзiмi, ұстау жағдайлары, олардың жеке басының дара ерекшелiктерi және олардың жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескерiле отырып, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен саралап жүргiзiледi.»;
21) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотталған адамдармен тәрбие жұмысы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен психологиялық-педагогикалық әдiстер негiзiнде дара, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.»;
22) 107-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталған адамдардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдарын құру мен олардың жұмысының тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
23) 108-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сотталған адамдардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»;
24) 168-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тізбеде көзделген, сотталған адамның мүгедектігі немесе сырқаты;».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 558-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтері»;
2) 35-баптың 1-тармағындағы «, қылмыстық атқару жүйесі» деген сөздер алып тасталсын;
3) 558-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнің және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының ішкі істер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.».
6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; ):
1) 60-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери-дәрігерлік сараптама Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы органдарындағы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрі - әскери қызмет немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет) денсаулық жағдайы бойынша жарамдылықты анықтау үшін, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметті немесе ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы қызметті және әскери жиындарды өткерумен (міндеттерді орындаумен) байланысты ауруының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі - мертігу) және қайтыс болуының себепті байланыстарын айқындау үшін жүргізіледі.»;
2) 107-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.
5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.».
7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):
1) 2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
2) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету;
4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
5) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;
6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;
8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.»;
2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң жеке құрамына:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдау кезінде арнайы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету;
2) күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысу;
3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
4) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге және одан кері айдап апару, бұл объектілерді оларда сотталған адамдар жұмыс істеген уақытта күзету;
5) сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға әдейі арналған әскер бөлімшелері болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтінімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және одан кері айдап апару;
6) Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;
7) патрульдiк-бекеттік қызметті атқару арқылы қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;
8) жаппай қоғамдық-саяси, спорттық және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;
9) дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың құқықтық режимiн сақтап тұру;
10) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетінен қашқан адамдарды іздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған не аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды іздеуге ішкі істер органдарына көмек көрсету;
11) Ішкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға жеке құрамды, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;
12) жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;
13) заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргізу;
14) терроризмге қарсы операцияны жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу жүктеледі.»;
3) 22-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақшада «қолдану.» деген сөз «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.»;
4) 37-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.».
8. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар
1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
1) ішкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
5) қаржы полициясы органдары;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
7) кеден органдары жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.»;
2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.».
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., №11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-баптың бірінші бөлігіндегі «және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
3) 20-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) құқық бұзушылық профилактикасы;
4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру;
7) күдіктiлердiң, айыпталушылардың және сотталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
8) сотталған адамдардың түзелуiн ұйымдастыру;
9) кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылығын анықтау және олардың жолын кесу;
10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау;
12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттiк бақылау;
14) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;
15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды айдап апару, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;
16) виза жұмысын жүргiзу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау;
17) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, дайындауды және берудi жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен азаматтарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру;
19) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
21) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитариялық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресуде жәрдем көрсету;