29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
30) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай-ақ залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
31) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
32) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу;
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер «Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «нормативтерге» деген сөз «(ветеринариялық-санитариялық) талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша «, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде дерекқор жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;»;
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) ветеринариялық анықтама беру;
20-2) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
20-3) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
20-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
20-5) биологиялық материалдан сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;»;
6) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
«15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
17) биологиялық материалдың сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу.»;
7) 11-бапта:
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды;
ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды;
аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарларды мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қоюды және жоюды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;
мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын;
уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
3) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.»;
«4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізуді;
жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттермен құрылады.»;
8) 14-бапта:
1-2-тармақта «бақылаудың» деген сөзден кейін «және қадағалаудың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1), 6), 6-1) және 6-2) тармақшаларда «бақылауды» деген сөзден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «бақылау жасауды» деген сөздерден кейін «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды» деген сөздер «іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ветеринариялық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды;»;
9) 14-1-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасы «орны ауыстырылатын» деген сөздердің алдынан «мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды),» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «, тиiстi мемлекеттiк органдардың объектiлерiн ветеринария саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;»;
10) 15-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) мал көмінділері (биотермиялық шұңқыр);
11) процессингтік орталық.»;
11) 16-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
5) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
4) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту кіреді.»;
12) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) эпизоотиялық зерттеу актісі;»;
13) 22-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;
14) 24-бапта:
1-тармақтағы «жемшөп пен» деген сөздер алып тасталсын;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;
«5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
15) 24-5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қатысты» деген сөзден кейін «ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 25-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстауға;»;
17) 32-бапта:
1 және 2-тармақтар «бақылау» деген сөзден кейін «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Процессингтік орталық:
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оларды беру процесінде ішінара алуды жүзеге асырады.»;
18) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтер мен отынға арналған шығыстарды өтеу;
3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.»;
19) 35-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «жемшөп пен» деген сөздер алып тасталып, «жүргiзу» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жемшөпті байқаудан өткiзу» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «iшкi сауда объектiлерiндегi» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жаңадан келіп түскен жануарларды оқшаулап ұстау кезінде диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеу жүргізу.».
6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
2) 7-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеуді жүзеге асыру;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 18-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы, 4, 5, 6 және 7- тармақтардағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй алу» деген сөздерден кейін «немесе салу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.».
7. «Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):
1) 5-баптың 5) тармақшасының екінші абзацында «азықтарды және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларындағы «азықтарды және», «азықтардың және» деген сөздер алып тасталсын;
3) 9-баптағы «азықтарды және», «азықтар және», «азықтардың және» деген сөздер алып тасталсын;
4) 16-баптың 2-тармағындағы «азықтарды және» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингін;
сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингін;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізуді;
жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жүзеге асыру;».
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының елу тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он үшінші, жүз отыз екінші абзацтарын, 5-тармағы 3) тармақшасының он тоғызыншы абзацын және 6-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 12-і.
№ 540-IV