19) 26-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «тұқымдық» деген сөз «асыл тұқымды тұқымдық малдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және сақтау» деген сөздер «, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;»;
2-тармақта:
«тұқым» деген сөзден кейін «, сапалық» деген сөзбен толықтырылсын;
«асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.»;
21) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргізу болып табылады.
2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.»;
22) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желілерін және (немесе) арғы ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік үйірін өсіру, жетілдіру және өткізу;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберінде және ғылым жетістіктеріне сәйкес асыл тұқымды, оның ішінде гендік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін жетілдіру;
4) асыл тұқымдық куәліктер беру болып табылады.»;
23) мынадай редакциядағы 28-2-баппен толықтырылсын:
«28-2-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата
1. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және қызмет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында ірі қара малдың әр тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады және қызмет етеді, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар және өкілдіктер) құруға құқылы.
Егер, ірі қара малдың бір тұқымының мүддесі Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ірі қара малдың бірнеше тұқымдары бойынша қандай да бір республикалық палатамен қорғалса, жұмыс істеп тұрған республикалық палатаның қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, ірі қара малдың бұл тұқымы бойынша жеке республикалық палатаны құруға жол берілмейді.
Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледі.»;
24) мынадай редакциядағы 28-3-баппен толықтырылсын:
«28-3-бап. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның құзіреті
Ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар:
1) тиісті тұқымдағы асыл тұқымды малды есепке алуды ұйымдастырады және оларды селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпарат қорына тіркеу арқылы деректер қорын жүргізуді жүзеге асырады;
2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестіреді;
3) асыл тұқымды малға мәртебе береді;
4) асыл тұқымдық куәліктер беруді жүзеге асырады;
5) аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде субсидиялауға жататын, өткізілетін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындауға қатысады;
6) асыл тұқымдық кітапты жүргізеді және басып шығарады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.»;
25) 31-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «саласындағы» деген сөз «туралы» деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 33-бапта:
«заңды және (немесе) жеке тұлғалары» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шетел азаматтарымен» деген сөздер «шетелдіктермен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат;):
2-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) асыл тұқымды мал - тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
4) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;»;
19) тармақшадағы «ұзақ уақыт» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) селекциялық мал - асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған, тұқымның түріне және өнімділік бағытына сай келетін мал.»;
5. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 16-1), 19-1), 39-1), 39-2), 39-3), 42-1) және 45-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
3-3) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдары (заттары) - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (ілінетін, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және өзге құралдар;
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын белгілеу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі - лазерлік станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарына жеке нөмірді белгілеуді жүзеге асыратын ұйым;
16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық (селолық) округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
19-1) ветеринария саласындағы маман - ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар, ветеринария жүйесінің (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері) қызметкері.
39-1) мониторинг - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, оларды талдауды, бағалауды және болжауды қамтитын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйін байқаудың мемлекеттік жүйесі;
39-2) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау - өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындауға уәкілетті орган ауық-ауық жүргізетін рәсім;
39-3) процессингтік орталық - Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандандырылған ұйымдар арасынан анықтаған, эмиссия бойынша деректер базасын жүргізетін, ақпараттың сақталуын және нақтылығын, уақтылы эмиссиясын қамтамасыз ететін жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторы;
42-1) тіркеу - ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілер туралы дара нөмірлері бойынша деректер қорында бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, заттар (құралдар) мен нысандар туралы ақпаратты енгізу рәсімі;
45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі - эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және мал ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жаңадан түскен малды оқшаулап ұстау кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат;»;
9), 10), 12), 13), 14), 15) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жануарлардың, жануардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
10) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтарын жүргізу (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнiмдері мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;»;
2) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидасын бекіту;
9-2) ауыл шаруашылығы жануарларын және оларды өндірушілерді бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, заттарды (құралдарды) және нысандарды тіркеу қағидасын бекіту;»;
17) тармақшада «объектiлердiң» деген сөзден кейін «және биологиялық материалдың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) және 18-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) жануарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту;
18-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
18-5) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін бекіту;»;
3) 8-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;»;
14) тармақшада «, аспаптарға, құрал-саймандарға» деген сөздер алып тасталсын;
34) тармақшада «объектiлердiң» деген сөзден кейін «және биологиялық материалдың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-1) процессингтік орталықтың қызмет ету қағидаларын әзірлеу;
38-2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін құралдарды (заттарды) және нысандарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу;»;
39) тармақшада «және жүргiзу» деген сөздер «, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3), 46-4), 46-5), 46-6), 46-7), 46-8) және 46-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-1) малды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу;
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
46-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
46-6) жаңадан жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларды келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-7) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу;
5-тармақтың 3) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялау;»;
4) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері;»;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейіндегі бөлімшелерді қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері дербес бөлімшелер нысанында құрылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бөлімшесінің басшысы Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады.».
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.»;
5) 10-бапта:
тақырыбындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац пен 2) және 3) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «Қазақстан» деген сөздің алдынан «ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
10-2) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;»;
11) тармақшадағы «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздер «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын:
16) тармақша алып тасталсын;
17) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдау;
4) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
6) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
8) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
9) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және оны уәкілетті органға ұсыну;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды ұйымдастыру және жүргізу;
12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
13) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
14) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
15) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
17) жануарға ветеринариялық паспорт беру;
18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;
19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
20) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
21) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;
22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
23) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
24) ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) талаптарға сәйкес мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салу және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
25) ветеринариялық анықтама беру;
26) биологиялық материалдан сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу;
27) жануарларды күтіп-ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету қағидаларын бекіту үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына жануарларды күтіп-ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
28) мүдделі тұлғаларға ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда және ветеринариялық нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;