2-1. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.
Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың осы баптың 1-тармағында көзделген түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылған кезде мұндай қолдаудың жиынтық құны концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің құнынан аспауға тиіс.
3-тарау.
ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:
концессиялық ұсыныстарды іріктеу;
тізбені қалыптастыру;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.
2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды дайындау
1. Концессиялық ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында жеке немесе заңды тұлғалардың жеке бастамасы тәртібімен енгiзген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Концессиялық ұсыныстар:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.
3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
4. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды
5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге
арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-2-бап. Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе
түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Техникалық-экономикалық негіздеме пайда мен шығынды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасалады.
4. Әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесіне қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы оны экономикалық сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады, ол осы Заңда айқындалған мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынады.
6. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Тізбені қалыптастыру
1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:
1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері;
2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.
3. Тізбені мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және республиканың стратегиялық даму жоспарларына, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.
17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал концессионерлерге мынадай ақпаратты:
1) ықтимал концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) техникалық ерекшеленімдерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіле отырып, концессияға беруге ұсынылатын объектінің техникалық-экономикалық негіздемесін, сипаттамасы мен оның жалпы техникалық және сапалық сипаттамаларын;
3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы концессия жобасы үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлерін және жол берілетін көлемдерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық өлшемдердің, оның ішінде қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның ішінде мұндай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсілінің сипаттамасын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) концессия объектісінің құны көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық өтінімдерді жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды;
8) ықтимал концессионердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;
9) конкурстық өтінімдерді табыс етудің тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) ықтимал концессионердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;
11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал концессионерлер түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде ықтимал концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;
12) конкурстық өтінімді енгізудің шартын және оның мазмұнын;
13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі анықталған кезден бастап екі сағаттан кеш емес);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
14) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау үшін пайдаланылатын рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы табыс етуге міндетті.
2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы алуға құқылы.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
3. Ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмеуге тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы сауал тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлауға міндетті.
Қайта конкурс өткізу кезінде ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей, ал қайта конкурс өткізу кезінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде өз бастамасымен немесе ықтимал концессионердің сауалына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осы өзгерістер туралы дереу хабарланады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы ықтимал концессионерлердің осы өзгерістерді конкурстық өтінімдерде есепке алуы үшін конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күнге, ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта ықтимал концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге жіберіледі.
6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.
18-бап. Ықтимал концессионерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін ықтимал концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті, таратылмайтын болуға, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылмаған болуға тиіс;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
3) соңғы үш жыл ішінде жасасылған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапқа тартылмаған болуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) іске асыруға ұсынылатын концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын өз капиталы болуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;
2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді
2. Ықтимал концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды табыс етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.
Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға ықтимал концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ықтимал концессионердің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ықтимал концессионер біліктілік талаптары бойынша сенімді емес ақпарат табыс еткен жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Табыс етілетін ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы комиссия ықтимал концессионердің біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын құжаттарды қараған кезде белгіленеді.
4. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ. Ықтимал концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.
19-бап. Концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу
1. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурс өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау міндетті болып табылады. Конкурс өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға табыс ету үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай ықтимал қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуға тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде міндетті түрде жариялайды.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиісті ұйымдастырушы болып табылады.
5. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспеген не конкурсқа қатысуға бір өтінім табыс етілген жағдайда, онда концессияның осы объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпеген болып есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу
1. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиiстi конкурстық өтiнiмдердегі концессиялық өтiнiмдердi оларға сараптама жүргiзу үшiн жібереді.
Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Конкурсты ұйымдастырушы тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, конкурсқа қатысушылар табыс еткен барлық конкурстық өтiнiмдердi қарайды.
Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлетiн және конкурсқа қатысуға бiр ғана конкурстық өтiнiм табыс етiлген жағдайда, комиссия осы өтiнiмде табыс етiлген концессиялық жобаны оның iске асырылу мүмкiндiгi тұрғысынан қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі Қазақстан Республикасының ?кіметi белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.
4. Келiссөздердi дайындау шеңберiнде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жiберуге тиiс.