2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезiнде өзге талаптарды алға тартуға тыйым салынады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін;
- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, радио және телевизия бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды уақытша тоқтату түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгіттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгіт жүргізу, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгітке тыйым салынған кезеңде оны жүргізу, ереуілге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бір жыл ішінде қайталап бұзу заңда белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3- тараудың тақырыбы мен мәтініндегі «құралдарын тарату», «құралдарын таратуды», «құралы таратуға» деген сөздер тиісінше «құралдарының өнімін тарату», «құралдарының өнімін таратуды», «құралдарының өнімін таратуға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
03.05.01 ж. № 181-II ҚР Заңымен;19.12.03 ж. № 509-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға тыйым салынады.
Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.
2007.18.06 № 264-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.
Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Шығарылым деректерi
1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;
2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi;
4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;
7) таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы.
2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары мен теле- және радиохабарлар материалдарын сақтау
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық Мемлекеттік кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тіркеу журналында көрсетуге және оны соңғы жазба жасалған кезден бастап кемінде бір жыл сақтауға міндетті. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сақталады.
4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы
17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті.
2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.
3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 18-бап толықтырылды
18-бап. Ресми хабарлар
1. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес орналастырылады.
2. Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге міндетті.
2-1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.
Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттік органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сұралып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа шағым жасауы мүмкін.
19-бап. Теріске шығару құқығы
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртібін сот белгілейдi.
3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.
4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Журналистiң құқықтары
Журналистiң:
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 21-бап толықтырылды
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 6-тараудың мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша «тіркеу», «тіркей», «тіркелген», «тіркеген», «тіркелуі», «тіркеуге», «тіркеуді» деген сөздер тиісінше «аккредиттеу», «аккредиттей», «аккредиттелген», «аккредиттеген», «аккредиттелуі», «аккредиттеуге», «аккредиттеуді» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
6-тарау. Журналистерді аккредиттеу
22-бап. Журналистердi аккредиттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың келісімi бойынша олардың жанында өз журналистерiн аккредиттей алады.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жабық шара өткізу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.
4. Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн.
5. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу
Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралы иесiнің Қазақстан Республикасының және өздерi болған елдердiң заңдарында көзделген тәртiппен басқа елдерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 24-бап толықтырылды
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртібімен тыйым салынады.
7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 25-бап толықтырылды
25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттік органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының иесi, таратушысы, бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.
2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-таптық және рулық артықшылықты, қатыгездікті, зорлық пен порнографияны насихаттап, үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер
Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін:
1) егер бұл мәліметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;
2) егер олар жарнама және ақпарат агенттіктерінен немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен алынса;
3) егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;
5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес міндетті хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының