9. Аккредиттелген ұйымдар туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
10. Қайта тіркелген не қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттелген ұйымдар көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қайта тіркеу не қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды және аккредиттеу туралы куәлікті он жұмыс күні ішінде қайтарады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті береді.
11. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау
1. Авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өз қызметiне бақылау жасайтын уәкiлдiк берiлген орынға жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей өз қызметi туралы мынадай ақпарат беруге мiндеттi:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер туралы;
2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басшылыққа алған шетелдiк мекемелермен жасасқан екiжақты және көпжақты келісімдерi туралы;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерi туралы;
4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi және оның қызметiн аудиторлық тексеру туралы;
5) осындай ұйымның атынан уәкiлдiк берiлген адамдардың тектерi туралы.
2. Мүлiктi құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың жұмысын бақылайтын уәкiлдiк берiлген орган мұндай ұйымнан оның қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қосымша қажеттi ақпарат талап етуге құқылы.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті уәкілетті орган:
1) аккредиттеу туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынылмаған;
3) уәкілетті органға аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметі бар жыл сайынғы есеп ұсынылған жағдайда қайтарып алуы мүмкін.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 47-2-баппен толықтырылды
47-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу туралы куәліктің берілген мерзімі біткенде;
2) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен уәкілетті органға қайтару туралы шешім қабылданғанда;
3) аккредиттеу туралы куәлік қайтарып алынғанда;
4) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым таратылғанда тоқтатады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде куәлік осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға қайтарылады.
V Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы
1. Осы Заңда көзделген авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туындайды.
2. Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:
1) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
2) егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;
3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;
4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасау
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар уәкiлеттi органның сұратуы бойынша пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтер, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдерiне қатысты мәлiметтер мен құжаттар беруге мiндеттi.
2009.10.07. № 179-IV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
2005.22.11. № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5), 6)-тармақшаларында аталған шаралар авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң таңдауына қарай қолданылады.
2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.
3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының