Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
Резидент заңды тұлғаның қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшесі жеке шотының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптасқан сальдосы, қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның жеке шотына жіберілуге жатады.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Салық төлеушiлердi мәжбүрлеп таратудың тәртібі
1. Мәжбүрлеп тарату:
дара кәсiпкерлердi салық органдарында тiркеу есебiнен шығару;
резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау;
заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн әдiлет органдарында есептiк тiркеуден шығару болып табылады.
2. Мәжбүрлеп таратуға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ;
2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде:
салық есептiлiгiн табыс етпеген;
әдiлет органдарында қайта тiркеу рәсiмiнен өтпеген;
салық заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтата тұрмаған;
меншiк құқығында салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерi жоқ;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;
4) 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттары жоқ және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
5) кредиторлардың және (немесе) осы баптың 7-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) табыс ету фактiсi жоқ салық төлеушiлер жатады.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей қалыптастырады.
4. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн мынадай мәлiметтердi:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
2) салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған жағдайда) не атауын;
3) кредиторлардың және (немесе) салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдау үшiн салық органының мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей жариялайды.
5. Уәкiлеттi орган осы баптың 4-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiбередi.
6. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 30 сәуiрден кешiктiрмей уәкiлеттi органға осы баптың 5-тармағында көрсетiлген тiзiмге сәйкес салық төлеушiлерге қатысты 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттарының болуы және (немесе) болмауы, банк шоттарындағы ақшаның қалдығы, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде банк шоттары бойынша 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн жүргiзiлген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат бередi.
7. Салық органдары кредиторлардың немесе салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттармен қоса 2010 жылғы 30 сәуiрге дейiн қабылдайды.
8. Салық қызметi органдары осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтердi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес мәжбүрлеп таратылуға жататын салық төлеушiлердiң тiзiмiн қалыптастырады;
2) мәжбүрлеп таратылуға жататын дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарады;
3) әдiлет органдарына Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару үшiн мәжбүрлеп таратылуға жататын резидент заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзiмiн жiбередi;
9. ұдiлет органдары осы баптың 8-тармағында көрсетiлген тiзiмдi алған күннен бастап бiр ай iшiнде:
1) резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен шығарады, мәжбүрлеп таратылуға жататын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн есептiк тiркеуден алып тастайды;
2) салық органдарына оларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару туралы мәлiметтер жiбередi.
10. Салық органдары резидент заңды тұлғалардың Мемлекеттік тiркелiмнен алып тасталғаны, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң есептiк тiркеуден шығарылғаны және салық органында дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарылғаны туралы әдiлет органдарынан мәлiметтердi алғаннан соң уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы және тәртiптегi Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұл сомаларын есептеу (азайту) тiзiлiмi негiзiнде мүндай салық төлеушiлердiң жеке шоттарын жабуды жүргiзедi. Бұл ретте, дербес шотта артық төлем және (немесе) салық берешегi сомалары болған жағдайда, мұндай сомалар Тiзiлiмде тиiсiнше есептелуге немесе азайтылуға жатады.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және нысанын уәкілетті орган белгілейтін, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын салық төлеушінің куәлігі беріле отырып жүргізіледі;
2) жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беруді салық органы мынадай құжаттардың:
жеке тұлғаның немесе кәмелетке толмаған жеке тұлғаның ата-анасының (заңды өкілінің) салықтық өтініші;
түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырады;
3) таратылатын заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық органына салық төлеушінің куәлігі немесе ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда қағаз жеткізгіште түсіндірме табыс етіледі деп белгіленсін.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 39, 40, 561, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;
2) тоқтата тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және уәкілетті органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті екені белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 581-бабының 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
48-бапқа өзгерістерді қара - 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
48-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) мынадай:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн;
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткізу бойынша айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлер салуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн;
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8-12-тармақтарының;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоятын 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының;
274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының;
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін: 657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының;
77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының;
659-баптың 4-тармағының;
660-баптың;
662-баптың;
664-баптың ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап.
1. Егер мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiнiң салық берешегiн бiр мезгiлде өтеуi қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн тудырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн мұндай салық төлеушiнiң мынадай:
1) мониторингте кемiнде екi жыл тұратын;
2) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында қызметiн жүзеге асыратын;
3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және осындай өтiнiш табыс етiлген қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 7000000 еселеген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерде салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күнi салық берешегi болатын талаптарға бiр мезгiлде сай келген кезде, мұндай салық төлеушiге салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн бес жылдан аспайтын мерзiмге өзгерту туралы шешiм қабылдауға құқылы болатыны белгiленсiн.
Бұл ретте салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту мұндай салық төлеушiлерге мүлiк кепiлiнсiз және (немесе) банк кепiлдiгiнсiз жүргiзiледi.
2. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi:
салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күніндегі жағдай бойынша салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы;
салық берешегiн өтеудiң болжамды графигiн;
салық берешегiн бiр мезгiлде өтеу жағдайында қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн растайтын құжаттарды (есеп айырысуларды, негiздемелердi) қоса тiркей отырып, тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға табыс етедi.
Мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi қосымшалары бар өтiнiштiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
3. Тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiштi алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң жобасын жiбередi.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап төлеу мерзiмi өзгертiлген салық сомасына мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 0,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Өсiмпұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аталған шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, бюджетке төлеген күндi қоса алғанда салық төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындаудың мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды
48-2-бап.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
Осы бапта көзделген салық берешегі жер қойнауын пайдалану келісімшартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылған қызмет шеңберінде түзілген және (немесе) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) ережелеріне сәйкес жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық берешегін қамтымайды.
Бұл ретте салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру осы тармақта көзделген шешім шығару күнінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы екінші бағытының қатысушысы болып табылатын салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлік кепілінсіз және (немесе) банк кепілдігінсіз шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге бір рет беріледі.
2. Салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті салық төлеуші 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай өтініш берілген айдың алғашқы күні аралығындағы кезеңде түзілген салық берешегі сомасын растайтын құжатпен қоса уәкілетті органға береді. Бұл ретте өтініште салық берешегінің жалпы сомасы, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім жобасын оның сомасын көрсетпей осындай құжаттардың көшірмелерімен қоса жібереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім шығарған күннен бастап уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай шешім қабылданғаны туралы салық төлеушіге жазбаша түрде хабарлайды және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасын көрсетеді. Бұл ретте мерзімі кейінге қалдырылатын салық берешегінің жалпы сомасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, салық төлеушіге 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасына мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 85, 86-тарауларында көзделген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 48-3-баппен толықтырылды
48-3-бап.
1. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ және бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
2) ұйымдастыру-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмейтін заңды тұлғалар бойынша мәліметтер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде алып тастауға жатқызылады деп белгіленсін.
Салық органдары 2010 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер бойынша мұндай есептен шығаруды жүргізу күніне:
салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасы;
салықтардың, басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомасы;
есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кеткен сомасы салық органдарының есептен шығаруына жатады және есепке жатқызылуға және (немесе) бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер бойынша осындай есептен шығаруды жүргізу күніндегі жағдай бойынша төленбеген салық берешегі салық органдарының есептен шығаруына жатады және бюджетке енгізуге жатпайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан бір ай ішінде алып тасталған күнінен бастап Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын есептеу (азайту) тізілімі негізінде салық органдары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен олардың жеке шоттарын жабуды жүргізеді. Бұл ретте, жеке шотта артық төлем және (немесе) салық берешегі сомалары болған жағдайда, мұндай сомалар Тізілімде тиісінше есептелуге немесе азайтылуға жатады.
49-бапқа өзгерістерді қара - 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 6-7, 25, 27-құжаттар; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21- баптың 4-тармағын;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:
«4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.»;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:
«2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.»;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты:
«85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:
1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.
2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.»;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:
«17) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес келетін, еркін қойманың кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарлар»;»;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 226-баптың 2-тармағын;
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:
«2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүліке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;
3) берілетін мүлік Осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн импортталған берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар тiзбесiне кiрсе, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
2012 жылдың 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты:
«249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту