Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазаны орындаудан босатылуға жатады.
Осы баптың ережелері:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 мамыр аралығы кезеңінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша төленген өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін түзілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің осындай түрлері бойынша өсімпұлдар сомасын төлеу есебіне бюджетке есепке алынуға жатады.
Осы баптың ережелері:
2010 жылғы 1 шілдеге дейін заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған;
осы Заңның 48-1-бабының талаптарына сәйкес келетін;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
олар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған өсімпұлдар сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қосымша және (немесе) хабарлау бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету нәтижесінде түзілген;
мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
акцизделетін өнім өндіруді;
акцизделетін өнімді сақтауды және көтерме саудамен өткізуді;
бензин, дизель отыны мен мазут өткізуді;
жер қойнауын пайдалануды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
құрылысты (тиісті лицензиясы болған кезде);
қаржы немесе сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
33-бап. 2008 жылы қолданылу мерзімі 2009 жылы бітетін патент алған дара кәсіпкерлер 2009 жылдың келесі айларына патент алу үшін патент есебін ұсынған кезде 2009 жылдың алдыңғы айларында алған табыс сомасын көрсететін болып белгіленсін. Бұл сома 2009 жыл ішіндегі табысты есептеген кезде ескеріледі.
34-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлікте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік болып табылады деп белгіленсін.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) және осы Заңды қолдану мақсатында айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2009 жылдың басында қолданыста болған мөлшерлерді негізге ала отырып айқындалатын болып белгіленсін.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-бап. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша артып кеткен сомасын осы Заңның және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) нормаларын ескере отырып қайтару тәртібін уәкілетті орган айқындайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Осы бапқа сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану тәртібі белгіленсін.
1. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, қызметтің мынадай түрлерін:
газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);
жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін;
үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Бұл ереже жоғарыда аталған салық төлеушілерге олардың жалпы белгіленген тәртіпті не арнаулы салық режимін пайдалануына қарамастан қолданылады.
2. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, күнтізбелік жылда бәрін қосқанда тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылатын қызмет дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызмет деп түсініледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар күнтізбелік жылда тоқсан күннен асатын мерзімде қызметін жүзеге асырған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.
5. Біржолғы талон арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат болып табылады.
6. Біржолғы талондардың кұны табыс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен алаңын, сондай-ақ қызметпен айналысу тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Біржолғы талондарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған органдар қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін береді.
Салық төлеушінің қалауы бойынша біржолғы талон бір күнге немесе неғұрлым ұзақ мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Біржолғы талонды бір күннен асатын мерзімге берген жағдайда, оның бағасы жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленген бағаны біржолғы талонның қолданылатын күнінің санына көбейту жолымен айқындалады.
Біржолғы талондар беру:
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін - салық төлеушінің куәлігін;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде жүргізіледі.
Біржолғы талонның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қызмет тоқтатылған жағдайда, қызмет уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген жағдайларда біржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Біржолғы талон біржолғы талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Біржолғы талонның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.
9. Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеушілер кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен немесе біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша қызметтің көрсетілген түрлері бойынша салықты есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпы белгіленген тәртіппен не ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер мен шығыстар салық салынатын кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Көрсетілген жағдайларда жеке немесе корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы біржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауы тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Базарларда жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың қызметкерлері тауарлар өткізген, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен жағдайда, біржолғы талон дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға беріледі.
Көрсетілген жағдайда қызметкер біржолғы талонды алу үшін:
2012 жылғы 1 қаңтарға дейін - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін қоса беріп, біржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуға тиіс.
Базарда сатуды күнтізбелік жылдың тоқсан күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет жөнінде жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын ұсынбайды.
11. Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органдар:
1) біржолғы талондар түбіртектерінің толтырылуының толықтығын, дұрыстығын және сақталуын;
2) біржолғы талондарды беруден түскен сомалардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен журналда біржолғы талондарды беру есебінің жүргізілуін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ай сайын салық органына:
кәсіпкерлік қызметі жылына 90 күннен асатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар туралы;
біржолғы талондардың пайдаланылған және бүлінген бланкілері туралы;
қалған біржолғы талондар туралы;
біржолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
жеке тұлғалар отыз күнге сатып алған талондар мерзімінің біткен күні туралы мәліметтер беріп отыруды;
5) біржолғы талондардың түбіртектерін, бүлінген және пайдаланылмаған біржолғы талондарды есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей салық органына тапсыруды қамтамасыз етеді.
12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер сатып алушының талабы бойынша берілген және тауарлар өткізгені, жұмыстар орындағаны, қызмет көрсеткені фактісін растайтын құжатта базардың атауын, біржолғы талонның сериясы мен нөмірін, берілген күнін көрсетуге міндетті.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бап 13-тармақпен толықтырылады (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36-1-бап. Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 656-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осы бапта белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық өндіріліп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың қызметіне бақылау:
бюджетке берілген біржолғы талондар сомаларының дұрыс есептелуі, толық әрі уақтылы аударылуы (есепке жатқызылуы);
біржолғы талонды, біржолғы талон түбіртегінің толық және дұрыс толтырылуы, біржолғы талондар түбіртектерінің сақталуы;
салық органдарына мәліметтердің дұрыс және уақтылы табыс етілуі;
біржолғы талондарды беру есебінің дәйекті жүргізілуі мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдарының уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондар беру үшін айқындаған органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылауды тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау жүргiзуге тартылатын басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (олар болған жағдайда);
5) бақылауды жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылауды жүргiзу мәселелері;
8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешім құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдарда бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік тіркелуге жатады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және осы Заңның 36-бабының 4-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 43-бабының ережелері қолданылады деп белгіленсін.
38-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 114-бабының мақсаттары үшін салық салынатын табыс осындай шығыстарды шегергеннен кейін нөлден жоғары болған жағдайда, біржолғы талон сатып алу шығыстары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатады деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 137-бабының мақсаттары үшін, егер осы салық кезеңі ішінде салық төлеуші біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңінде шеккен зияны 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі салық кезеңіне ауыстырылмайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолдана отырып, жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыруымен байланысты төлемдер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталатын салық агентінен түсетін Қазақстан Республикасы азаматының немесе оралманның табысына жатпайды деп белгіленсін.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42-баптың бірінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын:
Бірінші бөлік 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып түсуi).
Екінші-төртінші бөліктер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау тәртібін белгілейді.
43-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 332-бабының 5-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
44-бап. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудың тәртібі белгіленсін.
1. 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін орналасқан жері бойынша салық органына 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін;
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті;
3) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Құжат көшірмесінің нотариаттық куәландырылған күні мен салық органына табыс етілген күні арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мыналар:
азаматтарды тіркеу кітабы;
жылжымайтын мүлікті жалдау (сатып алу-сату) шарты;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құжат дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растау немесе растаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қосылған құн салығын төлеушіде салықтық өтініш беру күніне төмендегі жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі болған:
1) салық есептілігін беру жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесі болған;
2) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
іздеу салынған адам болып табылған ретте, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылуын растаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны расталған жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беруді жүргізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешімді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін салық органдарына өтініш жасамаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
Олар жөнінде салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар салық органы шешім қабылдаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда берілген, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігін қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
5. 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған деп танылады. Бұл ретте оларға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған міндеттемелер жөніндегі қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттемелер қолданылады.