2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;
3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) мынадай:
салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша;
резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану жөніндегі өтінішінің негізінде жүргізілетін тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен5) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселені қайта қарау туралы резидент еместің өтінішін қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;
6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 535-бап өзгертілді
535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi
1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
1-1. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.
5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртібіне сәйкес белгiленедi.
95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi
1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:
1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушiнің толық атауын;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
5) тексеру түрiн;
6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;
7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.
2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Тақырыптық, қосымша, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.
4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетіледi.
6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.
537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.
4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңіндегі салық есептілігiне салық төлеушiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізуiне жол берiлмейдi.
538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi
1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.
2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
3. Хаттамаға салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметi органы лауазымды адамдарында ол болуға тиiс.
5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:
нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;
нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;
бұл адамдар нұсқамада көрсетiлмеген болса;
тексерiлетiн салық кезеңiне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруiн жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.
539-бап. Құжаттарды алып қою
Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
540-бап. Салық тексеруiн аяқтау
1. Салық тексеруi аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы мыналарды:
1) салық тексеруiнің жүргiзілген орнын, актi жасалған күнiн;
2) тексерудiң түрiн;
3) салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын;
4) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның тiркеу нөмiрiн;
6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігi мен бухгалтерлiк есептіліктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тексеру жүргiзуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
7) алдыңғы жүргiзiлген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
8) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
10) салық тексеруiнiң нәтижелерiн көрсете отырып, салық тексеруiнің актiсiн жасайды.
2. Салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушiге тапсырылған күн салық тексеруi мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.
3. Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруi актiсiне тиiстi белгi қойылады.
4. Салық тексеруi актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салық тексеруi барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
5. Салық тексеруi актiсi кем дегенде екi дана етiп жасалады және оған салық тексеруiн жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды.
6. Салық тексеруi актiсi салық тексеруi актілері мен хабарламаларын тiркейтiн арнаулы журналда тiркеледi, ол нөмiрленуге, бау өткiзiлуге және салық қызметi органының мөрiмен куәландырылуға тиiс.
7. Салық тексеруi актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеушi (салық агентi) салық тексеруi актiсiн алған кезде оны алғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 541-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
541-бап. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша шешiм
1. Салық тексеруi актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексеруiн аяқтау бойынша салық қызметi органы осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiлетiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары және өсiмпұлдар туралы хабарлама шығарады.
2. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеудi, осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
3. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер:
1) хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
2) салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi;
4) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
6) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi;
7) шағым жасау мерзiмi мен орны болуға тиiс.
4. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
5. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды.
96-тарау. Камералдық бақылау
542-бап. Камералдық бақылау ұғымы
1. Камералдық бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептілігiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады.
543-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
Салық органы салық есептілігiн қателiктер тапқан, салық есептілігiнде келтiрiлген мәлiметтердiң арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген қателiктердi өз бетiнше жоюы үшiн, сондай-ақ салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне көшуi үшiн хабарлама жiберiледi.
97-тарау. Мониторинг
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 544-бап өзгертілді
544-бап. Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы
1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiлердiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.
2. Электронды мониторинг - осы баптың 1-тармағында белгiленген, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретiн мониторинг түрi.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингi республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 545-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
545-бап. Мониторингке жататын салық төлеушiлер
1. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
2. Аймақтық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
3. Мониторингке жататын салық төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен және мерзiмдерде салық есептілігiн тапсырады.
98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса
машиналарын қолдану
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 546-бап өзгертілді
546-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегiн беру арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) жеке кәсiпкерлердің (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа):
қызметiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде бiр жолғы талон немесе патент негiзiнде жүзеге асыратындарының;
егер дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бұрын алмаған салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері алты ай өтпеген болса;
қызметiн шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) (бұр. ред. қара)
2) салық төлеушiлердiң:
қызметiн осы Кодекстiң 391-397-баптарында белгiленген арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн немесе құзыреттi мемлекеттік орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттік орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi;
ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратындарының;
3) адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн (бұдан әрі Мемлекеттік тізілім) және оны қалыптастырудың ережесін бекiтедi.
Компьютерлік жүйе Мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындының негізінде қосылады (ажыратылады).
Қорытынды, компьютерлік жүйенің осы бапта белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудің тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауар чектерін пайдалануға және беруге рұқсат етiледi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 547-бап өзгертілді
547-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі талаптар
Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:
1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi;
2) техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;
3) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының чегiн беру жүзеге асырылады;
4) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарына салық органдарының енуi қамтамасыз етiледi.
548-бап. Бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына салық бақылауын жасау
Салық органдары:
1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртібінiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнің салық мiндеттемелерiн орындау жөніндегі салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискальдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен 99-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған
мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін сақтауға
бақылау жасау, уәкілетті және жергiлiктi атқарушы органдарға
бақылау жасау
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Акцизделетiн тауарларға бақылау жасау
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1 тармақ өзгертілді
1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2) тармақшасында белгiленген тауарлар, сондай-ақ, осы Кодекстiң 257-бабының 1-тармағының 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен және шарттар бойынша есепке алу-бақылау маркаларымен маркалануға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалауды акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жүргiзедi.
Осы баптың 1-тармағына сәйкес маркалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.
3. Салық органы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалаудың ережесін акцизделетiн тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды.
4. Салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздiк постылар белгiлейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Уәкілетті орган акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға
бақылау жасау
2006.31.01. № 125-III Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асырады.
2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 551-бап өзгертілді
551-бап. Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау
Салық қызметiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөніндегі мәселелер бойынша уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі
органдары лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау
100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым
жасау тәртібі
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Салық төлеушiлердің салық тексеруi қорытындылары бойынша шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушiнiң салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізедi.
1-1. Салық төлеушінің уәкілетті органның лауазымды адамдары жүргізген тексеру актісі бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 553-557-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
1-2. Салық төлеушінің сотқа шағым беруі салықтық тексеру актісі бойынша шағым келтірілген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық төлеуші салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салықтың және өсiмпұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде сотқа шағымдануға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 553-бап өзгертілді
553-бап. Салық төлеушiнің шағым беру тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)