1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;
2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.
2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.
3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 2006.05.05. № 139-III ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді
196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi
1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.
2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:
1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:
резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердің тұтас алғанда осындай салық кезеңінде еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады. Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.
3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
4. Растайтын құжаттар мыналар:
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:
тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны;
әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;
2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық есептің көшiрмесi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.
6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептілігiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.
197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсi
1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.
2. Растайтын құжаттар мыналар:
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшiрмелерi.
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 198-бап өзгертілді
198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын шартты банк салымдары арқылы төлеу тәртібі
1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібі, егер осы Кодекстiң 199-201-1-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын осы баптың 1-тармағында аталған резидент еместің осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібін қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалып, мемлекеттік бюджетке жалпы белгiленген тәртiппен аударуға мiндеттi.
3. Табыс табатын резидент емес, салық агентi және салық агентi белгiлеген резидент-банк (бұдан әрi - банк) осы баптың ережелерiн ескере отырып, шартқа қатысушылармен келiскен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасасады.
Осы Кодекстің 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен табыс салығын төлеу күніне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агенті төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.
4. Салық агентi:
1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берілетін мұндай шартты өзінің тіркелген жері бойынша салық органында тiркеуге;
2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің тіркелген жері бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге міндетті.
5. Осы баптың ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана қолданылады. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар тiркелуге тиiс.
6. Резидент емеске табыс төлеу кезiнде салық агентi осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және ұстап қалған салық сомасын резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына аударуға мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық шарт талаптарын орындау кезiнде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiп пен нысан бойынша өтiнiш табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 8 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.
Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
9. Ұсталған табыс салығын қайтаруға салық органы куәландырған өтiнiштi алған кезде, банк осындай өтiнiштi берген резидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетiлген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелiк етуге құқық бередi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 10 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент еместiң осындай шешiмдi алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн iшiнде не осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда оның шешiмiне шағымдану туралы бiр мезгiлде салық органына хабарлай отырып, халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға (қажет жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) өтiнiш жасауға құқығы бар.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 11 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11. Өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылданған кезде және резидент еместен салық органының шешiмiне шағымдану туралы хабарламаны салық органы алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, резидент еместiң табыстарын салық салудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тiркеп, өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын есептелген банк сыйақыларымен бiрге мемлекеттік бюджетке аудару туралы инкассолық өкiмдi банкке жiбередi.
12. Банк инкассалық өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті. Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы резидент еместің мемлекеттік бюджет алдындағы мiндеттемесiн өтеу есебiне есепке жатқызылады.
13. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетелдiк валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдiк валютада ашылған жағдайда, табыс салығының және банк сыйақыларының сомасы бюджетке салық төлеген кездегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютамен аударылады.
14. Резидент еместің және салық агентiнің салық органы қандай да бiр шешiм қабылдағанға дейiн шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.
15. Шартты банк салымы туралы шарттың ережелерi бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттік бюджетке банктiң кiнәсiнен уақытылы аударылмаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
16. Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттік бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелердi банктiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, төлем көзiнен табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттік бюджетке салықты дер кезiнде аудармағаны үшiн айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі мiндеттемелер салық агентiне жүктеледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 16-1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер , есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей салық агенттерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есеп беруге міндетті.
17. Салық органдары:
1) шартты банк салымдарында орналастырылған;
2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
3) мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 198-1-баппен толықтырылды
198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан төленген табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтару тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң ішінде мемлекеттік бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш бередi.
Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтінішті резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) аяқтағаннан кейін салық органына табыс етеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, салық органына өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органы өтінішті қарайды және онда көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстің 40-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргізеді.
Резидент емес талап етілетін құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент емеске жауап жiбередi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға құқығы бар.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 199-бап өзгертілді
199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстарға салық салуға қатысты қолдану тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.
Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлік құралдарын пайдаланудан түскен кірісті резидент емеске төлеу кезінде салық агенті, егер мұндай резидент емес табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Салық агенті салық органына берілетін төлем көзінен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірісті және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерін заңсыз қолданған жағдайда салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 200-бап өзгертілді
200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты қолдану тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және тиісті халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезінде салық агентінің резидент емес ұсынған, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттікті растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шартты өздігінен қолдануға құқығы бар.
Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
Осы бапта белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенімгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;
5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;
7) күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға;
8) осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 201-бап өзгертілді
201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен таза табысқа салық салуға қатысты қолдану тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртібі көзделген болса, мұндай резидент еместiң осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 201-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 201-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салуға қатысты қолдану тәртібі
1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, егер осындай резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.