Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 ж. 28 желтоқсанда және 2012 ж. 1 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі— ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
5) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама;
6) кредиттік бюро — кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым;
7) кредиттік есеп — кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;
9) кредиттік есепті алушы — кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;
10) кредиттік есепті беру — кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
11) кредиттік тарих — кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
12) кредиттік тарих субъектісі — өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі— кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге не өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;
14) кредиттік тарихты қалыптастыру— кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары — кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;
16) кредиттік тарихтың деректер базасы — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс еткен заңды тұлға;
17) уәкілетті орган — қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) шартты және ықтимал міндеттемелер — өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері
Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:
1) кредиттiк тарих субъектiсi келісімiнің болуы;
2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;
3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;
4) ақпараттың құпиялылығы;
5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;
6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және
кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
2) кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларғ, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
3. Ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды және мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi мемлекеттік орган осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердiң, кредиттiк бюролардың және кредиттiк есептердi алушылардың (кредиттік тарих субъектiлерiн қоспағанда) қызметiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
5-бап. Мемлекеттік органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелерi бойынша:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртібінiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);
2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келісімiн ресімдеу тәртібі туралы;
3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібі туралы;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кредиттiк бюроларды лицензиялаудың шарттары мен тәртібі туралы;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарих деректері базасының және үй-жайының сақталуына ең төменгі талаптарды белгілеу, сондай-ақ кредиттік бюролардың тізіп көрсетілген талаптарды орындауына бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Кредиттiк бюролар
1. Кредиттiк бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
2. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi
1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:
1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткізу;
2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу;
3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) кредиттік бюроның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған шарттарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және оларға шарттар талаптарында ақпарат ұсыну жатады.
3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
8-бап. Кредиттiк бюроларға кредиттік тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптар
Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 8-1 баппен толықтырылды
8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) лицензиялаудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беруден тұрады.
2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін лицензияны алған күннен бастап жүз сексен күн ішінде іске қосуға міндетті.
4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін іске қосу үшін мынадай іс-шараларды:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
5. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Лицензия алуға қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдерi
1. Өтініш беруші кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға:
1) лицензия беру туралы өтiнiш;
1-1) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктің нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат беруге мiндеттi.
2. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға:
1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары кіруге тиіс.
4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
Кредиттiк бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2) осы Заңның 8-бабында және 9-бабының 1-тармағындаJLNK1002192130 көзделген талаптар сақталмаған;
3) өтiніш берушіге қатысты оның қызметтің осы түрiмен шұғылдануына соттың тыйым салған шешімі болған жағдайларда бас тартылады.
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдары бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар жiберуге құқылы.
2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
1) әкiмшілік айыппұл салу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуы:
1) осы Заңның 8-бабында белгiленген талаптардың сақталмауы;
2) лицензия беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуiнің анықталуы;
3) уәкілеттi органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша ұйғарымын орындамау сияқты негіздемелердiң бiрi бойынша алты айға дейiнгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Кредиттік бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметтi қоспағанда, оның қызметiн жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Мұндай шешiм кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткiзілген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрды деп саналады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Кредиттік бюроны лицензиясынан айыру
Уәкiлеттi орган мынадай негіздемелердiң бiрi бойынша:
1) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұруына негiз болған себеп жойылмаса;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Заңның 8-1-бабының 3-тармағында көзделген талап орындалмаса;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) лицензияның қолданылуы соңғы он екі айдың iшiнде бiрнеше рет (екі және одан көп) оқтатыла тұрса;
3) лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) лицензиаттың кәсіпкерлік қызметi тоқтатылса;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) лицензиат лицензия алу кезiнде көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттiк бюроны лицензиясынан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Соттың кредиттік бюроны лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдауы кредиттік бюроны таратуға әкеп соғады.
14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау
1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін кредиттiк бюро айқындайды.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін он жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Кредиттiк бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс. Кредиттік бюроны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтемді негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауаптылықты қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе оның мүлкінің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы атқарады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасын иеленуге құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюроның мүдделілігі болмаған жағдайда, ол жойылуға тиіс.
Иеленуге ешкім мүдделілік танытпаған қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның деректер базасын жою бойынша міндет қайта ұйымдастырылған кредиттік бюроның құқық мирасқорына немесе тарату комиссиясына жүктеледі.