13.8. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы кезiнде көше қиылысына кiрген жүргiзушi көше қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгiлi бағытқа шығуға мiндеттi. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргiзушiнiң бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) 5.33 белгiсi болса, жүргiзушi әрбiр бағдаршамның сигналын басшылыққа алуға мiндеттi.
13.9. Бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда жүргiзушi көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлiк құралына және осы бағыттағы жүрiс бөлiгiнде өтудi аяқтамаған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
13.10. Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы үстіндегі жүргiзушi, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлiк құралына кедергi тудыратын болса, iске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруы тиiс.
Реттелмейтiн көше қиылыстары
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 13.11.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13.11. Тең емес мәндегi жолдардың қиылысында, екiншi дәрежелi жолдың бойымен қозғалушы көлiк құралының жүргiзушiсi олардың әрi қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған, оның iшiнде кейiн қарай бұрылуды жүзеге асыратын көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргiзушi көше қиылысында керi айналуды жүзеге асырмас бұрын екiншi дәрежелi жолмен көше қиылысына жақындаған көлiк құралының оған жол беретiндiгiне көз жеткiзуi тиiс.
13.12. Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргiзушiлер бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесін өзара басшылыққа алуға мiндеттi. Екiншi дәрежелi жолмен қозғалып келе жатқан жүргiзушiлер де осы ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.13. Бiрдей маңызы бар жолдардың қиылысында рельссiз көлiк құралдарының жүргiзушiсi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссiз көлiк құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
13.14. Солға немесе керi бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағытта бiрдей маңызды жол бойымен тiке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де өзара осы ережелердi басшылыққа алуға мiндеттi.
13.15. Егер жүргiзушi жолдың төсенiшi бар-жоғын айқындай алмаса (тәулiктiң қараңғы кезi, балшық, қар және сол сияқты), басылымдылық белгiлерi болмаса, ол екiншi дәрежелi жолдамын деп есептеуi керек.
14. Жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық
көлiк құралдарының аялдамалары
14.1. Көлiк құралының жүргiзушiсi оның қозғалыс бағытындағы жүрiс бөлiгiн реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi бойымен өтiп келе жатқан жаяу жүргiншiлерге жол беруге мiндеттi.
14.2. Егер көлiк құралы реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпесi алдында аялдаса немесе қозғалысын баяулатса, көршi жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi аялдаған немесе қозғалысын баяулатқан көлiк құралының алдында жаяу жүргiншiнiң жоқ екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысын жалғастыра алады.
14.3. Реттелетiн жаяу жүргiншiлер өтпесiнде бағдаршамның рұқсат беретiн сигналы iске қосылғанда, жүргiзушi оның бағытындағы жүрiс бөлiгiн кесiп өтудi аяқтап қалған жаяу жүргiншiге жол беруге мiндеттi.
14.4. Жаяу жүргiншi өтпесiне, егер онан кейiн жүргiзушiнi жау жүргiншi өтпесiнде тоқтауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, оған жығуға тыйым салынады.
14.5. Барлық жағдайларды, соның iшiнде жаяу жүргiншiлер өтпесiнен тыс жерлерде де, жүргiзушi ақ түстi таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргiншiнi өткiзiп жiберуге мiндеттi.
14.6. Жүргiзушi аялдамада тұрған маршруттық көлiк құралына немесе одан (есiк жағынан) келе жатқан жаяу жүргiншiге, егер көлiкке отырғызу немесе түсiру жүрiс бөлiгiнде немесе жүрiс бөлiгiнде орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргiншiлерге жол беруi тиiс.
14.7. "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгiсi бар аялдап тұрған көлiк құралына жақындағанда жүргiзушi жылдамдықты азайтуы, қажет болған жағдайда аялдауға және балалар тобын өткiзiп жiберуге мiндеттi.
15. Теміржол жолдары арқылы қозғалыс
15.1. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi теміржол жолдарын поезға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып тек қана теміржол өтпелерi бойымен кесiп өте алады.
15.2. Теміржол өтпесiне кiру жолында жүргiзушi жол белгiлерiнiң, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшiнiң нұсқауын басшылыққа алуға, және бұдан басқа, жақындап қалған поездың (локомотивтiң, дрезинаның) жоқ екендiгiне көз жеткiзуге мiндеттi.
15.3. Мынадай жағдайларда өтпелерге шығуға тыйым салынады:
шлагбаум жабық тұрғанда және ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан);
бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезiнде (шлагбаумның орналасуына немесе оның бар екендiгiне қарамастан);
өтпе бойынша кезекшiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде (кезекшi жүргiзушiге кеудесiн немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерiлген қолында - жезл, қызыл фонарь немесе жалаушы, не екi жағына қолдарын созып);
егер өтпенiң арғы жағында жүргiзушiнiң өтпеде аялдауға мәжбүр ететiн тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса;
егер өтпеге көрiну шегiнде поезд (локомотив, дрезина) жақындап қалса;
Бұдан басқа:
теміржол жолдарын теміржол өтпелерiнен тыс жерден өтуге;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесi алдында тұрған көлiк құралын айналып өтуге;
шлагбаумды өздiгiнен ашуға;
жол өтпесi арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа машиналар мен механизмдердi көлiк емес жағдайда алып шығуға;
темір жол әкiмшiлiк-техникалық бөлiмше бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы 8 км/сағ. кем баяу жүретiн машиналарды, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелер қозғалысына тыйым салынады.
15.4. Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргiзушi тоқтау-сызығының, 2.5 белгiсiнiң немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда - теміржол өткелi шекарасында аялдауы тиiс.
15.5. Өтпе үстiнде амалсыздан аялдаған кезде жүргiзушi дереу жолаушыларды түсiруi және өтпенi босату үшiн шаралар қолдануы тиiс. Сонымен, бiр мезгiлде жүргiзушi мыналарға мiндеттi:
мүмкiндiк болған кезде жол бойымен екi адамды екi жаққа өтпеден 1000 м (егер бiреу болса, онда жолдың нашар көрiнетiн жағына), оларға жақындап келе жатқан поездың (локомотивтiң, дрезинаның) машинисiне аялдау сигналын беру ережесін түсiндiрiп, жiберуге;
көлiк құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын беруге;
поезд көрiнген бойда аялдау сигналын берiп, оған қарсы жүгiруге;
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндiз ашық түстi матаның қиындысымен немесе қандай ма болмасын жақсы көрiнетiн затпен, түнде шырақпен немесе фонарьмен) аялдау сигналы болып табылады. Бiр ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.
16. Автоарналар бойымен қозғалыс
16.1. Автоарналарда мыналарға:
көлiк құралдарынан тыс жаяу жүргiншiлердiң, сондай-ақ үй хайуанаттарының, велосипед, мопед, трактор және өздiгiнен жүретiн машиналардың, сондай-ақ жылдамдығы техникалық сипаттамалары бойынша немесе жай-күйiне орай 40 км/сағ. кем өзге де көлiк құралдарының болуына; рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. көп жүк автомобильдерiнiң екiншi жол жолағынан әрi қозғалуына;
тұрақ үшiн 5.15 немесе 6.11 белгiлерiмен белгiленген арнаулы алаңнан тыс аялдама жасауға;
бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында керi айналуға және оған кiруге;
артқы жүрiспен қозғалуға;
үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.
16.2. Жүрiс бөлiгiнде амалсыздан тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын Ереженiң 7-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес белгiлеуге және оны осыған арналған жол жолағына (жүрiс бөлiгiн белгiлейтiн сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолдануға мiндеттi.
16.3. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ 5.3 белгiсiмен белгiленген жолдарға да қолданылады.
17. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс
17.1. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер қозғалысына тротуармен де, сол сияқты жүрiс бөлiгiмен де рұқсат етiледi. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер артықшылықпен пайдаланады, сонымен қатар олар қозғалыстағы көлiк құралдарына негiзсiз кедергi келтiрмеулерi керек.
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 17.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17.2. Тұрғын аймақта:
көлiк құралдарының тура қозғалуына;
көлік құралдарының жүрiс бөлiгiнен тыс қозғалысына;
үйрену үшiн жүруге;
iстеп тұрған двигательмен тұруға;
рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiнiң, автобустардың арнаулы бөлiнген және белгiлермен және (немесе) таңбалармен белгiленген арнаулы орыннан тыс тұруына;
дыбыстық сигнал беруге, әуенді қатты қосуға;
тротуарларда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында тоқтауға.
17.3. Жүргiзушiлер тұрғын аймақтан шығу кезiнде қозғалысқа басқа қатысушыларға жол беруi тиiс.
17.4. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.
18. Маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы
18.1. Көше қиылысынан тыс, трамвай жолдары жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жерлерде трамвай, деподан шыққаннан басқа жағдайларда, рельссiз көлiк құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.
18.2. 5.9, 5.10.1.-5.10.3 белгiлерiмен белгiленген, маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағымен басқа көлiк құралдарының қозғалуына және аялдауына тыйым салынады.
Егер 5.9 белгiсiмен белгiленген жол жолағы қалған жүрiс бөлiктерiнен үзiк-үзiк таңбалау сызықтарымен бөлiнген болса, онда бұрылу кезiнде көлiк құралдары соған орын ауыстырулары қажет. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жол жолағына егер бұл маршруттық көлiк құралдарына кедергi тудырмайтын болса, жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiнен жолға кiрер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн кiруге рұқсат етiледi.
18.3. Елдi мекендерде жүргiзушiлер белгiленген аялдамалардан қозғалысты бастайтын троллейбустарға және автобустарға жол беруi тиiс. Троллейбустар мен автобустардың жүргiзушiлерi оларға жол берiлгендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты бастай алады.
19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және
дыбыстық сигналдарын пайдалану
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.1.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19.1. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткiлiксiз көрiну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде көлiк құралдарының мынадай жарықтандыру приборлары;
барлық механикалық көлiк құралдары мен мопедтерге - габариттiк шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары, велосипедтерде - фарлар немесе фонарьлары, делбесi бар көлiк-арбада - фонарьлар (олар болған кезде);
тiркемелер мен сүйретпе механикалық көлiк құралдарында - көлемдiк оттар iске қосылуы тиiс.
19.2. Мына:
егер жол жарықтандырылған болса, елдi мекендерде;
қарама-қарсы жол айырығында көлiк құралына 150 м кем дейiнгi, сондай-ақ және одан үлкен ара қашықтықта, қарсы келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi фардың жарығын мезгiл-мезгiл жағып-сөндiрiп, мұның қажет екендiгiн көрсетсе;
қарама-қарсы, сонымен бiрге iлеспе көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көзiн қарықтыру мүмкiндiгiн болдырмау үшiн кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылуы тиiс.
Көзiн қарықтырған жүргiзушi авариялық жарық сигналын iске қосып, қозғалыс жол жолағын ауыстырмай аялдауы тиiс.
19.3. Тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көрiну жағдайларында аялдаған және тұрған кезде көлiк құралында көлемдiк оттар жағылуы тиiс. Көру жеткiлiксіз болған жағдайда көлемдiк оттарға қосымша жақын жарық фары, тұманға қарсы фарлар және артқы тұманға қарсы фарлар iске қосылуы мүмкiн. Көлемдiк оттардың ақауы болса, көлiк құралдары жол шекарасынан тыс әкетiлуi тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, оны Ереженiң 7.1 және 7.2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 19.4-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
19.4. Жол полициясында тiркелмейтiн автокөлiк құралдарын, жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының iшінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлiгiн, бетон және цемент тасушыларды қоспағанда, 22895-77 ГОСТ бойынша М2, М3, №2, №3, О2, О3, О4 санаттарындағы көлiк құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ P 41.104-2001-ге сәйкес жарық қайтарғыш материалдармен таңбалануы тиiс;
19.5. Тұманға қарсы фарлар:
жекелей, сол сияқты фардың жақын және алыс жарығымен бiрге, жеткiлiксiз көрiну жағдайларында;
тәулiктiң қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесiнде фардың жақын және алыс жарығымен бiрге;
Ереженiң 19.6-тармағында көзделген жағдайларда фардың жақын жарығының орнына пайдаланылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.5.-1-тармақпен толықтырылды
19.5-1. Тұманға қарсы фарлар алыс және (немесе) жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 мамырдағы № 420 Қаулысымен 19.6. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19.6. Тәулiктiң жарық уақытында қозғалған кезде қозғалыстағы көлiк құралын белгiлеу мақсатында:
елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;
қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;
мотоциклдер мен мопедтерде;
ұйымдастырылған көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде;
көк түстi жарқырауық маягi iске қосулы жедел және арнаулы қызмет автомобильдерi алып келе жатқан көлiк құралдарында;
негiзгi қозғалыс легiне қарама-қарсы арнаулы бөлiнген жол жолағының бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарында;
маршруттық емес автобустарда немесе жүк автомобильдерiнде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдағанда;
қауiптi, iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау кезiнде; механикалық көлiк құралын сүйреткенде (сүйрелетiн көлiк құралында);
бөлу жол жолақтары бар жолдың қозғалыс үшiн жабық жүрiс бөлiгiн 5.34.1 белгiсiнiң талаптарына сәйкес айналып өткенде фардың жақын жарығы iске қосылуы тиiс.
19.7. Фар-прожекторды және фар-iздеушiнi қарама-қарсы көлiк құралы жоқ кезде елдi мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Елдi мекендерде мұндай фарларды тек қана жедел және арнаулы қызметтiң көлiк құралдарының жүгiзушiлерi қызметтiк тапсырманы орындау кезiнде пайдалана алады.
19.8. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көрiну жеткiлiксiз болған жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьды тоқтау-сигналына қосуға тыйым салынады.
19.9. "Автопоезд" айырым белгiсi автопоездың қозғалысы кезiнде, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көру жағдайында, бұдан басқа оның аялдау және тұру кезiнде iске қосылуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 19.10.-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлiк құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктердiң тасымалдарына ілесіп жүретiн көлiк құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда қосылуы тиiс.
19.11. Дыбыс сигналдары тек қана:
басқа жүргiзушiлердi елдi мекеннен тыс жерде басып озу ниетiн ескерту үшiн;
бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
19.12. Басып озу туралы ескерту үшiн, сондай-ақ Ереженiң 9.4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәулiктiң жарық уақытында мезгiл-мезгiл қысқа уақытқа фардың жарығын жандырып-сөндiрумен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында - бiрнеше қайтара фардың жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен берiлуi мүмкiн.
20. Механикалық көлiк құралдарын сүйрету
20.1. Сүйрету тiркеудi қолдана отырып немесе көлiк құралының алдыңғы жағына арнаулы тiрек құрылғысына сүйрететiн көлiк құралына асу жолымен, немесе оны сүйрететiн көлiк құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.
20.2. Қатты немесе иiлгiш тiркемемен сүйрету, қатты тiркеме конструкциясы сүйретiлетiн көлiк құралы сүйретушiнiң траекториясы бойынша жүретiн түзу сызықты қозғалысын қамтамасыз ететiн жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретiлетiн көлiк құралында жүргiзушi болған кезде ғана жүзеге асырылады.
20.3. Иiлгiш тiркемемен сүйреткен кезде сүйретушi және сүйрелетiн көлiк құралдарының арасында 4-6 м шегiнде, ал қатты тiркемемен сүйрету кезiнде - 4 м артық емес арақашықтық қамтамасыз етiлуi тиiс. Байланыстыратын буындар Негiзгi ережелердiң тиiсiнше 11 және 12-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиiс.
20.4. Иiлгiш және қатты тiркемемен сүйреткен кезде сүйретiлетiн автобуста (троллейбуста) және сүйретiлетiн жүк автомобилiнiң кузовында жолаушылардың болуына, ал аспалы немесе жартылай тиеумен сүйреткен кезде - сүйретiлетiн көлiк құралының кабинасында немесе кузовында, сондай-ақ сүйретiлетiн көлiктiң кузовында жолаушының болуына тыйым салынады.
20.5. Мынадай жағдайларда:
рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн көлiк құралын (аспалы әдiспен немесе жартылай тиеумен сүйретуге жол берiледi);
екi немесе одан көп көлiк құралдарын;
оның нақты массасы сүйрейтiн көлiк құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесi жұмыс iстемейтiн көлiк құралын. Мұндай көлiк құралын нақты салмақ аз болғанда тек қана қатты сүйретпемен немесе жартылай тиеу әдiсiмен сүйретуге жол берiледi;
бүйiр тiркемесi жоқ мотоциклмен, сондай-ақ осындай мотоциклдi;
көктайғақ кезiнде иiлгiш тiркемемен сүйретуге тыйым салынады.
21. Үйрену үшiн жүру
21.1. Көлiк құралын жүргiзудi бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргiзiледi.
21.2. Жолдарда үйрену үшiн жүруге тек қана үйретушiмен және үйренушiнiң бастапқы басқару дағдылары болған кезде ғана жол берiледi, мұндайда дербес үйрену кезiнде механикалық көлiк құралында жолаушылар болмауы тиiс. Үйренушi Ереженiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi.
21.3. Үйретушiнiң өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын жүргiзудi үйрету құқығына құжаты немесе 3 жылдан артық жүргiзушiлiк стажы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiк құралын басқаруға куәлiгi болуы, ал үйренушiнiң - дербес тәртiпте - жеке басын куәландыратын құжаты және осы санатты көлiк құралын басқаруға жарамдылығына медициналық растаудан өткендiгi туралы анықтамасы болуы мiндеттi. Дербес тәртiпте C, D және E санатындағы көлiк құралдарына жүргiзудi үйретуге тыйым салынады.
21.4. Үйренушiнiң жасы автомобильге 16-дан, ал мотоциклге 14-тен кем болмауы тиiс.
21.5. Үйрену жүргiзiлетiн механикалық көлiк құралы "Үйрену көлiк құралы" деген айырым белгiсiмен белгiленген және үйренушi үшiн артқы көрiнiс айнасымен жабдықталған болуы тиiс. Үйрету ұйымының жүргiзудi үйренуге арналған механикалық көлiк құралы Негiзгi ережелердiң 5-тармағына сәйкес қосымша жабдықталуы тиiс.
21.6. Тiзбесi белгiленген тәртiпте хабарланатын жолдарда үйрену үшiн жүруге тыйым салынады.
22. Жолаушыларды тасу
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 22.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22.1. Жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдауға «С» санатындағы көлiк құралдарын басқару құқығына куәлiгi (кабинадағы жүргiзушiнi қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезiнде) осы санаттағы көлiк құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Ескертпе. Әскери жүргiзушiлерге жүк автомобильдерiмен жолаушылар тасымалдауға рұқсат беру белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы кемінде жиырма бірде, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс.
Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
22.2. Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында, егер ол Негiзгi ережелердiң 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етiледi.
22.3. Жүк автомобилiнiң жүргiзушiсi жол жүрер алдында жолаушыларға мiну, түсу және кузовта орналасу тәртібі туралы түсiндiруге; қозғалыс кезiнде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиiс.
Қозғалысты жолаушыларды қауiпсiз тасымалдау шаралары қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзiлгеннен кейiн бастауға болады.
22.4. Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшiн жабдықталмаған жүк автомобилiнiң кузовында жүруге, олар борттың деңгейiнен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етiлген жағдайда ғана, жүктi алып бара жатқан немесе жүк әкелуге жiберiлген адамдарға рұқсат етiледi.
22.5. ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22.6. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асыруға, ал қозғалысты есiктер жабық күйiнде бастауы және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.
22.7. Жолаушыларды:
автомобильдiң (борттық платформасы немесе бүркемелi кузовы бар жүк автомобильдерiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, жүк мотоциклiнiң кузовында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс;
көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейiнгi балаларды санамағанда, жоғары санда. Мұндайда көлiк құралының нақты салмағы дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса көлемiнен аспауы тиiс және 12 жасқа дейiнгi балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек;
мотоциклдiң артқы орындығында мас күйiнде;
жүк автомобилiнiң кузовында отыру үшiн жабдықталғаннан жоғары санда тасымалдауға тыйым салынады.
22.8. 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдауға тыйым салынады:
мотоциклдiң артқы орындығында;
балаларға арналған ұстап тұру құрылғысы болмағанда, жеңiл автомобильдiң алдыңғы орындығында. Бұл тыйым салу жеңiл автомобиль негiзіндегі жолаушы-жүк автомобильдерiне және жүк автомобильдерiне қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 22.9-тармақпен толықтырылды
22.9. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады, онда міндетті түрде ересек (18 жастан жоғары) ілесіп жүруші болуы тиіс.
Автобустар балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген тану белгісі орнатылуы тиіс.
Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауға жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.
23. Жүк тасымалдау
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 23.1.-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23.1. Жүк тасымалдау осы мақсатқа арналған көлiк құралдарымен және көлiк құралдарының құрамдарымен жүзеге ысырылуы тиiс.
Автобустарда қол жүгiн қоятын бөлiмшеден тыс орында жүктi, оның iшiнде қол жүгiн тасымалдауға тыйым салынады.