Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 420 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде:
19.6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«елді мекендерден тыс жерлерде қозғалысы кезінде;
қалалардағы және басқа да елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы көлікте;»;
1-қосымшаның тақырыбындағы»23457-86 ГОСТ-ы » деген сөздер»"ҚР СТ 1412-2005" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол белгілері және оның сипаттамалары (ҚР СТ 1124-2003 және ҚР СТ 1412-2005 бойынша)»;
«Көлденең белгі» деген 1-бөлімнің 1.1-тармағындағы сілтемедегі «13508-74 ГОСТ-қа» деген сөздер» ҚР СТ 1124-2003» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерінде:
қосымшада:
барлық мәтін бойынша «СТ ҚР Р 51709-2003» деген сөздер» ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі «Техникалық жай-күйіне қойылатын қауіпсіздік талаптары және тексеру әдістері» деген сөздер «Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |