Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) желқағар және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабынды жағылған не болмаса түрлі-түсті пленкалар жапсырылған.
Механикалық көлiк құралы кабинасының желқағар және алдыңғы бүйiріндегі әйнектерiне жабу, оның iшiнде түрлi-түстi мөлдiр пленкалар жапсырылған.
Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М3, №2, №3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi.
7.4. Автокөлiк құралының желқағар әйнегiнiң жүргiзушi жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлiгiнде сызаттың болуы.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7.5. Конструкцияда белгiленген тәртiппен көзделген қорап немесе кабина есiктерiнiң құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектерi, цистерналар аузының тиектерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi және жолаушылар отырғыштарын реттейтiн және бекiтетiн тетiк, есiктердiң авариялық ажыратқышы мен автобустағы тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есiктерi мен оларды iске қосу құрылғылары, автобустың салонын iштен жарықтандыру аспаптары, есiктердi басқару жетегi және олардың жұмыс iстеу сигнализациясы, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнектi жылыту және үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.
7.6. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
7.7. Тартқыштың және тiркеме буынның тарту-қосу және тiреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйiрдегi тiркеме рамасымен қосылған жерiнде люфттердiң болуы.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7.8-тармақ өзгертілді
7.8. Мыналардың:
автобуста, жеңiл және жүк автомобильдерiнде, доңғалақты тракторларда медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, өрт сөндiргiштiң, авариялық тоқтап тұру белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 т-дан асатын жүк автомобильдерiнде және автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);
бүйiрiнде тiркемесi бар мотоциклде медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, авариялық тоқтату белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
22895-77 ГОСТ бойынша М2, М3, №2, №3, О2, О3, О4 санаттарындағы көлiк құралдарын СТ РК ГОСТ P 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына жауап беретiн жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы.
Ескертпе. Медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының дәрiлiк заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Денсаулық сақтау министрлігі белгiлейдi.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 7.9-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
7.9. Көлігі арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, орналасу орнына қарамастан, жарыққа шағылысатын қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері кезектесіп тұратын дыбыстық сигналдар немесе арнайы түстік-графикалық схемалар пайдаланылады *.
7.10. Көлiк құралының конструкциясында бекітілуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерiнiң болмауы.
7.11. Қауiпсiздiк белбеулерi жұмыс iстемейдi немесе олардың таспасында көзге көрiнетiн жыртықтардың болуы.
7.12. Көлiк құралының тiркеу белгiсi стандарт талаптарына сәйкес келмейдi.
7.13. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауiпсiздiк доғасының болмауы.
7.14. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тiрегiштердiң, олардың орындықтарында жолаушыларға арналған тұтқалардың болмауы.
7.15. Тежегiш жүйелерiнiң, руль басқаруының және басқа да тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген, оларға қойылатын талаптар осы Тiзбемен регламенттелетiн қосымша элементтерiнiң болмауы немесе олардың көлiк құралын жасаушы кәсiпорынмен немесе уәкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей орнатылуы.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 7.16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7.16. Жол полициясының рұқсатынсыз көлiк құралдарын қайта жабдықтау жүргiзiлген.
Ескертпе: көлiк құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) - көлiк құралының конструкциясында көзделген жол қозғалысының қауiпсiздiгiне әсер ететiн құрамдас бөлiктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерiн орнату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына
3-қосымша
Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша
арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға
және боялуға жататын жедел және
арнайы қызметтердiң, көлiктiң
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметi
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметi
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жедел қызметi
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінiң жедел қызметi
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери автомобиль полициясы.
6. Авариялық қызмет
7. Медициналық жедел жәрдем қызметi
Ескертпе:
1. Түстiк-графикалық бояу, айырым белгiлерi, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдары Қазақстан Республикасының стандарттарымен реттеледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Мемлекеттік тергеу комитетiнiң жедел қызметтерiнiң арнаулы түстiк-графикалық бояулар, айырым белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.