557-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж. № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат»):
1) 1-баптың 8-5) тармақшасындағы «, экономикалық және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-бапта:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «экономикалық» деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша:
«конкурстық құжаттаманы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
«және концессия шарттарының жобаларын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) концессиялық міндеттемелердің қаржылық шектерін және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгілейді;»;
4) 15-1-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге
арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
5) 15-2-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.».
5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
5-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.».
2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 28) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32), 33), 35), 38) және 39) тармақшаларын, 45) тармақшасының он бірінші абзацын, 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағы 41) тармақшасының оныншы абзацын және 45) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 24-і
№ 495-ІV ҚРЗ