Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік
және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-1), 17-1), 17-2), 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«17-1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
17-2) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде дайындалған, бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;»;
«29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптама қорытындылары негізінде әзірленген, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - іс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды -инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретінде іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;»;
55) тармақшадағы «, экономикалық және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепілгерлігі немесе мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесінде туындаған залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;»;
2) 14-баптың 1-тармағындағы «қоры трансферттерiнiң» деген сөздер «қорының кепiлдендірілген трансфертінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады.»;
4) 23-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 24-бапта:
3-тармақ:
«бюджетті түзету арқылы» деген сөздерден кейін «азаматтық-құқықтық мәмілелері осы Кодекстің 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
«бюджетінде бекітілген» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «өткен қаржы жылының» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалары,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 26-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 30-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімші болады.»;
8) 32-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.»;
6-тармақтағы «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 45-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.»;
10) 46-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң» деген сөздерден кейін «, облыстың өкілді және атқарушы органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
11) 49-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «трансферттер» деген сөз «кепілдендірілген трансферт» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 53-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы «конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот шешімімен тарату рәсімдерін өткізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;»;
13) 54-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын;
14) 55-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын;
15) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
16) 60-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
17) 61-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы үш жылға арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, елдің, өңірдің орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
1) мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
басым бюджеттік инвестициялар тізбесін;
2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:
өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;
мыналарды:
тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн;
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қамтуға тиіс үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды.
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн негiзгi бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде Қазақстан Республикасының немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.»;
4-тармақ «болжамын» деген сөзден кейін «тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады.
Басым бюджеттік инвестициялардың тізбесінде әрбір жоба бойынша жылдарға бөлместен жалпы сома және жобаны іске асырудың басталу мерзімі көрсетіледі.
8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
18) 62-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, мәслихаттардың аппараттары және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі және 6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
19) 64-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
2-тармақтағы «және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және» деген сөздер «, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 65-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Санаттар, бірыңғай бюджеттік жіктеудің сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
3. Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда осы бапта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
22) 67-бапта:
6-тармақта:
4) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ алып тасталсын;
13-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыны қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, стратегиялық жоспардың жобаcын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобаcын пысықтайды, бюджеттік өтінімді жасайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк қызмет көрсетудің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарайды.
5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының көлеміне әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделмеген жаңа бастамаларға арналған шығыстар енгізілмеуге тиіс.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша олар жөнінде бюджеттік қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
Тиісті бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
9. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.»;
24) 70-баптың 1-тармағы «мекемелер,» деген сөзден кейін «спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштер,» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 71-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 74-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 75-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «шығаруға құқылы» деген сөздер «шығарады» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«бір апта мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік жеті күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жергілікті бюджеттік» деген сөздер алып тасталсын;
28) 79-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган» деген сөздер «тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші бөлікте:
1) тармақша «бюджеттерге» деген сөзден кейін «ағымдағы» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) объектілер бойынша бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;»;
28) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттік инвестициялар республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін;»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;»;
29) 80-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 81-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
«Тиiстi» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;