«мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтардағы «Мемлекеттік жоспарлау», «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер тиісінше «Бюджеттік жоспарлау», «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 85-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттің атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуі пайда болған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімі бойынша, осы Кодекстің 157-бабы 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасында, сондай-ақ бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен қайта бөлуге құқылы.»;
32) тармақша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
32) 96-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 156-баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген акцияларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
33) тармақша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
33) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.»;
34) 107-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды он жұмыс күні ішінде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
6 және 7-тармақтардағы «мемлекеттік жоспарлау», «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер тиісінше «бюджеттік жоспарлау», «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) тармақша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
35) 111-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басқа бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;
36) 112-бапта:
5-тармақта:
«Үкіметіне,» деген сөз «Үкіметіне және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тиісті бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiң нәтижелерi тиісті бюджеттi әзірлеу немесе нақтылау кезінде ескеріледі.»;
37) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.»;
38) тармақша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
38) 151-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттің жобасына енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестицияларды нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тастайды. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
39) тармақша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
39) 152-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.»;
40) 153-бапта:
3-тармақ «жөнiндегi» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған оң экономикалық қорытындының негізінде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
6-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;
7-тармақ «жөнiндегi» деген сөздерден кейін тиісінше «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 154-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мыналардың» деген сөз «Осы Кодекстің 152-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мыналардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының;»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
41) тармақшасының оныншы абзацы 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады
«5-1. Осы Кодекстің 152 және 154-баптарында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген, іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.»;
«8-1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.»;
9-тармақта:
«жобалардың» деген сөзден кейін «техникалық-экономикалық негіздемесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындайды.»;
12-тармақтағы «сараптаманың» деген сөз «қорытындының» деген сөзбен ауыстырылсын;
42) 155-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
4-тармақ «жөніндегі» деген сөздерден кейін тиісінше «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 155-2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «жөніндегі» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті» деген сөз «орталық уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген осы жобаны бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
4-тармақ «талаптарды» деген сөзден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп» деген сөздермен толықтырылсын;
44) 155-3-бапта:
1-тармақтағы «тиісті» деген сөз «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «жөніндегі» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «орталық немесе жергілікті уәкілетті орган», «орталық немесе жергілікті уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 156-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оң экономикалық қорытындының негізінде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастырады.»;
4-тармақта:
«іске асыруға» деген сөздер алып тасталсын;
«бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың қорытындысы» деген сөздер «, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
45) тармақшасының он бірінші абзацы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
45) тармақшасының он екінші абзацы 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады
4-3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.»;
«5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.»;
6-тармақтағы «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 157-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.»;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
47) 159-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жүзеге асырылатын инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
48) 187-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындауды;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарауын;»;
3) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 203-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде:
«мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджетті атқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бюджетті атқару» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 215-баптың 3-тармағы «заңды тұлғалар үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):