ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 65) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
65) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 65-1) тармақшамен толықтырылды
65-1) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімге шығару) жолымен бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
66) кедендік тасымалдаушылардың, кедендік брокерлердің, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың тізілімдерді жүргізу және олардың жариялануын қамтамасыз ету;
67) кредит берушілер талаптарының тізілімін бекіту;
68) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және кәсіби аудиторлық ұйымдарға, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау;
69) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік (уәкілетті орган) құқығының субъектісі болып әрекет ету;
71) мемлекеттік басқару органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау;
72) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті кейіннен теңгерімнен есептен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
73) таратылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін қайта бөлу;
74) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген мәселелерді келісу;
75) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға беруді, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға), қайтарусыз пайдалануға өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
76) республикалық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;
77) жекешелендіру туралы шешім шығару;
78) объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
79) жекешелендіру объектісін бағалауды жүргізу;
80) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру үшін шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы уақтылы хабардар ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 81) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81) жекешелендіру шарттарын, нысанын және түрін анықтау;
82) Қазақстан Республикасының аумағына таралатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқық алған мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру, одан айыру, тоқтатып қою және әрекет етуін тоқтату туралы мәліметтер жариялау;
83) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 84) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
84) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
85) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің жүктемелері туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындау және беру;
86) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау және жасасу;
87) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаның құрылтайшысы ретінде әрекет ету;
88) заңнамаға сәйкес мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды жүзеге асыру;
89) мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс істеуін және оны басқару тиімділігі мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
90) мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарында ведомствоның және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын өзге мемлекеттік органға беру;
92) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпаратты талдау;
93) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
94) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
96) республикалық меншік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру және олардың мүліктік құқықтарын қорғау;
97) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім беру;
98) кредит берушілер комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісі жасасатын келісімдер жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 99) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
99) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келісу;
100) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық істерді жүргізу барысы туралы есептерін, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісінің сырттан байқау рәсімдерін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін қарау;
101) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарау;
102) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды беру, сондай-ақ конкурстық басқарушы мен сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;
103) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 103-1) тармақшамен толықтырылды
103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;
104) кредит берушілер комитеті оңалтуды және конкурсты басқарушымен жасасатын келісімді келісу;
105) кредит берушілер комитеті сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлем қабілетсіздігі басталған сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелері мен іс-әрекеттерін анықтау және талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша тексеру жүргізу жөніндегі іс-шаралар туралы және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де іс-шаралар туралы келісімдерін келісу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 106) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
106) егер борышкердің банкроттау туралы іс қозғағаннан кейін жекелеген кредит берушімен немесе өзге тұлғамен жасасқан мәмілесі бір кредит берушілердің екіншілерінің алдындағы талаптарын қолайлырақ қанағаттандыруға әкеп соқтырса, борышкерді банкрот деп танығанға дейінгі оның жасасқан мәмілелерін тану туралы өтініш енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 107) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
107) конкурстық, оңалтуды басқарушылар немесе сырттай байқау әкімшісінің қолдаухаты бойынша конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредит берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында сотқа өтініш бере алады;
108) борышкерді-оңалту жоспарын мақұлдау (келісу);
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 109) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
109) дәрменсіз борышкердің оңалту жоспарына өзгерістерді келісу;
110) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен дәрменсіз борышкердің кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алмаған санацияға қатысушының жауапкершілігі туралы келісімін бекіту;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 111) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
111) жоқ борышкердің мүлкі болмаған немесе оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ борышкерді конкурстық іс қозғамай банкрот деп тануға келісім беру;
112) егер заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамай оны білдіретін заңды және уәкілетті тұлғалардың болмаған кезінде жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп беруді жасасуды ұйымдастыру;
113) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
114) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
115) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
116) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыру;
117) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
118) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабар беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
119) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
120) кеден ісі мәселелері жөнінде өтеусіз консультация жүргізуді жүзеге асыру;
121) кеден ісі саласындағы жауаптарды уақтылы қарауды және беруді немесе сауалдардан және ұсыныстардан туындайтын өзге де іс-әрекеттерді жасауды қамтамасыз ету;
122) ішкі аудит қызметі бар мемлекеттік органдардың жоспарларды орындауы және ішкі бақылау жүргізуі нәтижелері туралы есептерін қарау;
123) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді Бюллетеньде жариялауды жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 124) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
124) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 125) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
125) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 125-1) тармақшамен толықтырылды
125-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналасқан ақпаратты сақтау тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 126) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
126) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;
127) ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
128) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімдерін бір немесе өзге түрге жатқызу;
129) этил спиртін, алкоголь өнімін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
130) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды жүргізу;
131) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
132) мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және бірыңғай дерекқорды жүргізуге қажетті өзге де ақпаратты басқа да мемлекеттік органдарға беру нысандарын, тәртібін және мерзімін айқындау;
133) Қазақстан Республикасының салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 134) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
135) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 136) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
136) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 137) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
137) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 138) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
138) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
139) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;
140) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
141) бюджет ақшасын басқару;
142) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылардың (мүдделердің) көлемін болжамдау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 143) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсыну;
144) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
145-1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұрату мен алуды жүзеге асыру;
145-2) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу;
145-3) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі мәніне жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
145-4) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату мен алуды жүзеге асыру;
145-5) мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарту;
145-6) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
145-7) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыру;
146) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 147) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;
148) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгер басқарушылардың міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгер басқарушыларды тыңдауды жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 149) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
149) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
150) ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
150-1) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
151) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 152) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
152) банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерді оңалтуды және конкурстық басқарушылардың қызметіне, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
153) банкроттық туралы заңнамада белгіленген жағдайларда оңалтуды, конкурстық басқарушыларды және сырттай бақылау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдау;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 154) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
155) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
156) оңалтуды, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарау;
157) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолдану;
158) банкроттық рәсімдерінде дәрменсіз борышкерлердің мүлкін және істерін басқаруға лицензиялары бар тұлғаларды тіркеп есепке алуды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 159) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 160-1) тармақшамен толықтырылды
160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;
161) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырады және жетілдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау;
162) төмен тұрған кедендік органның және кеден органы лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
163) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құқық бұзған немесе қылмыс жасауға күдікті адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының кедендік немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жөнелту;
164) кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомасын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 165) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
165) бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға бақылау материалдарын беру;
166) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды бақылауды қамтамасыз ету;
167) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
168) Қазақстан Республикасының кедендік органдарына өндіріп алу жүктелген кедендік төлемдер мен салықтарды республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізуді бақылау;
169) тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындауға бақылау;
170) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу бекеттерінде радиациялық бақылауды жүргізу;
171) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
172) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
173) өз құзыреті шегінде кедендік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнінде жұмыстар жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 174) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
174) Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және болдырмауда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету;
175) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қылмыстық белгілерді қамтитын іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттармен бірге құқық қорғау органдарына ақпарат беру;
176) хабардар ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетіне, мәслихаттардың тексеру комиссияларына тиісті бақылау жоспарлары мен актілерін жіберу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 177) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
177-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет, бюджет заңнамасы саласында әкімшілік жаза қолдану;
178) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
179) этил спиртін, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын және мұнай өнімдерін өндіруге және айналымына бақылауды жүзеге асыру жөнінде орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 180) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
180) салық төлеушілердің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
180-1) мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;