Пайдалану бағдарламасы бойынша көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың сынақтары үшін сынау циклдары орташаланған пайдалану циклының барлық белгіленген режимдердің сағаттарында істелген жұмыс және ауыспалы процестер саны толығымен ұдайы өндірілуі тиіс.
Баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша қозғалтқыштың сынақтары бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін баламалы-циклды сынақтар сол бір сынақ циклын пайдаланып жүргізілуі тиіс.
Сынақтардан кейін әрбір қозғалтқышты бөлшектеу және дефектация жүргізілуі тиіс.
Бірінші күрделі жөндеуге дейін бастапқы ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар, егер оларды жүргізген кезде роторлық бөлшектердің бұзылулары, сондай-ақ пайдалану жағдайларында қауіпті салдарлармен істен шығуға алып келуі мүмкін басқа негізгі бөлшектердің істен шығулары мен ақаулары болмаса, табысты ретіндей біліктендіріледі.
211. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ұшу сынақтарына қойылатын жалпы талаптар
1431. «ӘК-ге орнатылғанға дейін» сертификаттау кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуі тиіс, олар мынадай тексерулерді қамтиды:
1) бос жүріс және жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың өлшемдері мен орнықтылығы;
2) оның қалыпты жұмысы және істен шығулардың имитациясы кезінде көмекші қозғалтқышты реттеу жүйесінің сипаттамалары;
3) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың іске қосу қасиеттері;
4) көмекші қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
6) көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі;
7) үлгілік бейін бойынша ұшудағы көмекші қозғалтқыштың жұмысы.
1432. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын көмекші қозғалтқыштың осы түрінің үлгісіне конструкциясы мен негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сыналуға тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексерілген сипаттамаларға елеулі әсер етпейтін сол бір үлгідегі басқа көмекші қозғалтқышқа жүргізілуі мүмкін.
1433. Сынақтарды көмекші қозғалтқыш тағайындалған сол бір үлгідегі ӘК, не көмекші қозғалтқыш (ұшпа зертханаларда) сынақтары үшін арнайы жабдықталған басқа үлгідегі ӘК-де орындауға рұқсат етіледі. Бұл ретте, көмекші қозғалтқыш жұмысына әсер ететін ӘК элементтері мен жүйелерінің конструкциясы осы элементтерге тәуелді (мысалы, біртектілік емес деңгейі және ауаның толық қысымының кіре берістегі отын қысымы мен температурасының, көмекші қозғалтқыштың орналасу бөлігіндегі орташа температурасының, агрегаттардың электр қорек өлшемдерінің ысырабы) көмекші қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұдайы өзгерісін қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитаторларды пайдалануға рұқсат беріледі.
212. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ұшу сынақтары
1434. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы белгіленген бос жүріс және жүктеме режимдерінде, сондай-ақ көмекші қозғалтқыш жүктемесін ажырату кезіндегі ауыспалы процестер кезінде, оның ұшудағы пайдалану жағдайында тексеру:
1) жұмыс тұрақтылығын және көмекші қозғалтқыш өлшемдері мен оның жылу және май жүйелерінің техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкестігін;
2) пайдаланудағы көмекші қозғалтқыштың жұмысын бақылау құралдары мен оның конструкциясына кіретін ауа мен электр қуатын жинау агрегаттарының жұмыс қабілеттігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта регламенттелген, негізгі белгіленген режимдердегі көмекші қозғалтқышты реттеу мен басқару бағдарламасы үшін тән белгіленген аралық режимдердегі шағын газды режимнен бос жүріс режиміне дейін өту кезіндегі ауыспалы процестер жағдайында және әр түрлі қабылдағыштарды жекелеп және рұқсат етілген бір мезгілде қосу кезіндегі ауаны, электр қуатын жинақтауды қосу және ажырату кезінде жердегі жағдайларда көмекші газ турбиналы қозғалтқышы және оның жылу мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) барлық үлгілік режимдердегі және Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта пайдалануға рұқсат берген ұшу кезеңдердегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышы және оның отын мен май жүйелері жұмысының сипаты мен өлшемдері, оның ішінде:
көлденең ұшудағы әртүрлі биіктіктерде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазоны қамтылған көмекші газ турбиналы қозғалтқышы пайдаланудың күтілетін ең жоғары биіктігін қоса, деңгейлес белгіленген ұшуда бағалануы тиіс. Бұл ретте, көмекші қозғалтқыш жұмысы белгіленген режимдер мен ауыспалы процестерде тексерілуі тиіс; «вираж», «сырғанау» және «дөңестер» үлгісіндегі ӘК (ұшпа зертхананың) ең жоғары шама бойынша, оң және теріс қалыпты және бүйірлік жүктемелер іс-әрекетінің ұзақтығы, сондай-ақ биіктікті алған және тангаж бойынша көмекші қозғалтқышты пайдалану кезінде оң және теріс бұрыштарымен пайдалануда күтілетін ең жоғары төмендеулер жағдайындағы маневрлер кезінде бағалануы тиіс. Сынақтарға көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың осы жағдайларда қолданылған барлық режимдері қамтылуы тиіс;
3) оның конструкциясына кіретін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдарын пайдалану жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігі;
4) көмекші қозғалтқыш конструкциясына кіретін ауаны және электр қуатын жинақтау агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшемдеріне жердегі жел жағдайларының, атмосфералық ауа температуралары мен қысымдарының әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
1435. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының қалыпты жұмысы және істен шығу имитациясын реттеу жүйесінің сипаттамаларын тексеру жағдайындағы көмекші қозғалтқыштың ұшудағы пайдалану жағдайларында тексеру көмекші қозғалтқыштың жүйесі жұмыс қабілеттілігінің, реттеу сапасының және басқа жүйенің ұшуда-пайдалану сипаттамаларының талаптарына және техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкестігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдерінде реттеудің функционалдық кіші жүйелері әрқайсысының жұмыс аймағындағы реттелетін және шектелетін өлшемдерді қолдау тұрақтылығы мен дәлдігі;
2) ауыспалы процестерді реттеудің берілген бағдарламаларымен (іске қосу кезінде және бос жүру (шағын газды) режимінен жұмыс режиміне және кері режимге өтуі), осы процестер кезінде көмекші қозғалтқыштың реттелетін және шектелетін өлшемдердің ең жоғары шамасы мен ауытқулар ұзақтығы өлшемдерін қолдаудың тұрақтылығы мен дәлдігі;
3) қосарласуы резервтік кіші жүйелермен (егер олар көзделсе) реттеуге автоматты түрде өтуін көздейтін реттеудің негізгі кіші жүйелерінің сондай істен шығуларының имитациясы кезінде ауыспалы процестер мен көмекші қозғалтқыштың кейінгі жұмысының сипаты мен өлшемдері;
4) электрондық блоктар жүйесінің оған ӘК басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электромагниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезіндегі ықпалы жағдайындағы кедергіден қорғалғыштығы;
5) осы жүйенің конструкциясына кіретін қолда бар өзін-өзі бақылайтын жүйе мен оның жұмысын пайдалану кезінде бақылайтын құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
Сынақтар кезінде мынадай факторлардың жүйе жұмысының сипаттамаларына әсер етуі (егер ол елеулі болып көрінсе) бағалануға тиіс:
1) әрбір функционалдық кіші жүйелердің жұмысы саласындағы ұшу биіктігі мен жылдамдығының өзгеруі;
2) көмекші газ турбиналы қозғалтқышының кеңістіктегі және ұшудың динамикалық факторларындағы (тік жылдамдығы, жүктелімдер) жағдайы;
3) реттеу агрегаттарын қоршаған ортаның температурасы.
1436. Көмекші қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін тексеру кезінде, көмекші газ турбиналы қозғалтқышын ұшуда пайдалану жағдайында тексеру өрт қауіпсіздігін және жерде көмекші қозғалтқыштың суықтай және ыстықтай іске қосу мен пайдаланудың күтілетін жағдайларында іске қосудың талаптарына және техникалық құжаттаманың деректеріне сәйкес қамтамасыз етілгендігін көрсетуге тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш өлшемдері мен жердегі суықтай және ыстықтай іске қосу кезіндегі іске қосу жүйелері;
2) ауа жинағыштың ашық және жабық жармалары жағдайында ұшудағы көмекші қозғалтқыш авторотациясы режиміндегі айналу бағыты мен жиілігі;
3) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш өлшемдері мен оның ұшуда іске қосу кезіндегі, оның ішінде оның жұмысындағы ұзақ жылдық үзілістен кейін үлгілік крейсерлік ұшу ішіндегі авариялық энергия көздерінен іске қосу жағдайындағы іске қосу жүйелері;
4) көмекші қозғалтқышты іске қосу кезінде, оның ішінде Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындайтын қайталап іске қосулар кезінде пайдаланудың өрт қауіпсіздігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышты іске қосу қасиеттеріне мынадай факторлардың әсер етуі бағалануға тиіс:
1) жердегі іске қосулар кезіндегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) көмекші қозғалтқышты ажырату сәттері мен оның келесі іске қосуының басталуы арасындағы ұзақ үзіліс;
3) іске қосу құрылғысының іске қосу кезіндегі және энергия қорегінің өлшемдеріндегі көмекші қозғалтқышты басқару мен реттеу аппаратураларының реттеудегі техникалық жағдайларымен жол берілетін ауытқулары.
1437. Көмекші қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербелістер деңгейін тексеру, стендтік жағдайлардағы тербеліс деңгеймен салыстырған ұшуларды пайдалану жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербелістерін қол жетімсіз көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ көмекші қозғалтқыш тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш тексерілетін жағдайлар мен режимдердегі көмекші қозғалтқыш корпустары мен агрегаттары тербелістерінің сипаты мен деңгейі;
2) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш тербелістерді бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды көмекші қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезіндегі осы өлшемнің ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін тербелістердің ең жоғары деңгейінің авариялық белгі берушінің жұмыс істеп кетуінің өлшемі бойынша қордың жеткіліктігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқышқа жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымының тербелісті сипаттамасына әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануға тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш корпустары тербелістерінің сипаты мен деңгейін тексеруді оның ӘК бекітілген тораптарының орналасу жазықтықтарында және тербелістерді пайдалануда борттық бақылауға алынған орындарда жүргізген жөн.
Тербелісі тексерілуге тиісті көмекші газ турбиналы қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі текшелік сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді. Әдетте, бұл тербелістерді туындатуы мүмкін агрегаттар болуы тиіс.
1438. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін тексеру кезінде көмекші қозғалтқыш ұшуда пайдалану жағдайларында тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігін, кедергіден қорғалғыштығының және тиімділігінің техникалық құжаттама деректері мен талаптарына сәйкестігін көрсету қажет.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және көмекші қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің, оның жұмыс істеп кетуі имитациясы кезіндегі өзгеруі. Имитация белгіленген режимдер мен жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температурасымен көмекші қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезінде орындалуы тиіс. Ұшу барысындағы сынақтар көмекші қозғалтқыштың күтіліп отырған пайдалану жағдайларына сәйкес ұшудың биіктік пен жылдамдық диапазонын қамти отырып, орындалуы тиіс;
2) жүйенің электр блоктарының оларға ӘК-нің басқа функционалдық жүйелерінің ықпалы кезіндегі және жердегі қызмет көрсету құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлі магниттік сәуле шығару және т.б. қуат көздерін қосу кезіндегі кедергіден қорғалғыштығы;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларында (турбинаның қызып кетуінен қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеп кетуін болдырмау үшін) көмекші қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларын өтеуге талап етілетін істелген жұмыс жүйесінің өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) көмекші қозғалтқыш өлшемдерінің болжамды өзгерісінің имитациясы кезіндегі жүйенің жұмысына кірісуді туындататын, оның істен шығу жағдайындағы жүйе жұмысының тиімділігі. Тексеру жағдайын арнайы талдаумен белгілеген жөн;
5) көмекші қозғалтқыш жүйесінің конструкциясына кіретін пайдаланудағы бақылау құралдарының, егер ол бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
1439. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігін тексеру көмекші газ турбиналы қозғалтқыш конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтерімен көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесін ұшуда пайдалану жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігін және соңғысының өлшемдерге қол жетімсіз әсер етпейтіндігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат берілетін жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн.
Ұшу сынақтары 11000 м қоса алғанға дейінгі немесе көмекші қозғалтқышты пайдаланудың ең жоғары биіктігіне дейін ұшудың әртүрлі биіктерінде, оны пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес ұшу жылдамдығының пайдаланудағы күтілетін диапазонын қамти отырып, өткізілуі тиіс. Шағын газды немесе бос жүріс режимінен ең жоғары режимге дейінгі диапазондағы көмекші қозғалтқыштың әртүрлі режимдерінде жүргізілетін сынақтар кезінде:
1) мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі (мысалы, жылытатын элементтердің жылу жағдайын сипаттайтын өлшемдер, жылыту жүйесінің өлшемдері бойынша және т.б.), көмекші қозғалтқыш конструкциясына кіретін мұз қатуға қарсы жүйені басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
2) Мұз қатуға қарсы жүйе жұмысының көмекші газ турбиналы қозғалтқышының критерийлеріне әсері бағалануы тиіс.
1440. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысын ұшуларда үлгілік бейін бойынша тексеру кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың стендтік ресурстық сынақтардың режимдерін таңдау шынайлылығын растау үшін ұшуда кем дегенде 50 пайдалану циклдарының көлемі мен пайдаланудың күтілетін жағдайларында үлгілік бейіндер бойынша тексеру жүргізілуі тиіс.
213. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ӘК-ні сертификаттау кезіндегі сынақтары
1441. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ӘК-ні сертификаттау кезіндегі ұшу сынақтарынан мынадай тексерулер бойынша қанағаттанарлықпен өтуі тиіс:
1) осы Норманың 1434-тармағына сәйкес бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысы;
2) көмекші қозғалтқышты реттеу жүйелері;
3) көмекші қозғалтқышты іске қосу;
4) ұшақты жинақтау жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқыш элементтерінің тербелісті сипаттамалары;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйелері;
6) көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйелері және оның табиғи мұз қату жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігі;
7) көмекші қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылық қорларының жеткіліктігі;
8) қадамдық газ турбиналы қозғалтқыш пен көмекші қозғалтқыштан шығатын газдардың көмекші қозғалтқышқа кіру мүмкіндігі және түсу салдарлары;
9) ӘК-ні көмекші газ турбиналы қозғалтқышын пайдалану циклының өлшемдері;
10) көмекші газ турбиналы қозғалтқышты пайдалану технологиясы.
1442. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын немесе олардан өткен көмекші қозғалтқыш конструкциясы және осы түр үлгісінің негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін көмекші қозғалтқыш сыналуы тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексеріліп отырған сипаттамаларға елеулі ықпал етпейтін сол үлгідегі басқа көмекші қозғалтқышта жүргізілуі мүмкін.
1443. Сынақтар көмекші қозғалтқыш тағайындалған сол бір үлгідегі ӘК жүргізілуі тиіс. Сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшу зертханасында, егер онда көмекші қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ көмекші қозғалтқышқа байланысты немесе оған көмекші қозғалтқыш тағайындалған ӘК элементтері мен жүйелерінің жұмысы әсер ететін конструкциясы мен топтамасы жеткілікті түрде толық (тексерілетін сипаттамаларға қатысты) ұдайы өндірілген болса, орындауға рұқсат беріледі.
1444. Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқышпен байланысты ӘК функционалдық жүйелерінің жұмысындағы болуы мүмкін ауытқуларға әсері, егер осы әсерді елеулі деп есептеу негіз болса, бағалаған жөн.
1445. Көмекші қозғалтқыш тағайындалған ӘК-ні сертификаттау кезінде және оның ресурсы бірінші күрделі жөндеуге дейін «ӘК-ге орнатылғанға дейін» көмекші қозғалтқышты сертификаттау кезінде белгіленгенмен салыстыру кезінде сынақтардың осы уақытына алып келген нақты көлеміне сәйкес ұлғаюы мүмкін.
Бұл ретте, сынақ циклына ұшу сынақтарының деректеріне сәйкес нақтылаулар енгізілуі мүмкін. Белгіленген бастапқы ресурстың бірінші жөндеуге дейінгі растауында ӘК-нің көмекші қозғалтқышты пайдалану сынақтары жүргізілуі тиіс. Екі көмекші қозғалтқыш сынақтарының барысында бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурстың кем дегенде жартысын олардың біреуінің кейіннен ақауын табу арқылы ӘК аяқтауы тиіс.
Егер басқа көмекші қозғалтқыштың ұшудағы істелген жұмысы ӘК-ні сертификаттау сәтінде белгіленген бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсынан кем болса, онда ол баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша немесе кейіннен бөлшектеу мен дефектациясын табу арқылы белгіленген ресурсқа тең жалпы істелген жұмысқа дейінгі пайдалану бағдарламасы бойынша стендтік сынақтарға тап болуы тиіс.
214. ӘК көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ұшу сынақтары
1446. Бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмысын тексеру кезінде жұмыстың белгіленген режимдеріне көмекші қозғалтқыш және оны ӘК пайдалану жағдайларындағы, қозғалтқыштың барынша еңкеюі мен оның роторына гироскопиялық жүктеме жасайтын ұшу режимдерін қоса алғанда, ауыспалы процестер кезінде көмекші қозғалтқышты тексеру:
1) көмекші қозғалтқыш және оның отын және май жүйелерінің жұмыс тұрақтылығы мен өлшемдерінің техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігі;
2) көмекші қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдарының пайдаланудағы және ауа мен электр қуаттарын жинақтау агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі расталуы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш және оның отын мен май жүйелерінің Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта регламенттелген белгіленген режимдердің негізінде, көмекші қозғалтқышты реттеу мен басқару бағдарламалары үшін тән белгіленген аралық режимдеріне, шағын газды режимнен бос жүріс режиміне дейін өту кезіндегі ауыспалы процестер кезінде және әр түрлі қабылдағыштарды жекелей және рұқсат етілген бір мезгілде қосу кезіндегі ауа мен электр қуатын жинақтауды қосу және ажырату кезінде жер жағдайлардағы жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) барлық үлгілік режимдерде және көмекші қозғалтқышты пайдалануға Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта рұқсат етілген ұшу кезеңдерінде көмекші қозғалтқыш және оның отын мен май жүйелері жұмыстарының сипаты мен өлшемдері, оның ішінде:
әртүрлі биіктіктерде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазоны қамтылған КГТҚ пайдаланудың күтілетін ең жоғары биіктігін қоса алғанда, көлденең белгіленген ұшуда бағалануы тиіс. Бұл ретте, көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысы белгіленген режимдерде және ауыспалы процестерде тексерілуі тиіс;
ӘК шекті - қол жетімді өлшемдермен, атап айтқанда, жүктемелердің ең жоғары қол жетімді шамасы кезінде ең жоғары қол жетімді кренді оң және сол вираждармен; оң және теріс жүктемелер «дөңестер» мен «сырғанаулар» ең жоғары қол жетімді шамамен және ең жоғары болуы мүмкін немесе қол жетімді ұзақтықпен туындайтын іс-әрекетпен; биіктікті алумен және ӘК тангажының оң және теріс бұрыштарымен пайдалануда күтілетін ең жоғары төмендеумен маневрлер орындау кезінде бағалануы тиіс. Сынақтарға көмекші қозғалтқыштың осы жағдайлардағы барлық режимдерінің қамтылуы тиіс;
3) қозғалтқыштың ұшуда пайдалану жұмыстарын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) көмекші қозғалтқыш конструкциясына кіретін ауаны және электр қуатын жинақтау агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшеміне жердегі жел жағдайлары атмосфералық ауаның температурасы мен қысымының әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың реттеу жүйесін тексеру кезінде ӘК көмекші қозғалтқышты пайдалану жағдайындағы тексеру осы көмекші қозғалтқыштың реттеу жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, реттеу сапасы мен жүйесінің басқа ұшу-пайдалану сипаттамалары және техникалық құжаттама деректері мен талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдерінде реттеудің функционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы реттелетін және шектелетін өлшемдерді қолдау тұрақтылығы мен дәлдігі;
2) ауыспалы процестерді реттеудің берілген бағдарламаларымен (іске қосу кезінде және бос жүру (шағын газды) режимінен жұмыс режиміне және кері режимге өтуі), осы процестер кезінде реттелетін және шектелетін өлшемдердің ең жоғары шамасы мен ауытқулар ұзақтығы өлшемдерін қолдау тұрақтылығы мен дәлдігі;
3) электрондық блоктар жүйесінің оған ӘК басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлік магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезіндегі ықпалы жағдайындағы кедергіден қорғалғыштығы;
4) жүйенің өзін-өзі және оның жұмысын пайдалану кезінде бақылайтын құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде мынадай факторлардың жүйе жұмысының сипаттамаларына әсер етуі (егер ол елеулі болып көрінсе) бағалануы тиіс:
1) әрбір функционалдық кіші жүйелердің жұмысы саласындағы ұшу биіктігі мен жылдамдығының өзгеруі;
2) ӘК кеңістіктегі және ұшудың динамикалық факторларындағы (тік жылдамдығы, жүктелімдер) жағдайы;
3) реттеу агрегаттарын қоршаған ортаның температурасы.
1447. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты іске қосуды тексеру кезінде ӘК пайдалану жағдайларындағы көмекші қозғалтқышты тексеру талаптарына және пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы жерде және ұшуда көмекші қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосудың техникалық құжаттамасының деректеріне сәйкес өрт қауіпсіздігін және қамтамасыз етілгендігін растауы тиіс.