4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңес органдарын құру;
7) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу;
8) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азықтардың және азық қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринарлық құжаттар беру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келісу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және мониторингті жүзеге асыру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
14) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу тәртібін бекіту;
15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу.
Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына тамақ өнімдерінің сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
7-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы құзыретіне мыналар жатады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) тамақ өнімдерін өндіру және сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттар беру, есепке алу және жүргізу;
3) субъектілердің тамақ өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен), айналымымен, кәдеге жаратумен және жоюмен байланысты персоналын медициналық тексеруден өткізу және гигиеналық оқытуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) олардың қауіпсіздігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдарының, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) мыналарды:
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
7) өндіру объектілерінің және ішкі сауда объектілерінің есебі және мониторингі;
8) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
9) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
9-бап. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу
1. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау), әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азықтарды және азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтар және азық қоспалар, балалар тағамы азық-түлігі, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдар, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Мемлекеттік тіркеу:
1) субъект ұсынатын және тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға, берудің шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) жүргізілетін ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), оған әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азықтарды және азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тізілімдерге енгізуді қамтиды.
3. Бір өндіруші дайындаған бір түрдегі, бір атаудағы тамақ өнімдерін бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
4. Мемлекеттік тіркелуге тиісті азықтардың және азық қоспаларының, балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген тамақ өнімдері уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде қолдануға рұқсат етіледі.
5. Балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-тарау. СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
10-бап. Субъектілердің құқықтары
Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) өндіру объектісінің және ішкі сауда объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық жай-күйі туралы уақтылы дұрыс ақпарат алуға;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердін, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың, ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтердің, техникалық регламенттердің, нормативтік құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және ветеринарлық-санитарлық іc-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйым стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
6) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламаларын әзірлеуге;
7) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізуге;
8) экологиялық таза тамақ өнімдерін оларды өндіру стандарттарының талаптарына сәйкес болған кезде экологиялық таза тамақ өнімдерінің белгісімен таңбалауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтар алуға құқылы.
11-бап. Субъектілердің міндеттері
Субъектілер жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
2) субъектілер персоналын алдын ала және мерзімді медициналық тексеруді және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдармен келісім бойынша тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін белгілеуге;
4) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) олардың әрбір партиясының қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;
5) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінде (сатыларында) қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздіктер туралы ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;
6) осы баптың 5) тармақшасында аталған тамақ өнімдерін тиісті сараптамаға жіберуге;
7) егер тамақ өнімдерінің қауіпті сипат алуына әкелген жөнсіздікке жол берілген жағдайда, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерін (сатыларын) дереу тоқтатуға, оларды ішкі сауда объектілерінен қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізілуін қамтамасыз етуге, содан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастыруға;
8) тамақ өнімдерін сатып алушыларға (тұтынушыларға), уәкілетті органдарға олардың талап етуі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды табыс етуге;
9) өздері өндірген, өткізген немесе кәдеге жаратқан тамақ өнімдерімен байланысты қатерлерді болдырмау немесе азайту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға жәрдемдесуге;
10) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) олардың сәйкестендірілуін және қадағалануын қамтамасыз етуге міндетті.
4-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
12-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы;
2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;
3) тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.
4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;
3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;
4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі.
13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне:
1) балалар тағамы азық-түлігі;
2) диеталық тағам азық-түлігі;
3) емдік-профилактикалық тағамдық азық-түлігі жатады.
2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай болуға;
2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;
3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (орамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.
3. Арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру (дайындау) кезінде азықтар және азық қоспалары, жануарлардың өсуін тездеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар), дәрілік заттардың жекелеген түрлері, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендірілген объектілер, тамаққа биологиялық активті қоспалар пайдаланылып дайындалған жасанды тамақ қоспаларын және азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдері байытылуы (фортификациялануы) мүмкін.
Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) үшін санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен витаминді-минералды кешендер пайдаланылуы мүмкін.
2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақтық азық-түліктерді байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес болуға тиіс.
15-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Субъект әзірлейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға:
1) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштері;
2) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері;
3) тамақ өнімдерін буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;
5) зерттеу әдістері, қатерді бағалау, оларды азайту тәсілдері;
6) қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою тәсілдері енгізіледі.
2. Тамақ өнімдерінің нормативтік-техникалық құжаттамасының жобалары және тәжірибелік үлгілері уәкілетті органдар белгілейтін тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптамалардан өтуге тиіс.
Аталған жобалар уәкілетті органдармен келісіледі, оларды субъектілер бекітеді және олар үшін міндетті болып табылады.
3. Әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы), соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, субъектілер персоналының ықтимал қателіктері кезінде барлық мүмкін болатын қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, есептеу, тәжірибелік және (немесе) сараптамалық жолымен жүргізіледі.
4. Тамақ өнімдерінің әрбір түрі үшін жүргізілген қатерлерді бағалау ескеріле отырып, әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерлерді жоюдың немесе мөлшерлі (рауалы) деңгейге дейін азайтудың (төмендетудің) бүкіл шаралар кешені айқындалуға тиіс.
16-бап. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тамақ қоспалары қолданылуға тиіс.
2. Осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тамақтық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізаттарын өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен азықтарды және азық қоспаларын, жануарлардың өсуін тездеткіштерді, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі.
3. Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдерінің жекелеген ингредиенттерін ауыстырып отыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.
4. Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау объектілері, ішкі сауда объектілері өндірістік, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларының жабдығы, аумағы, сумен жабдықталуы, кәріздерінің жүргізілуі, жылуы, желдеткіші, жарықтандырылуы және субъектілер персоналының жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар жүзеге асырады.
17-бап. Тамақ өнімдерін орау, буып-түю және таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдері олардың айналымы кезінде қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етілетін тәсілдермен оралуға және буып-түйілуге тиіс.
2. Құжаттарда, жадынамаларда (қосалқы парақтарда), этикеткаларда, контрэтикеткаларда, кольераткаларда, құлақшаларда, жапсырмаларда (стикерлерде) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген ақпараттан басқа, тамақ өнімдерінің түрлері ескеріле отырып:
1) азық-түліктің тамақтық және биологиялық құндылықтары;
2) мақсаты және қолдану шарттары (арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері үшін);
3) тамақ өнімдерін дайындаудың тәсілдері мен шарттары (тамақ өнімдерінің концентраттары мен жартылай өнімдері үшін);
4) сақтау шарттары және жарамдылық мерзімдері;
5) тамақ өнімдерінің дайындалған күні, айы, жылы;
6) құрамы туралы, соның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің болуы және олардың саны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде мәліметтер көрсетілуге тиіс.
3. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі былайша көрсетіледі:
1) «дейін тұтынылсын»;
2) «дейін жарамды».
18-бап. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Тамақ өнімдерін сақтауға Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс арнайы жабдықталған үй-жайларда, ғимараттарда жол беріледі.
3. Тамақ өнімдерін тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорты бар, арнайы осындай мақсаттарға арналған және (немесе) жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады.
4. Егер тамақ өнімдерін сақтау және (немесе) тасымалдау кезінде олардың қауіпті сипатқа ие болуына алып келген жөнсіздікке жол берілген жағдайда, олар тиісті сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері бойынша кәдеге жаратылады немесе жойылады.
19-бап. Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар