Қазақстан Республикасының
Заңы
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
(2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринарлық қадағалануға», «ветеринарлық қадағалауды» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылануға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық — адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
2) азық қоспалары — адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері — ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
4) балалар тағамы азық-түлігі — балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері — тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат — ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендірілген объектілер — гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
8) дайындалған күні — тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
9) диеталық тағам азық-түлігі — ауруларды профилактикалау және (немесе) емдеу мақсатында адамдардың жекелеген санаттары үшін арналған арнайы дайындалған тамақ өнімдері;
10) емдік-профилактикалық тағам азық-түлігі — зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнаулы тағам рациондарында пайдаланылатын арнайы тамақ өнімдері;
11) есептік нөмірі — өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
12) жалған тамақ өнімдері — көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;
13) жарамдылық мерзімі — тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттары сақталып, ол аяқталғанша тамақ өнімдерін мақсаты бойынша пайдалану қауіпсіз деп саналатын кезең;
14) жол берілмейтін қатер — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;
15) қатер — тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;
16) қатерді бағалау — зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;
17) қатерді басқару — қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;
18) қатерлерді талдау — өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;
19) қатер туралы ақпарат — тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;
20) қауіпті тамақ өнімдері — пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
21) қауіпті тамақ өнімдерін жою — тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;
22) нормативтік-техникалық құжаттама — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;
23) өнімдердің тамақ құндылығы — организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері — ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;
25) тамаққа биологиялық активті қоспалар — байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;
26) тамақ қоспалары — тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
27) тамақ өнімдері — адам тұтынатын шикізат, тамақ азық-түлігі, арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері, ауыз су, тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшін тамақ көздері болып табылатын жануарларға берілетін азықтар және азық қоспалары;
28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі — материалдар мен бұйымдар) — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;
29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) — жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау процесі;
30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) — тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату — мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;
32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) — тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);
33) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі — өндіру объектісі) — тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын;
34) тамақ өнімдерін сәйкестендіру — тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерінде (сатыларында) белгілі бір өнімдердің айырымдық белгілері бойынша танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
35) тамақ өнімдерінің айналымы — тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
36) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы — тамақ өнімдерінің қуаттылығы, құрамында белок, майлар, көмірсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;
37) тамақ өнімдерінің қадағалануы — тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін (шыққан тегін, қозғалысын және тұрған жерін) қадағалау мүмкіндігі;
38) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі — қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат — Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлік, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама, сәйкестік сертификаты;
40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент — Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
41) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі — уәкілетті органдар) — өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
42) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші — адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;
43) тамақ өнімдерінің партиясы — қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және (немесе) буып-түйілген біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;
44) тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы — адамның немесе жануарлардың тұтынуы нәтижесінде тамақ өнімдерінен бөлінетін және олардың физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететін қуат мөлшері;
45) тамақтық азық-түлік — адамның тамаққа тұтынуына арналған табиғи немесе өңделген түрдегі азық-түлік;
46) таңбалау — тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), этикеткалар, контрэтикеткалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер) тұтыну ыдыстары (бумалар);
47) шикізат — тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, микробиологиялық, химиялық жолдармен және минералдан алынатын объектілер;
48) экологиялық таза тамақ өнімдері — экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірудің (дайындаудың) стандарттарына сәйкес дайындалған тамақ өнімдері;
49) экологиялық таза тамақ өнімдерінің белгісі — таңбаланған тамақ өнімдерінің экологиялық таза тамақ өнімдері стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі.
2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ
өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.
2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.
2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;
4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру;
3) бекіту жөніндегі құзыреті осы Заңның 6-бабында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекіту;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу;
адам өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою;
мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау);
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісуі;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау);
өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін және қадағалауды жүзеге асыру;
генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы;
генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстар жүргізу тәртібін бекіту.
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
тамақ өнімдеріне олардың қауіпсіздігін айқындау жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
тамақ өнімдерін өндіру және сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттар беру, есепке алу және жүргізу;
курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруі;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы;
балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөнінде жұмыстар жүргізу;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында салалық (секторлық) бағдарламалар әзірлеу тәртібін бекіту жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
3) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңес органдарын құру;
6) мыналарды:
тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиіс тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын;
санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
7) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында өндіру объектілері мен ішкі сауда объектілерін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
8) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
9) балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялау;
10) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріндегі (сатыларындағы) олардың сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігіне, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
12) осы Заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
13) өндіру объектілерінің және ішкі сауда объектілерінің есебі және мониторингі;
14) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;