23) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
24) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
25) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28) тармақша өзгертілді
28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейдіж
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасы сараптамасы жөніндегі зертханаларға аттестаттау жүргізеді;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды
31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;
2) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
3) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) дақылдың басымдығын ескере отырып егіс алаңына себілетін тұқымдарға қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларының негізінде:
элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы үшін - элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу;
тұқым өсіру шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру, өткізу және сатып алу квотасын бөледі;
6) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша тұқымдар балансын жасайды;
7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз етеді;
8) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;
10) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, өздерінің жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
12) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
7-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары және олардың өкiлеттiктерi
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi лауазымдарына «Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы» және «Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор» деген қосымша арнаулы атақтар беруге құқылы.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторларының:
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығының субъектiлерiне баруға және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашы-лығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру мәселелерi бойынша ақпарат алуға;
3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;
4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
7) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдарының, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына жүргізілетін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
2) сорттық және тұқымдық бақылауды;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің қызметін олардың уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанында бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) тұқымды өндіруді, дайындауды, сақтауды, өткізуді, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынауды бақылау.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Сорттық және тұқымдық бақылау:
1) тұқымды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
тұқым себу;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетациясы;
жинау;
тұқым құю;
тұқым сақтау;
өткізу (тұқымдардың өткізуге дайындалған және өткізілген партияларын, оның ішінде экспорт және импорт кезінде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестігіне тексеру) кезеңдерінде тұқым шаруашылығы ережелері мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.
Белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілердің тұқым өндіруін бақылау, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
тұқым себуге дайындалған егістіктерді тексеру - тұқым себудің алдында жылына бір рет;
вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру - жылына үш рет;
сорттық және гибридтік егістерді байқау және егістік зерттеуді бақылау - байқау кезеңінде бір рет;
тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбір түрі бойынша жылына екі рет.»;
2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргізуін, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды сақтауын:
тұқым сапасын сараптау кезеңінде жылына екі рет, сондай-ақ бақылау тәртібімен тұқым сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде;
тұқым өндірушілерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайдағы бақылауды;
3) аттестатталған байқаудан өткізушілердің жұмысын байқаудан өткізу кезеңінде, сондай-ақ тұқым өндірушілерді олардың осы Заңның 14-бабының 2-тармағының нормаларын сақтауы нысанында тексеруді;
4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау
1. Мыналар:
1) тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар;
2) бiрегей және элиталық тұқымдарды өндiрушiлер;
3) сатуға арналған бiрiншi, екiншi, үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiрушiлер;
4) байқаудан өткізушi мәртебесiн иеленуге үмiткер жеке адамдар, байқаудан өткізушiлер;
5) тұқым сарапшысы мәртебесiн иеленуге үмiткер жеке адамдар, тұқым сарапшылары;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Аттестаттау мерзiмi бiткеннен кейiн тұқым шаруашылығының субъектiлерi қайта аттестаттаудан өтуге мiндеттi.
3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттік сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткізудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.
2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;
3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, байқаудан өткізушiлер, тұқым сарапшылары кiредi.
12-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану
13-бап. Тұқымдарды өндiру мен пайдалануға қойылатын талаптар
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдары:
1) карантиндiк объектiлерден ауру жұққызған болса;
2) егер тұқым:
мемлекеттік сорт сынағынан өтпеген;
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген немесе Қазақстан Республикасында перспективасы жоқ деп танылған сортқа жататын болса;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен егу сапасына сараптамадан өтпесе, оларды сатуға және егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сорттық және егу сапалары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейтiн тұқымдарды сатуға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес аттестатталған элиталық тұқым шаруашылығында және тұқым өсiру шаруашылықтарында егу (отырғызу) үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Гендік инженерия (генетикалық түрлендірілген) негізінде алынған сорттардың тұқымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұқым сорттарын мынадай жағдайларда, егер:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) олар селекциялық және зерттеу жұмыстары үшін, сондай-ақ мемлекеттік сорт сынақтарын жүргізу үшін бір мезгілде сортты беру шартымен өндірістік жағдайда сынақ жүргізу мақсатында (Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдарының немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сортын сынақтан өткізудің оң нәтижелері болған кезде) пайдаланылатын болса;
2) оларды өсiрiп-өндiру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету үшiн халықаралық шартта көзделсе, себуге рұқсат етiледi.
4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлмеген және (немесе) одан шығарылған ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқым топтары ерекше жағдайда одан кейiнгi үш жыл iшiнде тұқымдық мақсатқа сату құқығынсыз пайдаланылуы мүмкiн.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген жеке және заңды тұлғалар (агентті қоспағанда) тұқымдарды сату құқығынсыз өз қажеттері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
Агент өзіне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде уәкілетті органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
14-бап. Тұқым өндiрушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн квоталардан кем болмайтын көлемде тұқым өндiрудi қамтамасыз етуге тиiстi аттестатталған тұқым өндiрушiлердi қоспағанда, тұқым өндiрушiлер тұқым өндiру көлемiн өз бетiмен белгiлеуге құқылы.
2. Тұқым өндiрушiлер:
1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымды сақтау және сату ережелерiн сақтауға, олардың саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген сорттардың тұқымдарын, сондай-ақ перспективалы деп танылған сорттардың тұқымдарын егу үшiн пайдалануға;
3) элиталық тұқымдарды алдағы уақытта сату, соның iшiнде мемлекеттен тыс жерлерге сату мақсатымен оларды өндiру кезiнде бiрегей тұқым сорттарын және будандардың шыққан тегiнiң нысандарын сатып алуға;
4) тұқымдарды сату кезiнде олардың сорттық және егу сапасын, сондай-ақ сорттың сипаттамасын (суреттемесiн) растайтын құжаттарды табыс етуге;
5) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен сорттық егiстерге байқау өткізуге;
6) сатуға, егу үшiн пайдалану мен сақтық және ауыспалы қорлар жасауға арналған тұқымдардың егу сапасына сараптама жүргiзуге;
7) егiстi (отырғызылған екпелердi), аумақтарды, тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдердi, қоймаларды карантиндiк объектiлердi анықтау үшiн үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
8) өз қаражаты есебiнен тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген көлемде ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сақтық және ауыспалы қорларын құруға;
9) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiп пен мерзiмде сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзуге;
11) сатылуға тиiстi тұқымның тұқым құжатында көрсетiлген сорттық және егу сапасына сәйкестiгiне кепiлдiк беруге;
12) сатылған және өз қажетiне пайдаланылған тұқымдардың мөлшерiне, шыққан тегiне, олардың сорттық және егу сапасына есеп жүргiзуге мiндеттi.
15-бап. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-бап. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау
1. Тұқым топтарын сату мен тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде олар ыдысқа салынған (буып-түйiлген) немесе ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйде болуы мүмкiн.
3. Тұқым топтарын ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде олардың ыдыстары мен бумаларында белгiленген нысанда этикетка болуға тиiс.
4. Бiрегей және элиталық тұқымдарды ыдысқа салынған (буып-түйiлген) күйде ғана сату мен тасымалдауға рұқсат етiледi.
5. Тұқымдарды ыдысқа салынбаған (үйiлген) күйiнде сатқан және тасымалдаған кезде осы тұқым топтарына тұқымдардың әрбiр тобы сортының атауы, тұқымдардың өсiрiлген жерi мен сапасы туралы деректер көрсетiлген iлеспе құжаттарды ресiмдеу талап етiледi.
6. Химиялық және биологиялық препараттармен өңделген тұқым топтары ыдысқа салынған (буып-түйiлген) жағдайда болуға тиiс. Осы тұқымдардың ыдыстары мен бумаларында мұндай тұқымдардың ұсталу тәртібін анықтайтын және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету мүмкiндiгi туралы мәлiметтер қамтылған тиiстi жазбалар болуы керек.
7. Тұқым топтарын сатқан және тасымалдаған кезде ыдыстар мен бумаларда, этикеткаларда және iлеспе құжаттарда сорттың атауы, тұқымдардың өсiрiлген жері мен сапасы туралы шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтер көрсетуге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тұқым топтары туралы көрiнеу жалған жарнама таратуға тыйым салынады.
17-бап. Мемлекеттік тұқым ресурстары, сақтық және өтпелi қорлар
1. Мемлекеттік тұқым ресурстары ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне дүлей зiлзалалар немесе өзге де төтенше жағдайлар кезiнде көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының мемлекеттік қорлары болып табылады.
2. Мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.
3. Сақтық тұқым қорлары ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.
4. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.
18-бап. Тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану
1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Патент иесiнiң ерекше құқық объектiсi болып табылатын тұқымдарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.
19-бап. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне сорттары енгiзiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге pұқсат етiледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне сорттары енгiзiлмеген және (немесе) патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік сынақтар өткізуге арналған, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге жол берiледi.
4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажетi толық қамтамасыз етiлген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ жүргiзуге, элиталық тұқым өндiруге арналған тұқым топтарын әкетуге тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімiмен жол берiледi.