Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың
ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 Қаулысы
(2011.17.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 40-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 5 сәуірдегi
№ 248 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «топтық» деген сөзден кейін «және оқшау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су
беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
су беруші - ауыз су беру жөнінде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелеріне қызмет көрсететін және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
су пайдаланушы - өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен берілетін ауыз суды тұтынатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөніндегі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелеріне қызмет көрсететін су берушілерге шығындарын ішінара өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Субсидиялар су берушілерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.29.01. № 40 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.17.02. № 146 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, тиісті қаржы жылдарына Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердің пайыздық ара қатынасында:
үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Ауылшармині бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімдерімен келісілген субсидиялар ескеріле отырып, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілген қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөніндегі қызметтерге табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;
2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мыналармен:
аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы үшін) жасалған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен;
ауыз су беру жөнінде ақысы төленген қызметтер бойынша нөмірі мен күні белгіленген төлем құжаттарын су пайдаланушылармен салыстыру актілерімен қоса, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін береді;
3) Ауылшармині субсидиялар мөлшерін бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге тариф бекітуге өтінім жасайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы:
су пайдаланушылардың тізбесін алған күннен бастап он күн мерзімде оны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде бекітеді;
су пайдаланушылар бөлінісінде ұсынылған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін, осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді және алған күнінен бастап он күн мерзімде бекітеді;
ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және төлемге шоттарды алған күнінен бастап он күн мерзімде оларды субсидияларды төлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынады;
есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін субсидиялардың тиесілі сомаларын су берушілердің есеп шоттарына аударады;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, Ауылшармині бекіткен нысан бойынша Ауылшарминіне төленген субсидиялар көлемі мен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептер туралы есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 9-тармақ жана редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Ауылшармині нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен мазмұн 10-тармақпен толықтырылды
10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен мазмұн 11-тармақпен толықтырылды
11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауылшармині заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көзі болып табылатын сумен
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау
жүйелерінен ауыз су беру жөніндегi
қызметтердің құнын субсидиялау
ережесіне 1 қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) ауыл
шаруашылығы
басқармасы
__________________________
«____»_____________2006 ж.
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегi
нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімi
__________________________ ____________________2006 ж.
(су берушінің атауы) (ай)
Р/с № | Су пайда- ланушы- лардың атауы | Су беру лимиті мың текше метр | Берілген су, мың текше метр | Бекітілген тариф 1000 текше метр үшін теңге |
Жыл басынан бері | Оның ішінде есепті айда |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген қызметтердің құны, теңге | Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге | Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге | Төленуге тиіс, теңге |
Жыл басынан бері | Оның ішінде есепті айда | Жыл басынан бері | Оның ішінде есепті айда |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Су беруші_____________________________________
______________________________________________
Ескерту: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледi