Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 426 Қаулысы
(2015.23.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын:
«155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;
156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;
158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;
159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді;
160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын:
«235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.»;
3) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
№ 426 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1265 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі
| Р/с № | Облыстар бойынша нысандардың атауы |
| 1 | 2 |
| | 1. Топтық жүйелер |
| Ақмола облысы |
| 1. | Көкшетау өнеркәсіп су құбыры |
| 2. | Нұра топтық су құбыры |
| Алматы облысы |
| 3. | Бозой топтық су құбыры |
| Атырау облысы |
| 4. | Атырау-Мақат топтық су құбыры |
| 5. | Индер-Миялы топтық су құбыры |
| 6. | Қоянды топтық су құбыры |
| 7. | Құлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Ақкиізтоғай топтық су құбыры |
| 8. | Миялы-Жангелдин-Жасқайрат топтық су құбыры |
| Шығыс Қазақстан облысы |
| 9. | Белағаш топтық су құбыры |
| Батыс Қазақстан облысы |
| 10. | Каменский топтық су құбыры |
| 11. | Орда топтық су құбыры |
| 12. | «Сырым» топтық су құбыры |
| 13. | Шыңғырлау топтық су құбыры |
| Қарағанды облысы |
| 14. | Қаныш Сәтпаев атындағы канал |
| Қызылорда облысы |
| 15. | Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры |
| 16. | Жиделі топтық су құбыры |
| 17. | Октябр топтық су құбыры |
| Қостанай облысы |
| 18. | Владыкин топтық су құбыры |
| 19. | Есіл топтық су құбыры |
| 20. | Железнодорожный топтық су құбыры |
| 21. | Лихачев топтық су құбыры |
| 22. | Смирнов топтық су құбыры |
| 23. | Ұзынкөл топтық су құбыры |
| Маңғыстау облысы |
| 24. | Ақжігіт-Майлы топтық су құбыры |
| 25. | Бесқұдық-Бекін топтық су құбыры, |
| 26. | «Жетеш-Тұшықұдық-Шебір» топтық су құбыры |
| 27. | «Қазба-Ақшымырау-Қызан»топтық су құбыры |
| Солтүстік Қазақстан облысы |
| 28. | Булаев топтық су құбыры |
| 29. | Есіл топтық су құбыры |
| 30. | Преснов топтық су құбыры |
| 31. | Сергеев топтық су құбыры |
| 32. | Соколов топтық су құбыры |
| Оңтүстік Қазақстан облысы |
| 33. | Арыс топтық су құбыры |
| 34. | Сарыағаш топтық су құбыры |
| 35. | Шәуілдер топтық су құбыры |
| 2. Оқшау жүйелер |
| Қостанай облысы |
| 36. | «Аман-Су» оқшау су құбыры |
| 37. | «Дидар» оқшау су құбыры |
| 38. | «Жангелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» оқшау су құбыры» |
| 39. | «Железорудная жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры |
| 40. | «Жылу» оқшау су құбыры |
| 41. | «Затобол жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры |
| 42. | «Қамысты» оқшау су құбыры |
| 43. | «Құсмұрын жылу-энергетикалық компаниясы» оқшау су құбыры |
| 44. | «Мерей» оқшау су құбыры |
| 45. | «Таза су» оқшау су құбыры |
| 46. | «Тарановец» оқшау су құбыры |
| 47. | «Тобыл» оқшау су құбыры |
| Солтүстік Қазақстан облысы |
| 48. | «Есдәулет жер асты суларының кен орындары» оқшау су құбыры |