Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру
түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысы
(2010.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1247 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы
материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-2-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы алдындағы аса жоғары жетiстiктерi мен айрықша қызметi үшiн еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрi материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде төленедi:
1) Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және «КCPO-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» атағы барларға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш;
2) «Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» және (немесе) «КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген спортшыларды даярлағандарға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш.
3. 2-тармақта көрсетiлген бiрнеше негiздер бойынша бiр мезгiлде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар тұлғаларға материалдық қамсыздандыру алған атақтары мен наградаларының санына қарамастан, бiреуiне ғана белгiленедi.
4. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.
2. Материалдық қамсыздандыру төлеудi жүргiзу тәртібі
5. Материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар тұлғалар (бұдан әрi - өтiнiш берушi) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, қосымшаға сәйкес уәкiлеттi органға материалдық қамсыздандыруды төлеуге өтiнiш бередi:
1) спортшыларға:
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
еңбек стажын растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi;
Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыс хаттамасының көшiрмесi;
спортшының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi;
2) жаттықтырушыларға:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаттықтырушылық жұмысының стажын растайтын еңбек кiтапшасының нотариалды расталған көшiрмесi;
шын мәнiнде Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан анықтама;
өзi жаттықтырған спортшының Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегерi және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы екендiгiн растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесi;
жаттықтырушының атағын растайтын куәлiктiң немесе уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесi.
6. Уәкiлеттi органның ұсынылған құжаттарды қарау және шешiмдер қабылдау мерзiмi 30 күннен аспауға тиiс.
7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган қорытынды жасайды, соның негiзiнде материалдық қамсыздандыруды төлеу (төлеуден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
8. Қабылданған төлеу (төлеуден бас тарту) туралы шешiм туралы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
9. Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының шегiнде екiншi деңгейдегi банктегi өтiнiш берушiнiң есеп шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен, банктiк өкiлдiк немесе филиал болмаған жағдайда материалдық қамсыздандыру төлеу ақшаны почтаға аудару жолымен жүргiзiледi.
3. Материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту
10. Өтiнiш берушiге мынадай жағдайларда материалдық қамсыздандыруды тағайындаудан бас тартылуы мүмкiн:
1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаса;
2) өтiнiш берушi осы Ереженiң 2-тармағындағы шарттарға сәйкес келмесе.
4. Қорытынды ережелер
11. Уәкiлеттi органның материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға
ай сайынғы материалдық қамсыздандыру
түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң
ережесіне қосымша
Кiмге ______________________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт
__________________________________________________________
жөніндегі уәкiлеттi орган
____________________________________________________________________________________
басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)
кiмнен _____________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)
мекен-жайда тұратын ____________
РНН № __________________________
Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру
түріндегі өмiр бойғы төлемдерге
ӨТІНІШ
Сiзден маған ________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(себебi көрсетiледi)
байланысты ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түріндегі өмiр бойы
төлем төлеуiңiздi сұраймын.
Маған қатысты соманы (банктiң аты, банктiң CTH-i, банктiң, МФО-сы,
есеп шотының № немесе ақша почта арқылы аударылған жағдайда оның
мекен-жайы көрсетiледi) аударуыңызды сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:
1.
2.
3.
4.
5.
Өтiнiш берушiнiң қолы______________