Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы
(2014.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1247 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы
материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-2-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы алдындағы аса жоғары жетiстiктерi мен айрықша қызметi үшiн еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрi материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде төленедi:
1) Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және «КCPO-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» атағы барларға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш;
2) «Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» және (немесе) «КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген спортшыларды даярлағандарға - 24,0 айлық есептiк көрсеткiш.
3. 2-тармақта көрсетiлген бiрнеше негiздер бойынша бiр мезгiлде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар тұлғаларға материалдық қамсыздандыру алған атақтары мен наградаларының санына қарамастан, бiреуiне ғана белгiленедi.
4. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.
2. Материалдық қамсыздандыру төлеудi жүргiзу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 118 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі алушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
спортшылар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы екендігін растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі;
4) спортшының атағын растайтын куәліктің немесе уәкілетті орган бұйрығының көшірмесі;
жаттықтырушылар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме;
жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
3) Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшының шын мәнінде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан анықтама;
4) өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада ойындарының чемпионы және (немесе) жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы екендігін растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі;
5) жаттықтырушының атағын растайтын куәліктің немесе уәкілетті орган бұйрығының көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.19.02. № 118 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеу туралы немесе бас тартылғаны туралы шешім қабылдау, құжаттарды қарау мерзімі өтініш қабылданған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспауы тиіс.
7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган қорытынды жасайды, соның негiзiнде материалдық қамсыздандыруды төлеу (төлеуден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Төлем (төлеуден бас тарту) туралы қабылданған шешім туралы уәкілетті орган өтініш берушіге мұндай шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
9. Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының шегiнде екiншi деңгейдегi банктегi өтiнiш берушiнiң есеп шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен, банктiк өкiлдiк немесе филиал болмаған жағдайда материалдық қамсыздандыру төлеу ақшаны почтаға аудару жолымен жүргiзiледi.
3. Материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту
ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Өтініш берушіге мынадай жағдайларда материалдық қамсыздандыруды тағайындаудан бас тартылады:
1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаса;
2) өтініш беруші осы ереженің 2-тармағындағы шарттарға сәйкес келмесе.
4. Қорытынды ережелер
11. Уәкiлеттi органның материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе материалдық қамсыздандыруды төлеуден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 141 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 118 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға
ай сайынғы материалдық қамсыздандыру
түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң
ережесіне қосымша
Нысан
Кімге __________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөніндегі
________________________________________________
уәкілетті орган басшысының лауазымы,
________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
кімнен _________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
________________________________________________
(бар болса))
________________________________________________
______________________ мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН ___________________________
Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай
сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге
ӨТІНІШ
Сізден маған ________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі)
байланысты өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемін төлеуіңізді сұраймын.
Маған тиесілі соманы (банктің аты, банктің МФО-сы, өтініш берушінің есеп шотының нөмірі немесе ақша пошта арқылы аударылған жағдайда, оның мекенжайы көрсетіледі) аударуыңызды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. __________________________________________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы ___________________________________________