«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 Қаулысы
(2009.14.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қосымшаға сәйкес «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, төраға |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Онғарбаев Еркін Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |
Өтепов Эдуард Карлович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Бұхарбаев Құралбай Сейітбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кеңесшісі |
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Әділов Жексенбек Мәкейұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - тәуелсіз директор, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |