«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 Қаулысы
(2014.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 530 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 789 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.29.05. № 530 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.03. № 257 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысымен
бекітілген
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды тұлғалар
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Балықбаев Такир Оспанұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Өтепов Эдуард Карлович | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |