Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 2-тармағында:
бірінші сөйлем «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ егер заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, құқықтарынан бас тартады» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез келген жағдайларын» деген сөздер «оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келмейдi.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
«меншiкке» деген сөз «меншiк құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық басқару» деген сөздер «шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 2-тармағында:
«адамдардың» деген сөзден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын:
«ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 1-тармағындағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «олардың заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-1-бапта:
1-тармақтағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының» деген сөздер «оның заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ата-анасының екеуiнiң де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының» деген сөздер «оның заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы» деген сөздер «Заңды өкілдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 23-бапта:
тақырып «кәмелетке толмағандардың» деген сөздерден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«кәмелетке толмағандар» деген сөздерден кейін «(жас балалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
«ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары» деген сөздер «заңды өкілдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «кәмелетке толмағандар» деген сөздерден кейін «(жас балалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 25-баптың 2-тармағы «кәмелетке толмағандардың» деген сөздерден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 37-баптың 2-тармағындағы «заңдар» деген сөз «заңнамалық актiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға белгiлi бір атаумен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiледi.
Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңнамада айқындалады.»;
12) 42-баптың 2-тармағындағы «коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы» деген сөздер «заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшiн - фирмалық атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 49-баптың 2-тармағында:
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл iшiнде оларсыз жұмыс iстей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметiн заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
қызметiн тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актiлерде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкiн.»;
14) 54-баптың бірiншi бөлiгiндегі «Төлем қабiлетi жоқ» деген сөздер «Дәрменсiз» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 59-баптың 4-тармағында:
бірiншi бөлiктің орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
екінші бөліктегі «арызы бойынша» деген сөздер «арызы негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 117 және 118-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік
1. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады.
Егер кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншiкте болса, олар дербес жылжымайтын мүлiк объектiлерi (түрлерi) болып танылады.
2. Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Осы Кодекстің және өзге де заңнамалық актiлердiң жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтiн нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тiкелей көзделген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген заттарға қолданылады.
3. Ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда, жылжымайтын затқа жатпайтын мүлiк жылжымалы мүлiк деп танылады. Заңнамалық актілерде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы заттарға құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
118-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу
1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркелуге жатады.
Мемлекеттік тiркеудiң жылжымайтын мүлiкке байланысты өзге де объектiлерi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2. Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) мемлекеттік тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тiркеуден бас тартылмаса, өтiнiш берген кез мемлекеттік тiркеу кезі болып танылады.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган тiркеуге ұсынылған құқық белгiлейтiн құжатта жазба жасау арқылы жүргiзiлген тiркеудi құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша куәландыруға мiндеттi. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлiк бередi.
4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу жариялы болып табылады. Тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шектеулердi ескере отырып беруге мiндеттi.
5. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тарту не тiркеуден негiзсiз жалтару жағдайларында сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
6. Мемлекеттік тiркеу тәртібі осы Кодекске және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
7. Азаматтық әуе кемелерiн, теңiз кемелерiн, iшкi суда жүзу кемелерiн, «өзен - теңiз» жүзу кемелерiн жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген объектiлер ретiнде мемлекеттік тiркеу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі, сауда мақсатында теңiзде жүзу, iшкi су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.»;
17) 119-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
2-тармақтағы «заң құжаттарында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Кәсiпорынның құрамына мүлiктiк кешен ретiнде кiретiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.»;
18) 141-баптың 1-тармағындағы «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 143-бапта:
1-тармақтағы «немесе заңды тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бірге олардың таратылуынан өзiне келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, осы баптың азаматтың iскерлiк беделiн қорғау туралы қағидалары тиiсiнше заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға да қолданылады. Заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға осы Кодексте белгiленген тәртiппен залалдың орнын толтыру туралы қағидалар қолданылады.»;
20) 155-бапта:
1-тармақта:
«сәйкес» деген сөзден кейiн «мiндеттi» деген сөзбен толықтырылсын;
«тiркелгеннен кейiн» деген сөздер «тiркелген кезден бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірiншi сөйлемдегі «мәмiле бойынша құқықтарды» деген сөздер «мәмiленi» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегі «құқықтар» деген сөз «мәмiле» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 156-баптың 5-тармағы «қаралады,» деген сөзден кейін «заңда көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 157-баптың 1, 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, мүдделi тұлғалардың, тиiстi мемлекеттік органның не прокурордың талап-арызы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Көрсетiлген мәмiленi жасау нәтижесiнде құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған немесе бұзылуы мүмкiн тұлға мүдделi тұлға болып табылады.»;
«3. Мәмiле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда (оның iшiнде, алынғандар мүлiктi пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет түрінде болса) - қайтарылуға тиiс мүлiктiң құнын, мүлiктi пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлген қызметтердiң құнын, егер мәмiле жарамсыздығының өзге салдары осы Кодексте көзделмеген болса, ақшалай қайтаруға мiндеттi.»;
«8. Егер осы Кодексте, заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған оның жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз болған мәмiлелер кiрмейдi.»;
23) 159-бапта:
3-тармақ «толмаған адам» деген сөздерден кейін «(жас бала)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің келісімiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот заңды өкілдерінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Осы баптың қағидалары осы Кодекске сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылатын (осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы) кәмелетке толмағандардың мәмiлелерiне қолданылмайды.»;
11-тармақтағы «күнiлгерi» деген сөз алып тасталсын;
12-тармақтағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 163-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бірге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды.
Бұл қағида коммерциялық өкілдікке қолданылмайды.»;
25) 164-баптағы «- ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары» деген сөздер алып тасталсын;
26) 169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сенім бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөніндегі сенімхатты, осы Кодекстiң 167-бабының 4 және 6-тармақтарында көзделгеннен басқа жағдайларда, нотариат куәландыруға тиiс.
Сенім бiлдiрiлген адам өз өкiлеттiгiн басқа адамға толық көлемде сенiп беретiн сенімхатқа бастапқы сенімхат қоса берiлуге тиiс. Сенім бiлдiрiлген адам бастапқы сенімхатта көрсетілген жекелеген өкiлеттіктерді басқа адамға не бірнеше адамға сенiп беретiн сенімхатқа бастапқы сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса берiлуге тиiс.»;
27) 193-1-баптың 2-тармағы «байланыс желiлерi;» деген сөздерден кейiн «телерадио хабарларын тарату объектiлерi (телевизия және радио хабарларын таратудың жерүстi және жерсерiктiк жүйелерінің өндiрiстiк-технологиялық кешенi); мұнайды қайта өңдеу өндiрiстерi; қуаты кемiнде 50 мегаватт энергия өндiрушi объектiлер;» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 195-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бөтеннiң жылжымайтын мүлкiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы (сервитут);»;
29) 238-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер шарт бойынша мүлікті иеленушінің меншiк құқығы мемлекеттік тiркелуге жататын болса, онда мүлікті иеленушінің меншiк құқығы, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, осындай тiркеу жасалған кезден бастап туындайды.»;
30) 240-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Иелену мерзiмiнiң өтуi затты иеленген кезден басталады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
31) 255-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«255-бап. Жер учаскесiн және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығының тоқтатылуы»;
32) 292-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгi «кепiлпұл» деген сөзден кейiн «, кепiлдiк жарна» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 303-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банктiк салым кепiлге қойылған кезде салымшының банктiк салым шарты бойынша құқықтары кепiлге ұсынылады. Кепiл берушi-салымшы кепiл ұстаушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, банктік салым кепілі туралы банкке жазбаша хабарлауға міндетті.»
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы ақша үшiн алынатын сыйақы (мүдде) кепiл берушіге тиесiлi болады.»;
34) 308-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«308-бап. Кепiлдi тiркеу
1. Егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тiркелуге жататын мүлiкті кепiлге салу осы мүлiктiң тiркелуін жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс.
Жылжымайтын мүлiк кепiлi жылжымайтын мүлiкке құқықтардың тiркелуін жүзеге асыратын органда мемлекеттік тiркелуге жатады.
2. Кепіл нысанасының өзгеруі тіркелуге жатады.
Кепiлдегi басқа өзгерістер қатысушылардың қалауы бойынша тiркелуi мүмкiн.
3. Кепiлдi тоқтату туралы жазба тiзiлiмге:
1) негiзгi мiндеттеменiң орындалуына байланысты кепiл ұстаушының өтiнiшi негiзiнде кепiлдi тоқтатуды тiркеу кезiнде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен кепiл нысанасынан ақы өндiрiп алу кезiнде;
3) кепiл шартының бұзылуына байланысты кепiлдi тоқтатуды тiркеу кезiнде;
4) осы Кодексiнiң 322-бабында көзделген өзге де негiздер бойынша кепiлдi тоқтату кезiнде енгiзiледi.
4. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi тiзiлiмдегi кепiл туралы жазбаның жойылуын талап етуге құқылы. Кепiл ұстаушы кепiл берушiнiң талабы бойынша тiркеудi жүргiзетiн органға қажеттi құжаттар мен жазбаша өтініштерді табыс етуге мiндеттi. Кепiл ұстаушы бұл мiндеттемелердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.»;
35) 319-бапта:
1-тармақтағы «Осы Кодекстiң 20-бабына сәйкес кепiлге салынған ақы өндiрiліп алынған» деген сөздер «Кепiлге салынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі «болып табылатын» деген сөздерден кейін «немесе ақшалай міндеттеме бойынша кепілге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесілі» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 320-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«екi айдан» деген сөздер «отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе тапсырыс хатпен кепiл шартында көрсетiлген мекенжай бойынша кепiл берушiге жiбередi» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 18-тарау мынадай мазмұндағы 7-параграфпен толықтырылсын:
«Параграф 7. Кепiлдiк жарна
338-3-бап. Кепiлдiк жарна ұғымы
1. Сауда-саттық немесе өзге де мiндеттеменi орындау кезiнде шарт жасасу жөніндегі мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету үшiн кепілдік жарнаны төлеушiнің кепiлдiк жарнаны алушыға беретiн ақша сомасы кепiлдiк жарна болып танылады.
2. Кепiлдiк жарнаны төлеу жөніндегі мiндеттеме заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда туындайды. Кепiлдiк жарнаны төлеу жөніндегі мiндеттеме тараптардың келісімiне байланысты да туындайды.
338-4-бап. Кепiлдiк жарнамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамау, тоқтату немесе орындау салдары
1. Кепiлдiк жарнамен қамтамасыз етiлген мiндеттеме төлеушiнiң кiнәсiнен орындалмаған кезде кепiлдiк жарна екiншi тарапта қалады.
2. Кепiлдiк жарнамен қамтамасыз етiлген мiндеттеме кепiлдiк жарнаны алушының кiнәсiнен орындалмаған не тараптардың келісімi бойынша немесе олардың кiнәсiнсiз орындаудың мүмкiн болмауы салдарынан осы мiндеттеме тоқтатылған кезде кепiлдiк жарна қайтарылуға жатады.
3. Егер осы Кодексте, өзге де заңнамалық актiлерде, тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт жасасу немесе кепiлдiк жарнамен қамтамасыз етiлген өзге мiндеттеменi орындау кезiнде кепiлдiк жарна сомасы жасалған шарт немесе өзге де кепiлдiк жарнамен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша кепiлдiк жарна алушыға тиесiлi екiншi тараптан түсетiн төлемдердiң есебiне жатқызылады.»;
38) 377-баптың 2-тармағында:
бірінші сөйлемдегі «осы органда борышқор болған» деген сөздер «осы органдар орындамаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын;
«шешімде» деген сөзден кейін «мiндеттеменi орындау жүктелетiн өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса,» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 391-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Үшiншi тұлға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін бiлдiрген кезден бастап және үшiншi тұлға өз құқығынан бас тартқан кезге дейiн кредитор шарт талаптарына сәйкес борышкерден үшiншi тұлғаның пайдасына мiндеттемелердi орындауды ғана талап етуге құқылы.»;
40) мазмұнда:
23-баптың тақырыбы «кәмелетке толмағандардың» деген сөздерден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
118 және 225-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеу»;
«255-бап. Жер учаскесін және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығының тоқтатылуы»;
мынадай мазмұндағы үш жүз тоқсан алтыншы, үш жүз тоқсан жетінші және үш жүз тоқсан сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Параграф 7. Кепілдік жарна
338-3-бап. Кепілдік жарна ұғымы
338-4-бап. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау салдары».
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
1) 494-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«494-бап. Кәсiпорынды сату шартының нысаны»;
2-тармақ алып тасталсын;
2) 498-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«498-бап. Кәсiпорынға құқықтардың ауысуы
1. Мемлекеттік тiркелуге жататын кәсiпорынның құрамына кiретiн мүлiкке құқық тiркелген кезден бастап сатып алушыға ауысады. Қалған мүлiкке құқықтар екi тарап табыстау актiсiне қол қойған кезден бастап ауысады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 507-баптың 2-тармағындағы «(508-баптың 3-тармағы)» деген сөздер алып тасталсын;
4) 508-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
5) 518-баптағы «, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттік тiркелуден өтуге тиiс» деген сөздер алып тасталсын;
6) 544-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ «мерзiмге» деген сөзден кейін «оны қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 575 және 582-баптарда:
тақырыптардағы «және оны мемлекеттік тiркеу» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтар алып тасталсын;
8) 585-баптың 2-тармағындағы «жалдау шартын жаңарту бойынша және жалдау шартын белгісіз мерзімге жаңарту бойынша басым құқығы туралы ережелері» деген сөздер «жалдау шартын жаңа мерзiмге жасасуға артықшылықты құқығы туралы және жалдау шартын белгісіз мерзімге қайта жаңарту туралы қағидалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 594-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 594-1, 594-2, 594-3, 594-4, 594-5, 594-6 және 594-7-баптармен толықтырылсын:
«594-1-бап. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты
1. Көлiк құралын экипажсыз жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызметтердi көрсетпестен, оны уақытша иеленуге және пайдалануға ақы төлетiп бередi.
2. Жалдау шартын белгiсiз мерзiмге қайта жаңарту және жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзiмге жасасуға (Азаматтық кодекстiң 557 және 558-баптары) артықшылықты құқығы туралы қағида көлiк құралын экипажсыз жалдау шартына қолданылмайды.