Тiркеудi тоқтата тұру туралы мәлiметтер тiркеуге түсетiн құжаттарды есепке алу кiтабына енгiзiледi.»;
9) 39-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
10) 48-бапта:
5-тармақта:
2) тармақшадағы «қолданылу» деген сөз «негiзгi мiндеттеменiң қолданылу (орындалу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «міндеттеменің немесе сол бойынша сыйақы» деген сөздер «міндеттеме» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың 1) тармақшасындағы «не кепiл берушiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
11) 53-баптың 1-тармағы «шағымдану» деген сөзден кейін «немесе наразалық білдіру» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 54-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік «өтiнiшпен» деген сөзден кейін «тіркеуші органға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүлік иесіз ретінде есептен шығарылған жағдайда, тіркеуші орган бұл туралы жергілікті атқарушы органды хабардар етуге тиіс.».
22. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
49-баптың 4-тармағындағы, 5-тармағының екiншi бөлiгiндегі «және олармен жасалған мәмiлелерге» деген сөздер, 56-баптың 7-тармағындағы «және онымен жасалған мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 17-18, 101-құжат):
1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 25-і.
№ 421-ІV ҚРЗ