1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тiркеу
1099-бап. Шет мемлекет органдары азаматтық хал актілерін куәландыруға берген құжаттарды тану
1100-бап. Заңды тұлғаның заңы
1101-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
1102-бап. Мемлекеттiң шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысу еке мүлiктiк емес құқықтар
1103-бап. Жеке мүлiктiк емес құқықтарды қорғау
Параграф 3. Мәмiлелер, өкiлдiк, талап мерзiмi
1104-бап. Мәмiленiң нысаны
1105-бап. Сенімхат
1106-бап. Талап мерзiмi
Параграф 4. Заттық құқықтар
1107-бап. Заттық құқықтарға қолданылатын құқық туралы жалпы ережелер
1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы
1109-бап. Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқықтар
1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар
1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау
Параграф 5. Шарттық мiндеттемелер
1112-бап. Шарт тараптарының келісімiмен құқық таңдау
1113-бап. Тараптардың келісімi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық
1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық
1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы
Параграф 6. Шарттан тыс мiндеттемелер
1116-бап. Бір жақты мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелер
1117-бап. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер
1118-бап. Тұтынушыға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
1119-бап. Негiзсiз баю
Параграф 7. Интеллектуалдық меншiк
1120-бап. Интеллектуалдық меншiкке құқықтар
Параграф 8. Мұрагерлiк құқық
1121-бап. Мұрагерлiк бойынша қатынастар
1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны
1123-бап. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыру
Параграф 9. Қорғаншылық және қамқоршылық
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық».
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; №17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар, № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 63-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе қорғаншылары» деген сөздер «, қорғаншылары, патронат тәрбиелеушілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 188-баптың үшінші бөлігіндегі «120» деген цифрлар «119» деген цифрлармен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; 2011 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
354-3-бапта:
тақырыптағы және мәтіндегі «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта:
«айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
«айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі» деген сөздер «жиырма айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 79-баптың 11-тармағындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын;
2) 80-баптағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер, 155-баптың 3-тармағындағы «және олармен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
6. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар):
1) 31-бапта:
тақырыптағы «және олармен мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «және олармен жасалатын мәмiлелерге» деген сөздер алып тасталсын;
2) 98-баптың 1-тармағындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
3) мазмұнында:
31-баптың тақырыбындағы «және олармен мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
51-баптың 1-тармағының 20) тармақшасындағы «және олармен жасалатын мәмiлелерге», 52-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «және 4)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 180-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi», 406-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «және олармен жасалатын мәмiлелердi», 3, 8 және 9-тармақтарындағы «және олармен жасалатын мәмiлелерге», 409-баптың 9-тармағындағы, 455-баптың 1) тармақшасындағы, 456-баптағы және оған ескертудегі, 457-баптың 2) тармақшасындағы, 582-баптың 3) тармақшасындағы «және онымен жасалатын мәмiлелерге» деген сөздер алып тасталсын.
9. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
4-баптың 8-тармағында:
екінші бөлік «тәртібі мен мерзiмдерi;» деген сөздерден кейін «серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «серiктестiк қатысушыларының» деген сөздерден кейін «(қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):
52-5-баптың 2-тармағындағы «және олармен жасалған мәмiлелерге» деген сөздер алып тасталсын.
11. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін негіз болып табылады. Ипотека құқығы ол тіркелген кезден бастап туындайды.»;
2) 10-баптағы «шартты тiркеу» деген сөздер «ипотеканы тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 25-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «ипотека шарты тiркелген», «ипотекалық шарт тіркелген» деген сөздер «ипотека тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат, № 10, 69-құжат, № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) 32-бапта:
1-тармақтағы «және онымен жасалатын мәмiлеге құқықты» деген сөздер «құқықтарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «немесе кондоминиум басқармасы органының» деген сөздер алып тасталсын;
2) 36-баптың 1-тармағы «меншiк иесi» деген сөздерден кейін «(өзге де құқық иеленушілері) немесе олардың өкілдері» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат):
1) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;»;
2) 23-баптың 6-тармағының бірiншi бөлiгiндегі екiншi сөйлем алып тасталсын;
3) 32-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында және» деген сөздер алып тасталсын;
4) 35-баптағы «Жауапкершiлiгi» деген сөз «Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершiлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат, № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж. № 1, 2-құжат):
68-баптың 13-тармағының екiншi бөлiгiндегі «және онымен жасалатын мәмiлелерге» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
16-баптың 3-1-тармағындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердiң» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Әдiлет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар):
3-баптың 3) тармақшасындағы, 18-баптың 5) тармақшасындағы «және олармен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
17. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «құралын» деген сөз «құралының атауын» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы, 23-баптың 3-тармағындағы және 24-баптың 5-тармағындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердi» деген сөздер алып тасталсын.
19. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
25-баптың 3-1-тармағындағы «және онымен жасалатын мәмiлелердiң» деген сөздер алып тасталсын.
20. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 79-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын.
21. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат, 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
1) тақырыптағы, кiрiспедегі және бүкiл мәтiн бойынша «және онымен жасалатын мәмiлелердi», «және онымен жасалатын мәмілелердің», «және онымен мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-баптың 21) тармақшасындағы «мәмiлелер,» деген сөз алып тасталсын;
3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу жөніндегі қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның күші әуе және теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзу кемелерiне, «өзен-теңiз» жүзу кемелерiне, ғарыш объектiлерiне қолданылмайды.»;
4) 4-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
5) 7-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
6) 17-баптың 3-тармағы «(уәкiлеттi өкiлдiң),» деген сөздерден кейін «адвокаттардың,» деген сөзбен толықтырылсын.
7) 24-бапта:
7-тармақтағы «нотариат куәландырған» деген сөздер «куәландырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тiркеу сенімхат негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайларда, тiркеушi органға сенімхаттың екi данасы табыс етіледі, оның біреуi түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшiрме болып табылады. Тiркеуден кейiн сенімхаттың түпнұсқасы өтiнiш берушiге (уәкiлеттi өкiлге) қайтарылады.»;
8) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы Заңда немесе тiркеудi тоқтата тұру туралы сот актiсiнде өзгеше белгiленбесе, тiркеудi тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бірақ бір айдан аспайтын мерзiмге тiркеу тоқтатыла тұрады. Егер тiркеудi тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар бір ай iшiнде жойылмаса, мемлекеттік тiркеуден бас тартылуға тиiс.