10) біліктілік комиссиясының құрамына кіргізу үшін өкілдер жіберу болып табылады.
13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы
1. Республикалық бағалаушылар палатасы өзінің құрамында Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палаталарының жалпы санының жартысынан астамын біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Республикалық бағалаушылар палатасы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның атауында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Республикалық бағалаушылар палатасы» деген сөздер болмауға тиіс.
2. Республикалық бағалаушылар палатасының қызметі осы Заңмен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында бір Республикалық бағалаушылар палатасы құрылады.
4. Республикалық бағалаушылар палатасының функциялары:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарында бағалаушылар палаталарының мүдделерін білдіру;
3) бағалаушылар палаталарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
4) бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу;
5) бағалаушыларды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
6) тағылымдамадан өту тәртібі туралы ұсынымдар әзірлеу;
7) бағалаушылар палатасына бағалаушылар палаталарының, бағалау қызметі саласында көрсетілетін қызметті тұтынушылардың өтініштерін, өтінішхаттарын, шағымдарын қарау;
8) Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мүдделі тұлғаларға беру болып табылады.
4-тарау. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары
Тапсырыс берушiнiң:
1) бағалаушыдан бағалау жүргiзуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;
2) бағалаушының бағалау туралы есебi мен тұжырымдары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
3) бағалаушыдан бағалау жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға;
4) бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Тапсырыс берушінiң мiндеттерi
Тапсырыс берушi:
1) бағалаушыға шартқа сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн жағдай жасауға;
2) бағалаушыға бағалауды жүргізу үшін қажет құжаттаманы, толық және дұрыс ақпарат табыс етуге, сондай-ақ қажетті түсініктемелер беруге, бағалаушының бағалау объектісіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
3) егер бағалаудың дұрыстығына терiс ықпал ететiн болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;
4) бағалаушының талабы бойынша бағалауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпарат алуға өз атынан үшiншi бiр тұлғалардың атына жазбаша сауал жiберуге мiндеттi.
16-бап. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Дауларды қарау
Бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалаушы мен тапсырыс берушінің арасында туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.
5-тарау. Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу
14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгерді
18-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруды бақылау
Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруды бақылауды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 27 мамырдағы № 572 қаулысын қараңыз
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының қолданылу практикасын жинақтап қорыту;
3) бағалау стандарттарын әзірлеу және бекіту;
4) бағалау қызметін лицензиялау;
5) бағалау қызметімен айналысуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын өткізу;
6) бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту;
7) бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау арқылы мүлікті бағалау бойынша қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
8) бағалау қызметінің субъектілеріне бағалау қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;
9) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жатады.
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау
1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер жеке тұлғалар олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында біліктілік емтиханынан өткізіледі.
Біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрамына мүшелердің тақ саны кіретін кемінде бес адамнан тұратын біліктілік комиссиясы құрылады. Біліктілік комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкілдері міндетті түрде кіреді, олардың саны комиссия құрамының жалпы санының кемінде екіден бірін құрауға тиіс.
Емтиханға «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі бар адамдар жіберіледі.
Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынан өткендігі туралы уәкілетті органның шешімін алады.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
21-бап. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының